Сөздік жұмыс: Күзге сүйеп күн иек- уақыт күзге айналып.
Шөмеле- шошайтып үйілген шөп. Межеле кез – мөлшерлі уақыт.
Сурет пен өлеңді салыстырады.
Сұрақ:
Жауап:
Суретті кім салған?
Суретші
Өлеңді кім жазған?
Ақын
Суретті салатын адамды кім дейміз?
Суретші.
Өлең жазатын адамды ше?
Ақын
Суретшінің аты- жөні кім?
Ақынның аты – жөні кім?
Өтебай Тұрманжанов
Сурет қалай аталады?
Сурет пен өлеңге ортақ етіп қандай ат қояр едің?
Суретшінің көңіл күйі қандай деп ойлайсың?
Көтерінкі
Оны қандай бояулар байқатып тұр?
Сары, қызғылт.
Өлеңде көңіл күйді білдіріп тұрған сөздерді ата.
Күн сәулесін шашыпты, жарқын......
3. Қорыту.Сұрақ жауап арқылы
VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру: Өлеңді мәнерлеп оқып келу. Күні: 06.09.2016
Пәні: Ана тілі Сыныбы: 2
Сабақтың тақырыбы: А. Байтұрсынұлы Мен қалай оқуға бардым?
Сабақтың мақсаты: 1. А. Байтұрсынұлының «Мен қалай оқуға бардым?»өлеңімен
таныстыру.
2.Оқушыларды түсініп, мәнерлеп оқуға дағдыландыру білімін,
ой- өрісін дамыту.
3. Адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) Психологиялық дайындық
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
а ) Өлеңді оқыту ә) Үй тапсырмасын қорытындылау.
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
1) Сұрақтарға жауап алу.
IV. Мақсат қою
Бүгінгі сабақтың мақсаты– «Мен қалай оқуға бардым?» атты өлеңімен танысу.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
Мақалды оқиды. Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні кәріп.
Осы мақалдың мәнін түсіндіріп көреді.
1. Мұғалімнің түсіндірмесі.
Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы намысқой, сергек, еті тірі адам болады.Табиғатынан зерек әрі талапты бала Ахмет 1882—1884 жылдары көзі ашық ауыл адамдарынан сауатын ашып, хат таниды да, кейін жақын маңдағы ауыл мектебінде оқиды. Орынбордағы мұғалімдер даярлайтьш мектепте білім алады.. Міне, осы тәрізді оқу орындарында оқып, сапалы білім алып шыққан Ахмет Байтұрсынов 1895 жылдын 1 шілдесінен өзінің мұғалімдік, ұстаздық қызметін бастайды.
VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру: Мәтінді әңгімелеп келу.
Күні: 08.09.2016
Пәні: Ана тілі Сыныбы: 2
Сабақтың тақырыбы: І. Жансүгіров Күн шыққанда
Сабақтың мақсаты: 1. Өлеңді мәнерлеп түсініп оқуға дағдыландыру.
2. Оқушылардың ой- өрісін дамыту.
3. Білімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) Психологиялық дайындық
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
а) Әңгімені оқыту ә) Мазмұнын айтқызу б) Үй тапсырмасын қорытындылау.
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
1) Сұрақтарға жауап алу.
-Мына мақалды қалай түсінесіңдер?
Кітап – білім бұлағы.
Осы мақалдағы ойды түсінуге І. Жасүгіровтің «Күн шыққанда» өлнеңі көмектеседі.
IV. Мақсат қою
Бүгінгі сабақтың мақсаты– «Күн шыққанда» өлеңінің мәтінін түсініп оқуға дағдылану.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1. Мұғалімнің түсіндірмесі.
І. Жансүгіров туралы түсініктеме беру.
Болашақ ақын жерінің бетін жеті өзені өрнектеп, заңғар таулары көкке сұғынған көркем өлкенің әсем бір өңірі -бұрынғы Қапал уезіндегі ағынды Ақсу бойында 1894 жылы дүниеге келген. Анасынан ерте жетім қалған Ілияс әке бауырында тәрбиеленген. Әкесі Жансүгір арабша жақсы сауатты, үйінде көнелі-жаңалы кітаптарды жинап, оқып отыратын, өлең-дастандарды, арғы-бергінің неше алуан қызық әңгімелерін көп білетін кісі болыпты. Оның үстіне домбырашы, ісмер, ұста екен. Баласына да өнерінің бәрін үйретіп, әке орнына — әке, шеше орнына — шеше болып, аялап, әлпештеп өсірген.
Ілияс алғашында әкесінің үйретуімен хат таниды, сонан соң ауыл молдасының алдын көріп,медресе үлгісіндегі мектепте де оқиды.Белгілі ақын әрі жазушы.«Балаларға тарту» атты өлең кітабы бар.
2. Сергіту сәті.
3. Оқып, талдау.
Өлеңді оқып мазмұнын ашу.
Сұрақтарға жауап алу.
Өлеңде ақын балаларды неге шақырады?
Ақынның ойы қай шумақтарда байқалады?
Өлеңде қандай еңбек іс- әрекеттер туралы айтылған?
VI Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:
1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей.
2. Дәптермен жұмыс.
Дәптерге жазғызу
Сөздік жұмыс:Масайрап- рақаттанып.
Кергіш –жіпті екі ағаш арасына тартып байлау.
Өз беттерінше мақал құрастырады:
Бұлақтың........таусылмайды,
Кітаптың.......таусылмайды.
3. Қорыту. Сұрақ жауап арқылы
VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру: Өлеңді мәнерлеп оқу.
Күні: 09.09.2016
Пәні: Ана тілі Сыныбы: 2
Сабақтың тақырыбы: Несіпбек Айтов Оқулық
Сабақтың мақсаты: 1. Өлеңді мәнерлеп түсініп оқуға дағдыландыру.
2. Оқушылардың ой- өрісін дамыту.
3. Сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) Психологиялық дайындық
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
а) Өлеңді оқыту ә) Мазмұнын айтқызу б) Үй тапсырмасын қорытындылау.
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
1) Жұмбақ шешкізу: Аяғы біреу, қолы жоқ, Өзі сөйлеуді білмейді,
Шиыр-шиыр жолы көп. Салған ізі сөйлейді. (Кітап)
2) Сұрақтарға жауап алу
- Кітап туралы қандай мақал – мәтел білесің?
- Қандай кітаптарды оқығанды ұнатасың?
IV. Мақсат қою
Бүгінгі сабақтың мақсаты– Несіпбек Айтовтың «Оқулық» атты өлеңімен танысамыз.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1. Оқып, талдау.
Өлеңді оқып мазмұнын ашу.
2. Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,
Құстай қанат қағайық.
Ұшып – ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
VI Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:
1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей.
2. Дәптермен жұмыс.
Дәптерлеріне сызбаны сыздырып оны толтырту.
Оқулықтың аты.
Оқулық
авторларының
аты- жөні
Қандай
баспадан
шыққан?
Редакторы кім?
Ана тілі
Б.Т. Қабатай,
С.Р. Рахметова,
П.Қ. Жаманқұл.
«Атамұра» баспасы.
Жұмабай Қаранбай
3. Қорыту.
- Бүгінгі сабақ ұнады ма?
- Сабақта не жайлы әңгімеледік?
VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
Бүгінгі сабақтың мақсаты– Ж. Аймауытовтың «Кітап оқу» әңгімесімен танысу.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1. Мұғалімнің түсіндірмесі.
Жүсіпбек Аймауытов қазіргі Павлодароблысының Баянауыл ауданында туған. Ол 1889 – 1931 жылдар арасында өмір сүрген. Қазақтың ұлттық прозасын биікке көтерген майталман сөз шебері,белгілі қоғам қайраткері.Ол жалған жаламен ұсталып,Мәскеудің аты шулы Бутырка түрмесінде атылып кетті.Оның «Қартқожа», «Ақбілек» атты романдары бар.
2. Сергіту сәті. Көк аспанды шарлаймыз,
Ұшқан құсты санаймыз
Үшбұрыш боп тырналар,
Көк жүзінде жорғалар.
3. Оқып, талдау.
Мәтінді оқып талдау, мазмұнын ашу.
Сұрақтарға жауап алу.
Мәтін қалай басталады?
Қартқожа «өзінің айдалада жатқанын да, ауылын да, басқа дүниені де» неліктен ұмытты?
VI Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:
1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей.
2. Дәптермен жұмыс.
Дәптерлеріне жазады.
Сөздік жұмыс:Роман – көлемді, күрделі шығарма.
Мәтінге сүйеніп, көп нүктенін орнына қажетті сөздерді қойып жазады.