Сабақтың мақсаты: хордалылар типін сипаттап, 7 класты біріктіретін ортақ белгілермен танысу. Хордалылар типін жіктеу



Pdf көрінісі
бет44/92
Дата10.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#184506
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   92
Байланысты:
Лекция ОЗ 509 23-24
Ясауитану 1апта, Дүйсембек Алина Психпрактика, Реферат Қазақ хандығының батырлары2, Док тима
қағанақтылар
(амниоталар) деп аталады. Қағанақты омыртқалыларға – 
жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер жатады. 
Жорғалаушылардың дене температурасы сыртқы орта жағдайларының температурасына 
тәуелді болғандықтан оларды 
салқынқандылар 
(пойкилотермді) деп атайды. 
Жорғалаушыларға – кесірткелер, жыландар, тасбақалар, құбылғылар (хамелеондар), 
қолтырауындар (крокодилдер) және тұмсықбастылар (гаттерия) жатады. Олар әртүрлі табиғи орта 
жағдайларында (құрлықта, суда, ағаш басында) тіршілік етуге бейімделген және қосмекенділермен 
салыстырғанда жер шарында кеңінен таралған. 
Жорғалаушылардың дүниежүзінде 8000-ға жуық түрі анықталып сипатталған. Қазақстанда 
олардың 49 түрі (кейбір деректер бойынша 51 түрі) кездеседі. 
Жорғалаушылардың өздеріне тән негізгі прогрессивті (ароморфозды) белгілері: 
1.
Денесінде жаңадан мойын бөлімі пайда болған. 
2.
Тері жабыны құрғақ әрі мүйізді қабыршақтармен, қалқаншалармен, сауытпен қапталған. 
3.
Қаңқасында қосмекенділерде болмайтын кеуде торы пайда болған, оны төссүйегі, 5 жұп 
қабырғалар және арқа омыртқалар түзеді. 
4.
Омыртқа жотасы айқын 5 бөлімге (мойын, арқа, бел, сегізкөз және құйрық) бөлінген. Мойын 
бөлімінде ауыз омыртқа (атлант) және біліктік омыртқа (эпистрофей) жақсы дамыған. Сегізкөз 
бөлімі 2 омыртқадан тұрады. 
5.
Тыныс алу мүшелері жіктелген (кеңірдек, бронхылар), өкпесі ұсақ көптеген ұяшықтардан тұрады. 
6.
3 қуысты жүрегінің құрылысы күрделеніп, қарыншасының арасы жартылай перде арқылы екі 
бөлімге бөлінген. Артерия және вена қаны онша араласпайды. 


7.
Алғаш рет жамбас бүйрегі (метанефрос) пайда болған. 
8.
Алдыңғы мидың сыртында алғаш рет ми қыртысы (неопаллиум) пайда болған. 
9.
Ұрығының дамуында арнайы ұрық қабықшалар (қағанақ, сір) түзіледі. Жұмыртқаның сырты қатты 
қабықпен қапталған. 
10.
Дамуы кезінде сыртқы тері қабаты үнемі түлеп түсіп отырады да, денесінің өсуін қамтамасыз 
етеді. 
11.
Саусақтарында мүйізді тырнақтары болады. 
12.
Жорғалаушылардың кейбір түрлерінде (жыландарда, кейбір кесірткелерде) химиялық заттарды 
сезетін ерекше – 
якобсон мүшесі
болады. Ол таңдайында тұйық иірленіп келген қуысты мүше. 
Жыландардың ұшы екі айыр тілін үнемі сыртқа шығарып ауа құрамындағы иісі зор бар химиялық 
заттарды жинап тілінің ұшымен якобсон мүшесіне апарады. Сол арқылы заттың иісін сезеді, яғни 
өз жемтігін табады . 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет