Сабақтың мақсаты: хордалылар типін сипаттап, 7 класты біріктіретін ортақ белгілермен танысу. Хордалылар типін жіктеу



Pdf көрінісі
бет53/92
Дата10.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#184506
түріСабақ
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   92
Байланысты:
Лекция ОЗ 509 23-24

жалды қолтырауын
. Ол көбіне өзен сағасын және 
теңіз жағалауын мекендейді, теңіз суында еркін жүзіп жүреді. Оның қорегі балық, жылан, тасбақа 
т.б. Кейде ірі жануарларға да шабуыл жасайды. Жұмыртқаларын өздері шіріген жапырақтардан 
жасаған ұяға салады. Ұяның диаметрі 7 метр, биіктігі 1 метрдей. Ұяда температура үнемі +39 °С 
шамасында болады.
Гавиал тұқымдасының 
ганг гавиалы
деген бір ғана түрі бар. Ол Индияның Инд, Ганг, 
Брахмапутра өзендерінде кездесетін ірі қолтырауын. Денесінің ұзындығы 6-8 метрге жетеді. Оның 
ұзынша тұмсығының ұшы жұмырланып тұрады. Ол балықпен қоректенеді.
Қолтырауындардың аллигатор тұқымдасына аллигаторлар (2 түрі бар) және каймандар (5 түрі бар) 
жатады. Оңтүстік Американың Амазонка су алабында ірі 
қара кайман 
қолтырауыны таралған. 


Оның денесінің ұзындығы 6 метрдей. Осы өңірде қолтырауынның ең кіші 
қортық кайман
деген 
түрі де кездеседі. Оның денесінің ұзындығы 0,5 метрден аспайды.
Аллигаторлардың миссисипи және қытай аллигаторлары деген екі түрі бар. Миссисипи 
аллигаторы аяқтарының және құйрығының көмегімен батпақты жерден тоған жасап ондағы су 
деңгейін бірқалыпты ұстайды. Аналығы су жағалауына ұя жасап, оған 20-60 жұмыртқа салады., 
әрі ұяны қорғайды. Аллигаторларды бағалы терісі үшін арнайы фермаларда қолдан өсіреді. 
Жорғалаушылар класын өткен кезде олардың басқа түрлері туралы қосымша деректер 
келтіруге болады. Саяхат сабағы кезінде дүниежүзінің физикалық география картасын пайдалану 
қажет. Алдын-ала оқушылардың өздеріне жорғалаушылардың жеке топтары жайында хабарлама 
дайындап келуге тапсырма беруге болады.
Пысықтау сұрақтары:
1.
Бауырымен жоралаушылар класына сипаттама бер. 
2.
Кавказ агамасынының ішкі мүшелер жүйесіне сиапттама бер. 
3.
Кавказ агамасы, тасбақалар, жыландар, қолтырауынның қаңқасының ерекшеліктері.
4.
Бауырымен жорғалаушылар класының жіктелуі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет