Сабақтың мақсаты: хордалылар типін сипаттап, 7 класты біріктіретін ортақ белгілермен танысу. Хордалылар типін жіктеу



Pdf көрінісі
бет46/92
Дата10.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#184506
түріСабақ
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   92
Байланысты:
Лекция ОЗ 509 23-24
Ясауитану 1апта, Дүйсембек Алина Психпрактика, Реферат Қазақ хандығының батырлары2, Док тима
қысқа құйрықты варан 
деп аталады. Оның денесінің ұзындығы 20-см-дей. 
Варандар тұқымдасына елімізде кездесетін 
келес кесіртке
де жатады. Ол Орта Азия мен 
Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі құрғақ далалы, шөлейтті, шөлді жерлерде кездеседі. Оның 
денесінің ұзындығы құйрығымен қоса есептегенде 1,5 метрге салмағы 2,5-3 кг. жетеді. Дене тұрқы 
үлкен. Терісінің сыртында көлденеңінен орналасқан қарақышқыл қоңырқай түсті ірі жолақтары 
болады. Сондықтан да, оны кейде 
алабажақ кесіртке
деп те атайды. Ол Қазақстанның 
оңтүстігіндегі Қызылқұм алқабында таралған. Бірақ қазіргі кезде саны өте аз. ХХ ғасырдың 30-
жылдарына дейін кеңінен таралған. Бағалы терісі үшін көп аулағандықтан саны күрт азайған. 
Сирек кездесетіндіктен және саны аз болғандықтан ХТҚО (МСОП) Қызыл кітабына тіркелген. 
Кесірткелердің түр құрамы көп тұқымдасы - 
ешкіемерлер 
(агамалар) деп аталады. Олардың 
300-ден аса түрі бар, көпшілігі құрлықта, аздаған түрлері ағаш басында тіршілік етуге 
бейімделген. Ешкіемерлер Африкада, Азияда, Австралияда, Европаның оңтүстік-шығысында және 
Жаңа Гвинея аралдарында таралған. 
Ешкіемерлердің дракон туысына жататын 15 түрі Азияның оңтүстік шығыс өңірлерінде кездеседі. 
Олардың сыртқы түрі ерекше, әрі қалықтап бір ағаштан екінші ағаш басына ауыса алады. Олардың 
қалықтап «ұшуына» денесінің екі бүйірінде болатын жалпақ тері қатпары көмектеседі. Бұл тері 


қатпар 5-7 жалған қабырғалармен байланысқан. Осы терілі қатпар арқылы кесірткелер ағаштан 
ағашқа 30-60 метр қалықтап «ұша» алады. Кесірткелер терілі қатпарларын жайып жіберіп 
жауынан да қорғанады. 
Ешкіемерлердің елімізде кеңінен таралған дала 
ешкіемері, бат-бат кесіртке
т.б. түрлері 
кездеседі. Бат-бат кесіртке Орта Азия мен Қазақстанның шөлді аймақтарында кеңінен таралған. 
Оны кейде «құлақты» жұмырбас кесіртке деп те атайды. Олай аталуы оның екі езуінде болатын 
жиегі тіске ұқсас шашақталып келген тері қатпарына байланысты қойылған. Езуіндегі осы тері 
қатпарды жайып жіберіп жауынан қорғанады. Ол негізінен шағыл құмдарда кездеседі және 
жауынан қорғану үшін құмға жата қалып құрсағымен құмды екі бүйіріне қарай ысырып құмға 
көміліп қалады. 
Кесірткелердің ерекше тұқымдасы - 
ұршықсаптар 
(аяқсыз кесірткелер). Олардың аяқтары 
болмайды, сыртқы түрі жыландарға ұқсас. 80 түрі бар. Олар Америкада, Европада, Африканың 
солтүстігінде Азияның оңтүстік-шығыс аймақтарында таралған. Олардың көпшілігі құрлықта 
тіршілік етуге бейімделген. Елімізде ұршықсаптардың бір ғана – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет