Сабақтың мақсаты мен міндеттері: Білімділік



Дата25.12.2016
өлшемі32,61 Kb.
#5199
түріСабақ

  1. Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің топтары, өсімдік мүшелері және олардың атқаратын қызметі.

  2. Сабақтың мақсаты мен міндеттері:

Білімділік: Оқушыларда өсімдіктердің топтары, өсімдік мүшелері және олардың атқаратын қызметі туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, шығармашылық, байқампаздық, ізденімпаздық қабілеттерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды өсімдік топтарын ажыратуға, өсімдікті қорғау оларға қамқорлық

  1. Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

  2. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

  3. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру , әңгімелесу, көрнекілік, сұрақ-жауап.

  4. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар:




  1. Сабақ жоспары:

I. Ұйымдастыру бөлімі (амандасу, түгендеу, даярлықты тексеру).

II. Негізгі бөлім:

Жаңа білім негіздерін игерту, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру:

А) Кіріспе әңгіме

Ә) Түсіндірме әңгіме

Б) Көрнекілікпен жұмыс, оқулықпен жұмыс.

В) Жаңа сабақты бекіту, дәптермен жұмыс.



IІI. Қорытындылау кезеңі.

ІV. Үйге тапсырма беру.


  1. Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі (амандасу, түгендеу, даярлықты тексеру).

- Сәлеметсіңдер ме, балалар!

II. Негізгі бөлім:

Жаңа білім негіздерін игерту, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру:

А) Кіріспе әңгіме

Өлі табиғатта болатын өзгерістер тірі табиғатқа да әсер етеді. Тірі табиғаттың бір бөлігі – өсімдіктер. Өсімдіктердің өсуіне топырақ, су, жылу, ауа, күн көзі керек. Олар қоректенеді, тыныс алады, өседі, көбейеді, қурайды. Біздің жеріміз өсімдікке өте бай. Өсімдіктер орманда да, далада да, тауда да, суда да өседі.

Ә) Түсіндірме әңгіме



Өсімдіктердің үш тобы бар. Олар: ағаштар (емен, қайың, алма ағашы), бұталар (шырғанақ, жыңғыл, бөртегүл), шөптер (бақбақ, құлпынай, түймедақ).

Қайың, қарағай, емен, жөке т.б. ағаштар орманды жерде, су жағасында (өзен, көл) өседі. Қарағай мәңгі жасыл ағаштар. Олар биік тауда өседі.

Итмұрын, бөртегүл бұталар қатарына жатады. Тау етегінде, далалы аймақта (су жағасында)өседі.

Шөптесін өсімдіктер барлық жерде (тауда, жазықты жерде, суда, орманда т.б.) өседі. Олардың көбі ашық түсті әдемі гүл ашады. Ерте көктемде бақбақ, қоңыраугүл, қызғалдақтар гүлдейді. Құнарлы шөптерді «мал азығы» дейді.

Кез келген өсімдіктің мүшелері(тамыр, сабақ, жапырақ, гүлі) болады.Олар белгілі бір қызмет атқарады.

Өсімдік тамырдың, сабақтың және жапырақтың көмегімен қоректеніп, тыныс алады.

Өсімдік тамыр арқылы топыраққа бекиді.Тамыр өзіне келген қоректі сабаққа жібереді. Сабақ өсімдіктің барлық мүшелерін байланыстырып қорек таратады. Жапырақ қорек жасайды. Содан кейін гүл пайда болып, одан жеміс пайда болады.

Ағаштардың діңі болады. Осы діңнен жан-жаққа бұтақтар тарайды.

Бұталардың діңі болмай ды, тек оның бірнеше қатты бұтақтары болады. Бұтақтары тамырдан бастап жеке-жеке өседі. Олар ағашқа қарағанда аласа болады.

Шөптесін өсімдіктердің сабағы болады. Сабақтары жұмсақ, шырынды, жасыл болады.

Б) Көрнекілікпен жұмыс, оқулықпен жұмыс.



Оқулықтың 49-бетін ашамыз, суреттерге назар аударамыз, тізбектеп оқимыз.

В) Жаңа сабақты бекіту, дәптермен жұмыс.



Дәптерімізді ашып өсімдік топтарының аты мен әрқайсының мысалын жазып қоямыз. Шөптесін өсімдіктің суретін салып мүшелерін көрсетіп қоямыз

IІI. Қорытындылау кезеңі.

- Балалар сендер бүгінгі тақырыпты түсіндіңдер ме? Түсінбеген жерлерің болса айтыңдар.

- Балалар сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?Сендер үшін не жаңалық болды?

ІV. Үйге тапсырма беру.

49- бет мазмұндау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет