Сабақтың мақсаты Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесімен танысады, координаталары бойынша нүктені салады


Жаңа сабақ «Фишбоум» әдісі арқылы (топтық жұмыс)



бет3/3
Дата06.03.2023
өлшемі164,59 Kb.
#171300
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Джаксыбекова-ҚМЖ
3)Нақты газдар. Джоуль-Томсон эффектісі., Баланың дамуына әсер ететін факторлар және оның мәні, 9 кл ббж алг гео
Жаңа сабақ
«Фишбоум» әдісі арқылы (топтық жұмыс)

Әр топ келесі сұрақтарға жауап бере отырып кестені толтырады.

  1. Координаталар осьтерінің саны? Олар қалай аталады?

  2. Координаталар бас нүктесінің координаттары?

  3. Нүктенің координаталары қалай жазылады?

  4. Координаталық осьтер жазықтықты қаншаға бөледі?

  5. Координаталық жазықтықтар кеңістікті қаншаға бөледі?

  6. Екі нүктенің арақашықтығын табу формуласы?

  7. Кесінді ортасының координаталарын қалай табамыз?

Оқушылардың берген жауаптарын тыңдай отырып, білімдерін толықтырып, керек болған жағдайда түзетулер еңгіземін.
Дескриптор

  • Екі нүктенің арақашықтығы формулаларын біледі

Қалыптастырушы бағалау: «Бас бармақ жоғары/ төмен» әдісі арқылы топтарды бағалаймын. Топтық жұмыс нәтижесі бойынша топтардың бірін-бірі бағалауын ұйымдастырамын.
Саралау: Тапсырманың орындалу барысын бақылаймын
Оқушылардың ойын жинақтауына көмектесетін бағыттаушы сұрақтар қоямын


Оқулықпен жұмыс (жеке жұмыс)
Жалпы тапсырма
2,69-бет. А(1;7;4), В(3;0;0), С(1;2;0), Р(0;5;1) нүктелері берілген. Осы нүктелердің қайсысы 1)ху жазықтығына, 2)yz жазықтығына,3) х осінде жатады?
Дескриптор

  • Координаталары бойынша нүктелерді белгілей алады

Сыныптағы көпшілік оқушыларға арналған тапсырма
№1, 71-бет. ABCD параллелограмының төбелері белгілі: А(1;-3;0), В(-2;-4;1), С(-3;1;1), D(0;2;0). Оның диагоналдарының ұзындықтарын тап
Дескриптор

Анағұрлым күрделі тапсырмаларды орындайтын оқушыларға арналған тапсырма
№5,71-бет. У осінің бойынан берілген Р(4;-1;3) және К(1;3;0) нүктелерінен бірдей қашықтықта жатқан нүктені табыңдар.
Дескриптор

  • Есептің шартын түсінеді, сызбасын салады

  • Екі нүктенің арақашықтығы формуласын біледі

  • Екі нүктенің арақашықтығын таба алады

Қалыптастырушы бағалау: «+,-» әдісі .


Саралау:

  • Оқушыларды ойланту үшін және есептерін дұрыс шығару үшін арнайы сұрақтар қоямын. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсетіп отырамын. (мысалы: жарайсың, дұрыс жолдасың, ақылдым, керемет)

  • Оқушылар үнемі бағаланып отырады, осылайша оқушылардың қажеттіліктеріне қарай үнемі түзетіп отырамын.

Оқулық,
Плакат
Слайд 5,6,

Слайд 7,8

Оқулық,
карточкалар


Сабақтың соңы


5-минут

2-минут
1-минут



Сабақты бекіту
«жалғасын тап», «қатесін тап» әдістері (жұптық жұмыс)
Екі топтағы оқушыларды жұптарға бөлініп, бірінші топтағы жұптар карточкадағы есепті жалғастыру керек, ал екінші топтағы жұптар қатені табу керек.
Дескриптор

  • Екі нүктенің арақашықтығы формуласын біледі

  • Кесінді ортасының координаталарын табу формуласын біледі

  • Формуланы қолдана алады

Қалыптастырушы бағалау: смайликтер арқылы бағалаймын
Саралау: Барлық оқушыларды бақылай отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткіземін
Кері байланыс. «Бес саусақ» әдісі

Оқушылар сабақ бойынша өзінің іс-әрекетіне рефлексия жазады
Үйге тапсырма №1,3-есеп, 69-бет
Үй тапсырмасын орындауға түсініктеме беремін

Карточкалар, смайликтер



Слайд 10


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет