Үнтаспамен жұмыс. Сабақ үстінде қолайлы деп тапқан жерлерде техникалық құрал-жабдықтарды пайдаланудың мәні үлкен. Сабақ материалын сналы түсіндіруде, сабақты қызықты өткізуде, уақыт мерзімін ұтуда үнтаспаны пайдаланудың да пайдасы мол. Кеспе қағазы арқылы ойландыру үшін берілген тапсырмалардың жауаптарын үнтаспаға жазып алып, оқушылардың өздеріне қайта тыңдатып, дұрыс-терісін байқатып, жіберген қателерін түзеттіреміз. Бұл арқылы оқушыларды ойланып, ұқыпты жауап беруге дағдыландырамыз да, аңғарымпаздыққа баулимыз.Бұл жұмыс түрлерін оқушылардың біліміне қарай бірлі жарымын аралас жүргізуге болады.Зат есімнің морфологиялық көрсеткіштерінің келесі бір түрі – жіктік жалғауы. Мұнан бұрынғы өтілген жалғаулар сияқты жіктік жалғау да сөз бен сөзді байланыстырады. Жіктік жалғауы септік жалғаулары сияқты кез-келген сөз арасын байланыстыра бермейді, тәуелдік жалғауы тәрізді арнаулы бір тіркесті ғана байланыстырады. Атап айтсақ, бастауыш пен баяндауышты өзара қарым-қатынасқа түсіреді. Тәуелдік жалғауы өзі жалғанып тұрған сөзін ілік жалғаулы сөзге тәуелді етіп тұрса, жіктік жалғаулы сөз өзі жалғанып тұрған сөзінің кім? не? қандай? қаншасыншы? екендігін білдіретіні, сонымен қоса, іс-әрекеттің, қимылдың қай жақта істелгенін, істелетінін білдіретіні салыстыру әдісі арқылы түсіндіріледі. Тақтаға мұғалім деген сөзді жазып, оған тәуелдік жалғауын қосып, мұғалім сөзінің оқушыларға тәуелді екені айтылады. Осыдан кейін мұғалім сөзін тақтаның орта тұсына жазып қойып, оған ең алдымен -мін қосымшасын жалғап, мұғаліммін сөзінің кіммін? Деген сұраққа жауап болып тұрған мағынасын аңғартамыз. Мұнан соң –мін қосымшасынан мен сөзінің ұғымы туып тұрғанын түсіндіріп, мен сөзін мұғаліммін сөзінің алдынан жазып қойып, мұғаліммін деген сөздің астынан мұғалім сөзін қайта жазып, оған -сің қосымшасын қосып жазып, қандай өзгеріс болғанын оқушылардың өздеріне айтқызып, -сің қосымшасынан сен деген ұғымның туып тұрғанына көздерін жеткізіп, сен сөзін мен сөзінің астына мұғалімсің дегеннен бұрын жазып қоямыз. Сөйтіп, жіктік жалғауы сырттай қарағанда тәуелдік жалғауына ұқсас болғанымен, бір-біріне ұқсамайтын мынадай айырмашылықтарына тоқталу керек:\r\n
Тәуелдік жалғауы мағына жағынан меншіктілікті, тәуелділікті білдірсе, жіктік жалғауы заттың кім? не? қандай? нешінші? екендігін білдіреді.
Тәуелдік жалғаулы сөз үнемі ілік жалғаулы сөзбен байланыса, жіктік жалғауы үнемі атау септігіндегі есімдіктермен қарым-қатынасқа түседі
Тәуелдік жалғауы кез-келген есім сөздерге жалғана береді, ал жіктік жалғауы тек қана адамға, мамандыққа байланысты ұғымды білдіретін сөздерге ғана жалғанады. Сонымен қоса, қимылды білдіретін етістік сөздерге талғамсыз жалғана береді, мұндай қасиет тәуелдік жалғауыныда жоқ.
Жіктік жалғауының ең басты мазмұны тілшілік болмысы қазақ тілінде айқын. Оның ең басты болмысы қазақ тілінде тек адамның іс-әрекетімен, адамның жеке басының қасиет, сапасына, адамның құндылық қырларын айқындай алатын сөздердің ғана жіктеле алатындығы. Жансыз заттардың жіктелуі жанды болса да адамдық тұлғаға тән болмағандықтан, сөздердің жіктелуінің де жіктік жалғауының өзіне тән табиғаты бар екендігін айғақтайды.