Сабақтың мақсаты: Өтілген материалдарға жаттығу, пысықтау арқылы теориялық алған білімдерін бекіту



Дата05.01.2017
өлшемі32,2 Kb.
#6390
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Қорытынды сабақ.

Сабақтың мақсаты:

  • Өтілген материалдарға жаттығу, пысықтау арқылы теориялық алған білімдерін бекіту;

  • Оқушыларды оқулықтағы жаттығулар көтерген тәрбиелер арқылы жұмыстар жүргізу, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: кіріккен сабақ.

Сабақтың әдістер мен тәсілдері: ойын, топтық жұмыс, сұрақ / жауап, деңгейлік

тапсырмалар, суреттер, қосымша материалдар, көрнекілік.



Сабақтың көрнекілігі: оқулық, жеке парақтар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

  • Оқушылар! Міне, сендер сегізінші сыныптың «Қазақ әдебиеті» бағдарламасын толық орындап шықтыңдар. Аталған пән сендердің қазақ әдебиеті туралы білімдеріңді толықтырып, лиро/эпостық жырлар, шешендік сөз туралы түсінік берді. XIX – XX ғасыр әдебиеті өкілдерінің шығкармашылығымен жақынырақ танысуға мүмкіндік туғызды. Әдебиет әлемімен танысу сендердің көркем әдебиетке деген қызығушылықтарының оянуына себеп болып, сауатты оқырман қатарына қосылуға ықпал етті деп ойлаймыз. Жыл бойы алған білімдеріңді жүйелеп, қорытынды сабақ тапсырмаларын орындауға шақырамыз!

  1. Өтілген материалдар сұрақ / жауап әдістері арқылы қайталанып, оқушылардың түсінбей қалған жерлерін қайталап түсіндіріп, жаттығу жұмыстарымен бекіту.

  1. Кесте толтыру.

Жыл бойы оқыған әдеби шығармалар кейіпкерлері туралы кестені толтырыңдар. Кесте / парақша әрқайсыларыңның қолдарыңа таратылады. Белгілі бір уақыт ішінде кесте толтырылуы керек.

Шығарма атауы

Авторы

Кейіпкері

Қандай?

Қандай жағымды қасиеттері мен қылықтары ұнайды?

Кейіпкерге ұқсағың келе ме, жоқ па? Себебін түсіндір





















  1. «Тұлғаны танып біл».

Бірнеше топтарға бөлінеді. Топтарға белгілі ақын / жазушылардың, әдебиетте өзінің атын қалдырған танымал тұлғалардың портреттері таратылады. Сендер портреттегі адамның өмірі мен шығармашылығы, қызметі, жазған шығармаларын естеріңе түсіріп, топ ішінде талдаңдар. Өз тобын бір адам қорғайды. Толық және дұрыс жауап берген топ жеңімпаз атанады.

  1. «Өрмекші» ойыны.

Үстелде үш деңгейдің сұрақтары жатыр. Алдымен отырған үстелден үш деңгейдегі сұраққа дайындалып, үлгергеніңше жауап жазып қалдырыңдар. Белгілі бір уақытта бірінші үстелдің тапсырмасын орындап болған соң, келесі үстелге барып, келесі сұрақтарға да жоғарғыдай жауап жазып қалдырыңдар. Осылай сабақ барысында төртінші үстелді айналып, сұрақтарға жауап беріңдер. Әр үстелдің тапсырмасын орындауға белгілі уақыт беріледі. Ойын соңында мұғалім жауап жазылған парақшаларды жинап алып, тексеріп, бағалайды.

Ойын сұрақтары:

Бірінші деңгей.

  1. Лиро / эпос жырының қысқаша мазмұнын айтып беріңдер.

  2. Абай Құнанбаевтың қандай өлеңін жатқа білесіңдер?

  3. Еңбек туралы қандай мақал / мәтелдер естеріңде қалды?

  4. Портрет дегеніміз не?

Екінші деңгей.

  1. Лиро / эпостық жырлардың қандай ерекшеліктері бар?

  2. Ы. Алтынсарин әңгімелерінің кейіпкерлері туралы айтып беріңдер.

  3. Қандай лирикалық шығармалармен таныстырыңдар?

  4. Әңгіме жанры туралы не білесіңдер?

Үшінші деңгей.

  1. Мағжан Жұмабаев шығармашылығы туралы не білесіңдер?

  2. Лирикалық кейіпкер дегеніміз не?

  3. Ғ. Мүсіреповтің «Өлімді жеңген ана» әңгімесін мазмұндаудың жоспарын ұсыныңдар.

  4. М. Әуезов шығармашылығы туралы айтып беріңдер.

  1. Сабақтың қорытындысы:

  • Оқыған шығармалардың қайсысы өздеріңе қатты ұнады немесе ерекше әсер етті?

  • Авторға не кейіпкерге қандай сұрақтар қояр едіңдер?

  • Өздерің туралы авторға, кейіпкерге не айта аласыңдар?

  1. Үй тапсырмалар беру.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет