Сабақтың мақсаты: хордалылар типін сипаттап, 7 класты біріктіретін ортақ белгілермен танысу. Хордалылар типін жіктеу



Pdf көрінісі
бет41/92
Дата10.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#184506
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   92
Байланысты:
Лекция ОЗ 509 23-24
Ясауитану 1апта, Дүйсембек Алина Психпрактика, Реферат Қазақ хандығының батырлары2, Док тима
алып қосмекенділер
(лабиринтодонттар) кеңінен таралған. Олар кейіннен біржола жойылып 
кеткен. Олардың жойылуына кейіннен пайда болған жорғалаушылармен бәсекелестік әсер еткен. 
Ертедегі қосмекенділердің ұзын құйрықты тобынан (лепоспондилиялардан) қазіргі аяқсыз және 
құйрықты қосмекенділер пайда болған. Ал, ертедегі қысқа құйрықты лабиринтодонттардың бір 
тармағынан қазіргі құйрықсыз қосмекенділер пайда болған.
Қазіргі амфибиялар – омыртқалы жануарлардың ішіндегі саны ең аз класы, 3 отрядқа бірігетін 
2500 – түрі белгілі. 
Қосмекенділердің әр түрлі экологиялық жағдайларда тіршілік етуге бейімделген. Осыған 
байланысты 4 экологиялық топқа бөледі: 
Олардың арасында тек сулы ортада тіршілік ететіндері болады.
Олардың көпшілігі 
құйрықтылар отрядына жатады. Құйрықты қосмекенділердің таралуы тек солтүстік жарты шармен 
шектеледі. Барлық құйрықты қосмекенділердің тұлғасы ұзарған, жетілген құйрығы жүзбеқанат 
дамиды. Аяқтары қысқа, алдыңғы және артқы аяқтары бірдей. Қозғалуы аяқтары мен құйрығының 
қатысуымен денесін июі арқылы жүзеге асады. Бұл тұқымдастың өкілдері Еуропа протейі тек 
Югославияның жерасты суларында тіршілік етеді. Дене ұзындығы – 25-30 см. Америка протейні 
Солтүстік Американың шығысында мекендейді. Дене ұзындығы – 16-43 см. Таза көлдерде, 
өсімдікке бай тіршілік етеді. Түнде белсенді. Сирендер – Солтүстік Америкада таралған. Батпақты 
тоғандар, көлдерде тіршілік етеді. Амфибиялар тұқымдасының өкілдері Солтүстік Американың 
көлдері мен батпақтарында тіршілік етеді. Денесі ұзарған 80-100 см. Пипалар – Африка, Оңтүстік 
Америкада тіршілік етеді. Құйрықсыздар отрядының кейбір түрлері де тек сулы ортада 
мекендейді. Оларға: жүндес бақа, Африка бақасы. 
Құрлық қосмекенділері.
Көбею кезінде суға түседі. Көпшілігі суда қыстап шығады. Қалған 
уақытта олар құрлықта мекендеп, судан көп аралыққа қашықтайды. Бұлардың құйрықтылардан 


ерекшелігі жұп аяқтарының көмегімен ғана қозғалады. Осыған орай олардың денесі жалпақ, 
құйрығы жоқ, жұп аяқтары жақсы жетілген. Артқы аяқтары алдыңғы аяқтарына қарағанда 2-3 есе 
ұзын болады. Көпшілігінде ұрпағына деген қамқорлық өте күшті дамыған. Құйрықтылар 
отрядынан: Теңбіл немесе отты саламандра – ұзындығы 20-28 см., құйрығы қысқа, аяқтары қысқа, 
күшті дамыған. Күн сәулесі түсетін жерлерден қашады. Қоректенуге ымыртта, түнде шығады. 
Саламандра құрлықта қыстайды. Еуропа, Азия, Солтүстік Америка мен Солтүстік Африкада 
тараған. Сонымен қатар: жабалар, жасыл құрбақа – құрлықта тіршілік етеді, суға тек көбею 
кезінде түседі. Құрлықта қыстайды, шөлді аймақта жазғы ұйқыға кетеді. Сүйіртұмсық бақа – дене 
ұзындығы 5-7 см. Тұмсығы сүйірленген. Тіршілігін құрлықта өткізеді, тек көбею кезінде ғана суға 
түседі. Тарбақалар тұқымдасының 50 аса түрі Азияда мекендейді. Құрлықта ымыртта және түнде 
белсенді тіршілік етіп, інде жасырынып жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет