Бауырымен жорғалаушылар жылы ылғалды немесе ыстық шөлді жағдайларда тіршілік етеді.
Амфибияны салыстырғанда бауырымен жорғалаушылардың географиялық таралуы да үлкен.
Олар жер шарының антарктикалық немесе арктикалық зоналардан басқа жерінде кездеседі. Бірақ
дене температурасының пойкилотериялы болуына байланысты жоғары
температурада тіршілік
етеді. Мысалы, жыландар 10°С аз қозғалады, 6-8°С қозғалмайды, 2-3°С ұйқыға кетеді. -4...-6°С
олар өмір сүру қабілетін жояды.
Бауырымен жорғалаушылар тропикалық белдеуде көп тараған, ал полюстерге жақындаған
сайын олардың саны азая түседі. Мысалы, Индонезия аралдарында – 150-200 түр, Орталық
Қытайда – 30 ғана түр кездеседі. Орталық Азияда – 50 түр, Кавказда – 68, Батыс Европада – 12,
Европаның жылы жақтарында 2 түр ғана болады. Теңіз деңгейінен жоғары таулы елдерде олардың
саны елеулі қысқарады. Орталық Азиядағы таралу шегі теңіз деңгейінен 5000 м. биіктікке дейін
жетеді.
Өте жоғары температура рептилиялар үшін қауіпті. 65°С ыстықта 1,5-4 секундта ыстық
құмда тіршілігін жояды. Ыстықтан сақтану үшін агамалар індерге немесе бұталардың түбін
паналайды. Күннің ыстық болуы рептилиялар қорегінің
шіріп кетуіне әсер етіп, қоректің
аздығынан дала тасбақалары ұйқыға кетеді. Тропикадағы температураның артуы немесе су
айдындарының кеуіп кетуі крокодилдер, тасбақа, жыландардың ұйқыға кетуіне әсер етеді.
Бауырымен жорғалаушылардың экологиялық таралу аумағы үлкен. Олардың арасында
құрлықта, топырақта, ағашта өрмелеп тіршілік ететін,
жартылай суда, суда тіршілік ететін
формалар кезедеседі. Қазіргі кезде тіршілік ететін бауырымен жорғалаушылардың арасында
ұшатын түрлері жоқ.
Бауырымен жорғалаушылардың көпшілігі құрлықта тіршілік етеді. Олар: құмда, сазда, тасты
топырақта, қалың шөптің арасында, орманда, батпақта кездеседі. Бауырымен жорғалаушылардың
қозғалысы да әр түрлі. Рептилиялар тек артқы аяқтарымен ғана үлкен қашықтықтарға жүгіретін
түрлері бар (агама, игуана, австралиялық жағалы кесіртке).
Құмды шөлдерде тіршілік ететін рептилияларда құмның бетінде қозғалуын қамтамасыз
ететін ерекшеліктері бар. Ол агама, геккон, кесіртке, игуаналардың саусақтарының ұшында
мүйізді жіпшелері бар. Рептилиялардың алуан түрлілігі мен санының
көп болуына қарай олар
қалың шөп, бұталар мен өсімдіктердің қалдықтарының арасында қозғалуға бейімделген. Осыған
байланысты дене пішінінің жылан тәрізді, аяқтарының толықтай немесе жартылай редукцияға
ұшырауы кесірткелердің арасында аяқтары толық жойылған түрлері бар. Мысалы, Ресейде
кездесетін кәдімгі ұршықсап.
Бауырымен жорғалаушылар топырақтың арасында да тіршілік ете алады. Қазу тәсілі әр
түрлі, мәселен, құрлық тасбақасы інді алдыңғы аяқтарымен қазады. Сондай-ақ кейбір кесірткелер
аяқтарына қоса басымен де қозғалып, құмның арасына батады.
Бауырымен
жорғалаушылар ағаштарда, бұталарда өрмелеп тіршілік етеді. Соған қарай
бейімдеушілік қасиеттер пайда болған. Құбылғылар: ұзын 5 саусақты аяқтары ұстау органына
айналған. Саусақтары 2-2 бір-біріне қарама-қарсы орналасқан, құйрығы етті әрі ұстағыш.
Дуылғалы василиск су маңындағы ағаш басында тіршілік етеді. Ешкіемерлер де ағаш басында
тіршілік етеді. Жыландардан торлы питон, сарыбас жылан, абжыландар ағашта өрмелеп тіршілік
етеді.
Сулы ортада тіршілік ететін рептилиялар: крокодилдер екі бүйірінен қысыңқы құйрығының
көмегімен суда қозғалады. Сол сияқты теңіз игуанасы (галапагосс аралы) құйрығы арқылы суда
жүзеді. Құйрық бөлігін бүгіп-жазу арқылы ескек құйрықты жылан, сақиналы жалпақ құйрық суда
жүзеді. Сол сияқты суда тіршілік ететін тасбақалар ескек тәрізді аяқтарымен қозғалады (бисса,
жасыл тасбақа, Қытай триониксі, бүйір
мойын тасбақалар, қалқансыз тасбақа).
Бауырымен жорғалаушылар қоректік тізбекте ерекше орын алады. Ал,
адам өмірінде
олардың маңызы зор, яғни тағам ретінде пайдаланылады, дәрі-дәрмек алынады, терісі де бағалы
және т.б. Олардың сирек кездесетін түрлері қорғауды қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: