Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бегалиева Балымша Камалбекқызы
Сабақтың тақырыбы: Туған ел. Автор С.Сейфуллин
Сабақтың мақсаты:
І. Білімділік «Туған ел» өлеңі арқылы оқушыларға туған жеріміздің құндылығы
мен қасиеті, мәні мен маңызы туралы түсінік беру. Өлеңдегі негізгі
ойды, идеяны ұғындыру.
ІІ. Дамытушылық: Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, туған ел,
Отан туралы өз ойларын, көзқарастарын еркін айтып жеткізе
білуге дағдыландыру
ІІІ. Тәрбиелік: Оқушыларға елін, жерін, Отанын қорғауға, туған елге деген
патриоттық сезімдерін қалыптастыруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сурет, слайд, авторлардың портреттері.
Сабақ түрі: жаңа білімді беру сабағы.
Сабақтың әдісі: Венн диаграмма, сұрақ жауап, баяндау, ребус,
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
- Оқушылармен амандасу.
- Оқушыларды сабаққа даярлап, оқу - құралдарын реттеу.
Психологиялық тренинг
Күн анаға тілек айтып көрейік.
Көк аспанда күн күлсін!
Бірге күлсін бүлдіршін.
Көк аспанда Күн күлсін,
Жерге ұдайы нұр құйсын!
Балалар жер бетіне жылу не арқылы таралады?
Күн болмаса жер бетінде не болар еді? (оқушылардың жауаптары тыңдалады)
Күн анаға ризашылығымызды білдіре отырып,бүгінгі сабақты жарқыратып өткіземіз деп сенемін.Сондықтан күн ананың суретін класқа іліп қоямыз.
Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген «Үш бақытым», «Туған тілім» өлеңдері жатқа сұралады.
Бекіту сұрақтары: күн ананың нұрының артынды сұрақтар бар. Сол сұрақтарға жауап беру арқылы үй тапсырмасын бекітеміз.
- М.Мақатаевтың өлеңі неліктен «Үш бақытым» деп аталған?
- «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім керек» бұл сөзді кім айткан?
- Дихан Әбілевтің өлеңі не туралы?
- Екі өлеңнің ұксастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы көрсету.
Үй тапсырмасын бекіту. Екі өлеңде де ақын ұлтжандылыққа, Отан сүйгіштікке шақырады. Жалпы Отан дегеніміз не?
Жаңа сабаққа дайындық. Отан дегеніміз - туған жер. Туған жерін жырламайтын ақын-жазушы жоқ.Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Тек өз сезімін әркім әр түрлі жеткізуі мүмкін. Суретшілердің тілі - бояу, музыканттардың тілі - музыка, ал ақын, жазушылардың тілі - сөз.Сондай бір туған жерін тебірене жырлаған аса көрнекті ақын, жазушы, белгілі қоғам қайраткері С.Сейфуллин.
(С. Сейфуллиннің суреті, кітаптары, өлең шумағы.)
Жаңа сабақты меңгерту.
Ойларын бөлісіп ортаға салу. Туған жерің, елің туралы не білесің? Ол туралы не айтар едің?
Отан Атамекен
Туған өл Өзімнің ауылым
Ребус шешу
, , . . , . . ,
Достарыңызбен бөлісу: |