2-жаттығуды жазбаша орындаймыз. Тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті етістікті қойып,сөйлемдерді көшіріп жаз.Болымды, болымсыз етістіктерді ата.
Үй қояны
Күтімі жақсы үй қояндары суықтан ... . Олар көктемде ... . Ана қояндар көжектерін жақсы ...
Олар көжектерін бауырына басып ... . Әрбір ана қоянның қасында алтыдан артық көжек ...
Керекті сөздер: көжектейді, жылытады, қорықпайды, болмайды, күтеді.
5. Келесі жаттығуды орындамай тұрып, «Санжұмбақ» ойынында өзіміздің математика пәнінен де білімізді тексерейік. Берілген кесте бойынша сандарды рет – ретімен орналастырып, жасырынып тұрған мақалды табуымыз керек.
-
6п
|
5е
|
1м
|
13б
|
15с
|
8б
|
12м
|
2е
|
9і
|
7-
|
17г
|
10л
|
3к
|
16і
|
4т
|
18і
|
11і
|
14е
|
Мектеп - білім бесігі.
3-жаттығу. Сурет бойынша сөйлемдер құрастырып жаз.
6. Өлеңді құрау.Екі топқа етістіктері түсіп қалған, өлең беріледі.
1 – топқа:
Үлкендерді .................
Үйдің ішін ..................
Қойды өріске ............
Атты жемге ...........
2 – топқа:
Шөпті тағы .................
Қозыны да ....................
................ соң қолдан іс,
Атандым ғой Қолғабыс.
Бұл шумақтың авторы кім? Өлең қалай аталады? (Екі шумақтың да авторы –
Д. Қанатбаев.Қолғабыс.)
Үлкендерді сыйлаймын,
Үйдің ішін жинаймын.
Қойды өріске айдаймын,
Атты жемге байлаймын.
Шөпті тағы шабамын,
Қозыны да бағамын.
Келгеннен соң қолдан іс,
Атандым ғой Қолғабыс.
4- жаттығу. Негізгі етістік болуы үшін мына буындарға қай дыбыс жетпей тұр.
Ша...па, шы..шы, та...та, а...а, о...ы,то..та,шо...ы.
Қорытынды: Инсерт әдісімен бекіту.
Не білемін?
|
Нені білдім?
|
Білгім келеді?
|
|
|
|
Үйге тапсырма: 5-жаттығу 112 бет.
Оқушыларды бағалау.
Балалар сендерге бүгінгі сабақ ұнадыма?
Сабақтан алған әсерлерің қандай болды? Смайлик арқылы көрсетеміз. Сонымен қатар сабақ ұнаса білім ағашына қызыл алманы жабыстырыңдар,ал егер ұнамаса көк алманы жабыстырыңдар
Әр топтың ұпайын санау. Жеңімпаз топты белгілеу. Топ басшылары бағалау парағын тапсырады. Сол бойынша қорытынды баға қойылады.
Степногор ауылының орта мектебі
Ашық сабақ
Өткізген: Тансыкбаева А.К
2014 – 2015 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |