Сабақтың мақсаты: Әдістемелік нұсқау



бет3/7
Дата06.02.2022
өлшемі24,57 Kb.
#62152
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Атау септік. Атау септігі сырт тұлғасы жағынан да зат есімнің түбірі тұлғасымен ұқсас, арнайы грамматикалық көрсеткіші жоқ болып келсе де, басқа септік түрлерімен бірдей арнайы грамматикалық мағынасы бар, басқа септік тұлғаларындай сөз байланыстырғыш қызметі бар, олармен тепе-тең, бірақ нольдік формалы септік жүйесінің бір түрі болып табылады. Атау септігі белгілі бір заттарды атап көрсетеді, сондықтан атау септігіне қойылатын сұрақтар кім? не? деген жалғаусыз формада жұмсалады.\
Ілік септік. Ілік септігіндегі сөз үнемі тәуелдік жалғаулы сөзбен байланысты болады. Ілік септіктің білдіретін басты мағынасы – грамматикалық меншіктілік, иелікті, меншіктілік-қатыстықты көрсету. Ілік септігі кімнің? ненің? қай? деген сұрақтарға жауап болады. Ілік септігінің қосымшалары ашық та, жасырын да қолданылатыны өзара салыстырыла әңгімеленуі керек. Мысалы: мектептің маңы – мектеп маңы, есіктің тұтқасы – есік тұтқасы. Ілік септігі жалғауларының ашық түрде қолданылатыны мынадай жүйеде түсіндіріледі. Иелік мәнді білдіретін жалқы есімдердің ілік септік жалғауы үнемі ашық айтылады: Асқардың кітабы. Иелік мәнді сөздер есімдіктер болса, олардың ілік септігі үнемі ашық айтылады: Менің қаламым. Заттанған сөздердің ілік септігі ашық айтылады: оқығанның білімі көп. Тәуелдік жалғаулы сөздер ілік септігінде жұмсалғанда ашық қолданылады: Апамның ұршығы. Ілік септік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздердің аралығына сөз түсіріліп айтылған жағдайда ілік септігі ашық айтылады: Кітаптың ішкі беті.
Барыс септік. Барыс септігінің де өзіндік ерекшелігі бар. Барыс септігі сөз бен сөзді байланыстырып, мекенді, бағытты, мақсатты, мезгілдік ұғымдарды білдіреді. Барыс септігінің сұрағы мен қосымшаларын түсіндірген соң, дейін, шейін, тарта, қарай, жуық сияқты шылау сөздер өзінің негізгі сөздердің үнемі барыс септікте тұруын керек ететіні аңғартылады. Мысалы: үйге дейін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет