Сабақтың мақсаты: кітаптың, одан алатын білімнің адам өміріндегі маңызын ұғындыру, оқуға, білімге деген құштарлықтарын ояту, кітаптың шығу тарихымен таныстыру, неден, қалай жасалатынын ұғындыру, кітапты таза,ұқыпты ұстауға тәрбиелеу



бет1/4
Дата13.12.2021
өлшемі6,76 Mb.
#125264
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
кітапхана туралы


Кітап-білім бұлағы





Сабақтың мақсаты: кітаптың, одан алатын білімнің адам өміріндегі маңызын ұғындыру, оқуға, білімге деген құштарлықтарын ояту, кітаптың шығу тарихымен таныстыру, неден, қалай жасалатынын ұғындыру, кітапты таза,ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрекілігі:

мақал-мәтелдер, жұмбақтар,өлеңдер,кітаптар,журналдар, нақыл сөздер, «Үлгілі оқулықтар» көрмесі, көріністер: «Оқулықтар мұңы» «Мектеп емханасы», А.Байтұрсынұлы, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтың портреттері.



Сабақтың барысы:

І. Әнұранды орындау.

ІІ. Кіріспе әңгіме.

Мұғалім: -Балалар, бүгін біз өзіміздің ең жақын досымыз кітап туралы сөз қозғамақпыз.

Оқусыз, білімсіз дүниенің қыр-сырын ұғып, түсіну мүмкін емес. Сондықтан да ерте кезден бастап-ақ адамзат баласы білімге, ғылымға аса мән берген. Өз білгенін, көргенін кейінгі ұрпаққа мұра ретінде жазбаша түрінде қалдырып отырған.

.

Мектеп табалдырығын аттаған өздеріңдей жас бүлдіршіндер өмірінің ең басты кезеңін, білім бастауын «Әліппенден» алады. Қолындағы су жаңа кітапқа қызыға да, тамсана да қарайды.



Ал осы оқулықтарды шығарып, кітаптарды жазып, ұрпағының сауатты, білімді болуы үшін маңдай терін төгетін ұлы ақын-жазушыларымыздың еңбегі аса зор, әрі жауапты екенін біз білуге тиіспіз.

Алғаш қазақ тілінде кітап құрастырып, оқулық жазған көрнекті ақын, ғалым, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы. Алғаш әліппені жазған да осы кісі. Сондықтан да «Әліппенің атасы» атанған. Алғаш «Қазақ хрстоматиясы» атты оқулықты да осы кісі жазған.

Ал, ең алғаш қазақ балаларына мектеп ашып, оқулық жазған, балаларды оқуға, білімге шақырған Ы.Алтынсарин атамыз.



Сонымен қатар, қазақ балаларының білімді, сауатты, өнерлі болуына еңбегі сіңген ұлы ақын Абай Құнанбаев атамыз. Ол балаларға арнап әңгімелер, өлеңдер жазды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет