Сабақтың мақсаты: Оқушы қызығушылығын арттыру арқылы, шығармашылығын дамыту



Дата12.09.2020
өлшемі13,7 Kb.
#63707
түріСабақ

Тақырыбы: “Ертегілер еліне саяхат” тақырыпқа иллюстрация салу
бейнелеу өнері пәні мұғалімі: Бирманов Н. А.

Өнерді таудың бұлағынан,
Қойдың құлағынан,
Апамның киізінен,
Ешкінің мүйізінен үйрендім.
Әбілхан Қастеев
Сабақтың мақсаты: Оқушы қызығушылығын арттыру арқылы, шығармашылығын дамыту.

Сабақтың міндеті: халық ертегілері желісімен ертегі мазмұнын таныстырып білімдерін ұштау.
Шығармашылық шеберліктерін арттырып, ойлау қабілетін дамыту.
Өз ойын сурет арқылы сауатты түрде жеткізіп, танымдық қабілетін көрсету

Көрнекілік құралдар: Плакаттар, бояу түстері, слайд,
Көркемдеуші құрал: музыка.
Қолданатын құралдар:компьютер альбом, бояу, қалам, қылқалам, өшіргіш, палитра
Сабақтың түрі:
Жаңа сабақ.

Әдісі: түсіндіру, көрсету, көрнекі бейнелеу, топтастыру.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, информатика.

Технология: Ж.Караевтің деңгейлік технологиясы.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу, түгелдеу, жаңа сабаққа зейінін аудару.
Құрал-жабдықтарын тексеру

Жаңа сабақ.
Иллюстрация деген не?
Иллюстрация дегеніміз белгілі бір шығармаға (ертегі, аңыз әңгіме, оқиғалар, өлең) арналып салынған сурет.
Бұл графика түрінде де немесе живопись болып та кездеседі.
Иллюстрация салу кезінде мына элементтерге көңіл бөлу керек:
1. Оқиғадағы кейіпкерлер бейнесі анық болуы керек.
2. Оқиға сюжетіне сәйкес қоршаған ортасы композициялық жағынан дұрыс құрылуы керек.
3. Түстік колоритті дұрыс таңдау керек.

Мысалға : бір көзді дәу, мыстан т.б.
Батырлар, хайуанаттар
ІІ. Қызығушылықты ояту.
Мазмұнына байланысты ертегі бірнешеге бөлінеді: қиял-ғажайып, шыншыл , хайуанаттар туралы .
Ертегі ауыз әдебиетінің ең көне түрі. Ертегіде шынайы және ойдан шығарылған персонаждар кездеседі
Қазақ ертегілерінің көбі былай басталады:
Ерте, ерте, ерте де
Ешкі жүні бөртеде
Қырғауылы қызылда,
Құйрық жүні ұзында-деген сияқты өлеңмен.

ІІІ. Практикалық жұмыс
Бауырсақ ертегісінің жеке кейіпкерлеріне компьютермен эскиз салу, бояумен көрсету.
Топпен жұмыс
Балаларға жылы және салқын түстермен бауырсақ ертегісіне Paint программасымен иллюстрация салғызу.
Түстік колорит
Деңгейлік тапсырмалар
Міндетті деңгей
Мүмкіндік деңгейі
Шығармашылық деңгей
Қорытындылау
Эскиздерді тексеріп, келесі сабаққа бояу үйлесімін келтіріп келу.
Үйге тапсырма:
Осы ертегіні аяқтап келуді тапсыру.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет