№27 Практикалық сабақтың нұсқау картасы
Тақырыбы: Орман шаруашылығының өртке қарсы іс-шараларының сызбасын құрастыру
Сабақтың мақсаты: Орман өртінің өшірудің негізгі қағидаларын түсіндіру.
Дәріске қолданылатын құралдар: нұсқау карта, дәптер , сызғыш, қалам.
Жалпы сипаттама
Орман өртi - орман ауданы бойынша таралып жатқан басқарылмайтын жану. Орман өрттері жануды объектісіне және олардың тарату сипаты бойынша сипатталады. Далаларда табиғи болатын немесе жасанды шақырылатын өрттер.Қазақстанның барлық аумағында орман, дала және орман дала өрттері тіркеледі. Олар хайуанаттар дүниесін, тал-шыбықтарды, бұталарды, дала мен орманда дайын өнімдерді, құрылымдарды және ғимараттарды жояды. Өрттермен әлсіреген отырғызулар қиын аурулардың ошақтары болып қала береді, бұл өттерден зардап шеккен аумақтардың ғана емес, сондай-ақ оған көршілес орналасқан отырғызулардың да жойылуына алып келеді. Өттер салдарынан қорғаушы, су қорғау және басқа да ормандардың және далалардың пайдалы құрылымдары, азықтылар төмендейді.
Жұмыстың барысы
Ормандағы өрт қаупі бар маусым- климат ж/е ауа райы факторларын негізге алып, орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган, обылыстың жергілікті атқарушы органы айқындайтын, орман өрті шығу қаупі болуы мүмкін күнтізбелік жылдың бір бөлігі.
Өрт телімі-орман өртіне қатыстылығы жағынан салыстырғанда біртектес келетін орман қорының учаскесі.
Сұлама өрт- жану материалы топырақ бетіндегі сүрек болып табылатын төменгі жағындағы өрт.
Үстіңгі қабатты өрт- ағаштардың шашағын шарпыған өрт.
Ландшафтық өрт- географиялық ландшафтың түрлі бөліктерін шарпыған өрт.
Орман шымтезегінің өрті- шалшықтанған әрі батпақты топырақтың шымтезектенген қабаты жанатын орман өрті.
Төменгі қабат өрті- орман өсімдіктерінің төменгі қабаттары, орман төсеніші, құлаған бұтақтар арқылы таралатын орман өрті.
Қаулаған өрт- орман биогеоценозының барлық бөліктерін қамтыған орман өрті.
Өрттiң параметрлерi
|
Өрттiң күшi көрсеткiшiнің мәнi
|
Әлсiз
|
орташа
|
күшi
|
Төменгi өрт
|
Тарауының жылдамдығы минут/м
|
1 дейін
|
1-3
|
3-тен көп
|
жалынныңбиiктiгі
|
0,5 дейін
|
0,5-1,5
|
1,5- тен көп
|
Жоғарғыөрт
|
Тарауының жылдамдығы минут/м
|
3 дейін
|
3-100
|
100- ден көп
|
Жерастыөртi
|
Жану тереңдігі, см
|
25 дейін
|
25-30
|
–тен көп
|
Бақылау сұрақтары
1. Өрттің түрлері
2. Өрттен келетін зиян
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Орманшылық
2. Орман кодексі
3. Қазақстан Республикасының орман туралы қаулы-қарарлары.
Достарыңызбен бөлісу: |