Сабақтың мақсаты: Әдістемелік нұсқау


Зат есім тудыратын жұрнақтар



бет2/7
Дата06.02.2022
өлшемі24,57 Kb.
#62152
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Зат есім тудыратын жұрнақтар.
Қазақ тілінде зат есім болып саналатын сөздердін көпшілігі қосымша арқылы жасалған туынды сөздер болып табылады. Ондай жұрнақтар үлкен екі топқа бөлініп жүр.
1. Есімдерден (зат есім, сын есім, сан есім т. б.) зат есім сөздерін тудыратын жұрнақтар.
-шы, -ші: етік-ші, ән-ші, балық-шы, аң-шы т. б. Бұл жұрнақ арқылы жасалған сөздер көбіне кәсіп, мамандык, бірдеңеге икемділікті білдіреді.
-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: жақсы-лык;, шебер-лік, шын-дық, дос-тық т. б. Ондай сөздер жалпылық, қалыптық, қатыстық мән білдіреді. -шылық, -шілік құранды (-шы+лық, -ші+лік) жұрнағы: егін-шілік, кем-шілік, тір-шілік, айырма-шылық т. б.
-ша, -ше: бөлім-ше, кітап-ша, маңдай-ша т. б. -шық, -шік: ойын-шық, уй-шік, қап-шық т. б. -ыл, -іл, -л: тарс-ыл, гурс-іл, дір-іл, т. б. Бұл жұрнақ көбінесе еліктеу сөздерге жалғанып, сол кұбылыстың атын біддіреді. -хана, -стан, -кеш сияқты араб-парсы тілдерінен енген қосымшалар: дәрі-хана, кітап-хана, Қазақ-стан, арба-кеш т. б.
2. Етістіктен зат есім сөздерін тудыратын жұрнақтар:
-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: бөл-ме, мін-бе, тоқы-ма, кес-пе т. б. -ым, -ім, -м: бөл-ім, біл-ім, тый-ым, тоқта-м, байла-м т. б. -қы, -кі, -ғы, -гі: шап-қы, бұр-ғы, суз-гі, ашыт-қы т. б. -ыс, -іс, -с: жең-іс, айт-ыс, бөл-іс, тала-с, тойтар-ыс т. б. -ык,, -ік, -қ, -к: қазы-ық, көр-ік, тукір-ік, тоз-ық, сұра-қ, тіле-к т. б. -ақ, -ек, -қ, -к: қон-ақ, тіре-к, күре-к, жат-ақ т. б. -ғыш, -гіш, -қыш, -кіш: бас-қыш, сүз-гіш, қыр-ғыш, сыпыр-ғыш т. б. -ын, -ін: жау-ын, ег-ін, туй-ін, жи-ын т. б. -ыш, -іш, -щ: қуан-ыш, суйен-іш, өкін-іш, қызған-ыш т. б.
-уыш, -уіш: тырна-уыш, еле-уіш, туйре-уіш т. б. -ман, -мен: оқыр-ман, көрер-мен т. б.
2.Қазақ тілінде тәуелдік жалғау арқылы және меншіктелуші зат атауы мен буын үндестігіне бағынбайтын –нікі, -дікі, -тікі қосымшалы сөздің тіркесі арқылы беріледі. Осы арқылы, яғни, жақ түрлеріне байланысты тәуелділік грамматикалық формалар негізінде берілуі арқылы қазақ тілінде тәуелдік категориясы грамматикалық категория болып қалыптасқан. Бағдарлама бойынша бұл категория ІІ сыныптан бастап, ҮІІ сыныпқа дейін оқытылады. ІІ сыныпта оқушылар зат есімнің тәуелдік жалғауы, тәуелдік жалғауының І, ІІ жақтары тек адамға айтылатыны жайлы мағлұмат алса, ІІ, ІҮ сыныптарда бұл мағлұматтарды қайталап өтед; тәуелдік жалғауының арнаулы үш жағы болатынын және олардың І, ІІ жақтары тек адамға ғана меншікті айтылса, ІІІ жақ адамға да, басқа заттарға да қатысты екенін білдіру; тәуелдік жалғауының арнаулы қосымшаларын меңгерту.Зат есімнің тәуелдік категориясын түсіндіру көптік категориясына қарағанда, күрделі де, қиынырақ. Сондықтан тәуелдік категориясын түсіндіруде мұғалімнің үлкен шеберлігі керек. Мұны мұғалім шеберлігіне байланысты әр түрлі жолмен түсіндіруге болады. Зат есімнің тәуелдік категориясы да сөздері өзара байланысқа түсіретін категория екенін ескерте отырып, нақтылыдан нақтысызға, белгіліден белгісізге қарай үйрету, таныту әдістері арқылы баяндалады.Мұғалім күні бұрын өзіне тән кітабын, қарындашын, дәптерін ала келуі керек. Ол күндегі әдетінше, сабақтың мазмұнын бірден ашып кетпей, ең алдымен, меншік және тәуелді деген сөздердің ұғымын оқушыларға түсіндіргені дұрыс. Оқытушы өзінің алып келген заттарын көрсете отырып, бұл заттың иесі өзі екенін, заттың басқаға емес өзіне ғана тән, меншікті екенін балалардың көру қабілеті арқылы, әрі ойландыру процесі арқылы түсіндіргені жөн. Мұнан соң заттың иесін менің, сенің, сіздің, оның деген ілік жалғаулы сөздер білдіретінін, жеке тәуелді заттар кітабым, кітабың, кітабыңыз, кітабы деген тұлғада айтылатынын айтып, тақтаға:
Менің кітабым Біздің кітаптарымыз
Сенің кітабың Сендердің кітаптарың
Сіздің кітабыңыз Сіздердің кітаптарыңыз
Оның кітабы Олардың кітаптары деген мысалдарды жазып, ілік жалғауының қосымшасы мен тәуелдік жалғауының қасымшаларынының байланысын ойыс сызықтар арқылы түсіндіреміз. Бұл жерде ілік жалғаулы тәуелдік жалғаулы сөздермен қарым-қатынасқа түсіп, үнемі бір тіркесте айтылатынын аңғарту керек. Сонымен қатар, ІІ жақта қолданылатын тәуелдік жалғауының анайы және сыпайы түрлерінің болатындығы туралы да оқушыларға көрнекі түрде салыстырып түсіндірген жөн.
Зат есімнің тәуелденуі
жақ жекеше көпше
І. (мен, біз) -м, -ым, -ім әкем, үйім -мыз, -міз, -ымыз, -іміз. қозыларымыз, үйлеріміз
ІІ. (сен, сіз) -ың, -ің әкең, қозың -ың, -ің, -ыңыз, -іңіз үйлерің, үйлеріңіз
ІІІ (ол, олар) -сы, -сі, -ы, -і қозысы, үйі -ы, -і қозылары, үйлері
Бұл кестенің көмегімен мұғалім тәуелдік жалғауының І, ІІ, ІІІ жақтары болатынын көрсете отырып, І, ІІ жақтардың үнемі адамға қатысты айтылатынын, ал ІІІ жақ адамға да, басқаға да қатысты айтылатыны түсіндіреді. Осыдан кейін тәуелдік жалғауының үш жаққа тән арнаулы қосымшалары барлығы, жекеше, көпше түрде тәуелденетіндігін осы кесте арқылы оқушылардың өздерін қатыстыра отырып әңгімелейді.Тәуелдік жалғауы ілік септік пен тәуелді сөздердің арасын байланыстырады. Сондықтан да тәуелдік жалғауы қосылған сөз тәуелденуші сөздің ілік септік жалғауда тұруын керек ететіндігін Колхоз + дың мал + ы Оспан + ның киім + і Ахмет + тің бала + сыдеген сияқты мысалдар арқылы түсіндіріп және тәуелдік жалғауы қосылғанда, сөздердің соңындағы кейбір қатаң дауыссыздар ұяңданып кететіндігін де (кітап – кітабым) оқушыларға түсіндіре кеткен жөн.Тәуелдік жалғауын танытқаннан кейінгі күрделі мәселе – түбір сөзге дауысты дыбыстан басталған тәуелдік жалғауы жалғанғанда, түбір сөздің соңындағы «ы», «і» дыбыстарының түсіп қалатындығы (бөрік+ім – бөркім, халық+ым – халқым, ауыл+ым – аулым) берілген ұғымды бекіте түсу мақсатында мынадай жұмыс түрлерін жүргізуге бол
Тақтаға мынандай сөйлемдер жазып, олардан тәуелдік жалғаулы сөздерді, оның қарым-қатынасқа түсіп тұрған иелік сөзін қоса тапқызып, бұл жалғаудың нешінші жағында екенін ажыратамыз.Менің әкем күндегісінен ерте оянды. Оның қарындасы мектепке тұңғыш рет барады.Біздің мақсатымыз – сабақты жақсы оқу және үлгілі болу
Кеспе қағазымен жұмыс Төмендегі сөздерді жеке кеспе қағаздарына жазып, оларды І, ІІ, ІІІ жаққа қойып, жекеше, көпше түрде тәуелдеу міндеттеледі. Оқушылардың жауаптарын үнтаспаға жазып, өздеріне тыңдатып, тәуелденген сөздерінің дұрыс-терісін аңғарттырамыз.
Отан, ел, ауыл, шана, ой, сөз, ақыл, тілек, көмек, газет, үй, бақша, өз, қоян, мектеп, доп, кітап
Отан сөзін І, ІІ, ІІІ жақта байланысқа түсетін сөзімен жекеше, көпше түрде тәуелде.
3.Сөйлемде сөздердің арасындағы алуан түрлі синтаксистік қатынастарды көрсетіп, өзі жалғанған сөзге әр түрлі грамматикалық мағына үстеп, сөз бен сөзді байланыстыруда үлкен орын алатын зат есімнің түрлену жүйесінің бірі – септік жалғауы. Бұл ұғыммен оқушылар алғаш рет ІҮ сыныпта «Сөз таптары» тарауын өту барысында танысады. Ал Ү сыныпта «Зат есімнің септелуі» тақырыбын өту барысында ІҮ сыныпта алған білімдері кеңейтіледі. ҮІІ сыныпта септелудің жай және тәуелді септеу түрлерімен танысады.Септік жалғауы да тәуелдік, көптік жалғаулары сияқты сөз бен сөздің арасын байланыстырып, оларды өзара қарым-қатынасқа түсіріп тұратын категория. Септік жалғауының сөздерді байланыстыратын қасиеті мына түрде түсіндіріледі. «Инженердің жаңа жоспарынан біздерге тиетін көмек өте көп» деген сөйлемді тақтаға жазып, инженер сөзіндегі –дің, жоспар сөзіндегі –нан, біздер сөзіндегі –ге қосымшаларын сүртіп тастап, инженер… жаңа жоспары… біздер… тиетін көмек өте көп деген тіркесті қайта оқытып, оқушылардың өздеріне қандай өзгеріс барын аңғарттырамыз. Сөйтіп, сөздердің қарым-қатынасқа түсе алмай, айтайын деген ойдың үйлесімсіз тұратынына оқушылардың көздерін жеткіземіз. Мұнан соң инженер, жоспар, біздер деген сөздердің қарым-қатынасқа түсіп тұрған тіркесін аңғартып, бұл үшін тіркестің өзара бір-бірімен септік жалғауының қосымшалары арқылы қарым-қатынасқа түсіп тұрғанын айтамыз. Осындай ретпен септік жалғауының атқаратын қызметі мен әр септіктің беретін мағынасы қоса түсіндіріледі.Тақтаға ақ, қызыл бормен септік жалғауының аттары мен сұрақтарын жазып, әрбір септіктердің өздеріне тән арнаулы сұрақтары, қосымшаларының бары айтылады. Бұл жұмыс былайша орындалуға тиіс: тақтаға 7 септіктің атаулары бірінен соң бірі ақ бормен рет-ретімен баған ретінде тізіліп жазылады да, оқушыларды қатыстыра отырып «Тілімізде неше септік жалғауы барын көріп отырсыңдар?» деген сұраққа жауап аламыз. Осылайша оқушылардың назарын аударған соң, тақтадағы септіктердің қатарына қызыл бормен әрқайсысының сұрақтарын жазамыз. Ол сұрақтардың кім? не? деген негізгі түбірден өрбігенін аңғартып, әр септіктің өздеріне тән арнаулы қосымшалары барын, ол қосымшалардың кім? не? Жалғанып тұрған жалғаулар арқылы түрленетіні түсіндіреміз де, әр септіктің тұсындағы кім? не? Сұрағына қосылып тұрған септік қосымшаларының астын сызып көрсетеміз. Сонымен қатар әр септіктің білдіретін мағынасына да тоқталып өткен жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет