2.
Қосмекенділердің асқорыту жүйесі.
3.
Көлбақаның мүшелер жүйесіне сиапттама бер.
4.
Көлбақаның қаңқасын сипатта.
5.
Қосмекенділер класының жіктелуі.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. В.М. Константинов, С.П. Шаталова.
Лабораторный практикум по зоологии позвоночных: Учебное пособие для студентов высшых
пед. учеб. заведений. Москва, «Академия» 2004г.
2. Н.Н. Карташев и др. Практикум по зоологии позвоночных. Изд. 3-е. Москва,2004г.
3. К.Б. Олжабекова, Б.Е. Есжанов. Омыртқалылар зоологиясы, Алматы, «Қазақ университеті», 1,2
бөлім. 2007 ж.
4. В.М. Константинов, С.П. Наумов .Зоология позвоночных, 3—изд. Москва, «Академия», 2004 г.
5. А.Ж. Божбанов. Зоология пәнінен практикум. Оқу құралы. Алматы, 2010 ж.
8-тақырып. Қосмекенділердің экологиясы
Сабақтың мақсаты:
Қосмекенділердің шығу тегі туралы біліп, экологиялық топтарын оқып
білу.
1.
Қосмекенділердің шығу тегі мен эволюциясы
2.
Қосмекенділердің экологиялық топтары
Бұдан 370-350 млн. жыл бұрын саусаққанатты балықтардың бір тармағынан алғаш рет
құрлыққа шыққан –
қосмекенділер
пайда болған деген болжамдар бар. Өйткені қосмекенділердің
дене құрылысы, көбеюі және ұрпақтарының даму жолдары ертедегі сүйекті балықтарға ұқсас.
Қостынысты балықтарда өкпе пайда болғанымен олардың жұп жүзбеқанаттарының құрылысы
қосмекендердің аяқтарының құрылысына мүлдем ұқсамайды. Сондықтан да, қостынысты
балықтардан қосмекенділер пайда болды деп қортынды жасауға болмайды. Ең алғашқы
қосмекенділердің қаңқа қалдықтары бұдан 370-350 млн. жыл бұрынғы шөгінді жыныстардың
арасынан табылған. Олардың сыртқы түрі қазіргі саламандраларға ұқсас, яғни басы жалпақ,
ұзынша келген, құйрығы болған және оларды
ихтиостегиялар
деп атаған. Олардың денесінің
көптеген жерлерін балық қабыршақтарына ұқсас қабыршақтар қаптап тұрған. Бастарынынң үлкен
болуы олардың өкпемен тыныс алғандығына дәлел бола алады. Бұдан 350-280 млн жыл бұрын
Достарыңызбен бөлісу: