Дәрілік ерітіндіні тамшылатып енгізу үшін бір рет қолданылатын жүйені даярлаңыз (сакталу мерзімін және ораудың саңылаусыздығын тексеріңіз).
Дәрілік ерітіндісі бар флаконды даярлаңыз (дәрілік ерітіндінің атын, мөлшерін, сақталу мерзімін және сыртқы түрін тексеріңіз, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен салыстырыңыз). Этикеткасына науқастың аты-жөнін, палатаны көрсетіңіз.
Флаконның металды қалпағының ортаңғы бөлігін пинцетпен алыңыз.
Тері антисептигіне суландырған мақта шариктерімен флаконның резеңке тығынын 2 рет тазартыңыз.
Жүйенің қысқа шетіндегі инені алып, қалпағын шешіп, оны флаконның резеңке тығынына тірелгенше енгізіңіз. Тамызғыштағы ауа кіргізгішті ашыңыз (егер де ауа кіргізгіші болса, оны флаконның тығынына тірелгенше енгізіңіз), оның бос шетін флаконға бекітіңіз.
Флаконды түбінен төңкеріп жоғары қаратып, сол қолмен жүйенің бос шетін ұстап, штативке бекітіңіз.
Тамызғышты ақырын қысып, жартыкөлеміне дейін дәрілікерітіндімен толтырыңыз.
Бұрандалы қысқышты ашып, жүйеден ауаны толық шығарғанша жәнеинъекция жасайтын инеден тамшы көрінгенше жүйенің ұзын түтігінерітіндімен ақырын толтырыңыз.
Бұрандалы қысқышты жауып, инъекция жасайтын инеге қалпақтыкигізіңіз.
Жүйенің ұзын түтігінде ауа көпіршігінің жоқтығын тексеріңіз.
Тері антисептигімен суландырған мақта шариктерін, салфеткаларды, ұзындығы 4-5 см сопақ жіңішке (1см) 2 жабысқыш пластырьді салыңыз.
Ескерту: Кейбір системаларда ауа кіруге арналған тесік тұп-тура тамызғыштың үстінде болады. Бұл жағдайда тек тесікті жабатын бітеуішті ашады.