Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Биология және оған тығыз байланысты ғылымдыардың зерттейтін саласымен таныстыру


§ 15. V. Тест сұрақтары. 11сынып. Биология. 22.10.2009 Cабақтытың тақырыбы: Бейімделуішлік



бет5/13
Дата10.04.2017
өлшемі3 Mb.
#13558
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
§ 15.

V. Тест сұрақтары.

11сынып. Биология. 22.10.2009

Cабақтытың тақырыбы: Бейімделуішлік эволюция факторларының өзара әрекетінің нәтижесі

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды табиғи сұрыптаудың сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларымен күрес түрлерімен таныстыруды жалғастыру.

2. Оқушылардың дүние танымын артыру.Қоршаған орта заңдылығын ғылыми тұрғыда түсіну.

3. Оқушыларды табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру.

Сабақтың түрі: Қайталау..

Сабақтың пәнаралық байланысы: география,экология.

Сабақтың әдісі:Сұрақ жауап,баяндау, перфокартамен жұмыс

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Тапсырмалар орындау.

ІІІ. Үйге тапсырма беру.

ІV. Бағалау.

І. Амандасу,оқушыларды түгелдеу,сабақ мақсатымен танысу.

ІІ. 1.Бүркеніш реңнің түрлері қандай?

2. Сақтаңдырғыш реңнің түрлеріне мысалдар келтір.

3.Қызықтырушы реңнің түрлеріне мысалдар келтір.

4. Өсімдікте болатын еліктеуші реңнің түрлеріне мысалдар келтір.

5. Жануарларда болатын еліктеуші реңнің түрлеріне мысалдар келтір.

БейімделушілІктің түрлері.

1. Бүркеніш (жасырушы) рең және оның түрлері.

2. Түйсік-сезімдік бейімделу.

3. Ұрпағына қамкорлық.

4. Физиологиялык бейімделу.

Өздік жұмыс сәйкесін тап.

Берілген тапсырманы оқып,талдап,сәйкес келетін бейімделушілік түрлерін кестеге тұсындағы сандары арқылы белгілеңдер.

1.Тропиктік орманда сабақтарының әлсіздігінен басқа ағаштарға оралып, сүйеніп өсетін өсімдіктер лианалар деп аталатыны белгілі. Жыландар лианаға ұқсап ағашқа оралып тұрғанда, оларды лианалардан ажырату қиын.

2. Жасыл шегіртке, жасыл кесіртке, кұм түсіне ұқсаған жыландар және т.б.

3. Ханқыз қоңызының ашық қызыл, сары, қоңыр қызыл, шымқай қара реңдері мен нүктелері жауларына таныс белгі. Сары түсті жәндіктердің қаны ащы болғандықтан, оларды кұстар жемейді.

4. Күздің шуақты күндерінде гүлдерге топ-тобымен қонып отырған, бал арасына ұқсас, бірақ шақпайтын гүл шыбындарын көруге болады.

5.Тасқа жабысып, қозғалмай, күнге қыздырынып жатқан кесірткені тас екен деп, байқамай қаласың.

6.Кейбір көбелектердің жұлдызқұрттары бұтаққа бекініп, қозғалмай тұрса, бұтақтан аумайды.

7. Қанаттарын жайып жібергенде жапырақ пішінінен аумайтын көбелектер болады.

8.Сона шағады, ал сонаға ұқсас, бірақ шақпайтын шыбындар кездеседі.

9.Үшкір құрсақты, ұзын аяқты, баяу қозғалатын қара қоңызға тиіп қалсаң, құрсагын тік көтеріп, айналасына жағымсыз иіс бөледі. Сол сияқты шөп кандалаларында да өте жағымсыз иіс бар.

10.Қиыр солтүстікте мекендейтін жануарлардың барлығының түсі қардай аппақ.

11.Жабайы ара құрсағының ашык реңі, сары ала болуы, түкті аралардың бүкіл денесі (қанаттарынан баска) түк басқан, көкшіл қара ренді болуы.

12. Жабайы араларға ұқсаған көбелектер, ханқыз қоңызына ұқсайтын кандалалар көп кездеседі.

10. Тек жәндіктер мен жануарлар ғана емес, өсімдіктер де қоршаған орта жағдайына түрліше бейімделеді.

жауабын дұрыс тапсаңдар өсімдіктердің бейімделушілік белгілері анықталады.




Бүркеніш рең

Сақтандырушы рең

Қауіп төндіруші

Еліктеуші рең




































Тапсырма

Келтірілген мысалдар бүркеніш реңнің кай түріне жататынын әркәйсысының тұсындағы торкөзге бас әріппен белгілендер.

"СҚ" — сақтандырғыш; "ҚЗ" — кызьщтырғыщ; "ҚТ" — қауіп төндіруші; "ЕК" —еліктеуші.

1. Хаңқыз қоңызы

2. Орденді көбелек

3. Қаракоңыз (жағымсыз иісті)

4. Атбас балық

5. Непентес (жөндіккоректі өсімдік)

6. Оқпан


7. Қырғауылдың қоразы

8. Дәуіт

1. Үйеңкі, шаган, қайың, жөке, карағаш ағаштарының түкым-дарында жүка өсінді канатшалары, ал көктерек, бак-бак, тал және т.б. өсімдіктердің түкымдарьшда макта тәрізді үлпектері болады. Олар

өсімдікке не үшін қажет?

2. Тал, қайың, кандағаш, шаған, үйеңкі, карағаш ағаштарынын реңсіз аталык гүлдері жапырақ жаймай түрып гүлдейді. Себебін түсіндіріңдер.

Қауіп төндіруші рен:

көбелек қанатындағы көз төрізді

белгі (1) кауіп төндіру кезінде эльюр-

байғыздың (2) көзіне ұқсайды

. Еліктеуші рең: ак

көбелек (1) улы геликонида

(2) көбелегіне ұксайды

. Өздігінен қорғана алмайтын организмдердің бүркеніш рендері бір немесе бірнеше түрлерге ұксас болады. Теңіз атбас балығы мен ине балыктың дене пішіндері балдырға ұксайды.

Ак көбелек жағымсыз иісті, апды дәмді, ашық реңді, жеуге жарамайтын геликонида тұқымдасына жататын көбелекке ұқсайды. Гүл шыбыны жабайы араға ұқсайды. Усыз жыландардың улы жыландарга ұқсауы және т.б. қасиеттері жауынан сақтанып, тірі қалуына мүмкіндік береді.

Өсімдіктердегі еліктеуші реңнің мысалдары. Өсімдіктердегі еліктеуші рең — жануарларды қызықтырып тарту және қорқыту үшін қажет. Әдетте, кездікқын (белозор) өсімдігңің гүлінде нектар шырыны болмайды. Жәндіктерді өзіне тарту үшін сыртқы түрі балды өсімдіктерге өте ұксас болады. Сондыктан жәндіктер гүліне қонып, тозаңдандырады.

Жәндіккоректі өсімдіктердің (непентес) гүлдері өте ашық ренді. Жәндіктер оның гүліне қонғанда, өздерінің қақпанға калай түскендерін де б. Сүйсін (орхидея) гүлінід пішіні мен иісі кейбір жәндіктердің аналығына үксас болғандыктан атальщ жондіктер еріксіз гүлге конып, тозаңдандырады.

Мимикрия — табиғи сұрыпталудың "бакылауымен" жүреді. Жеуге жарамды жөне жарамсыз түрлердің бір орта жағдайында тіршілік етуіне байланысты үсак, пайдалы мутациялардыд жинакталуынан пайда болған. Жауларынан корғанудың бірден-бір сенімді күралы әрі бейімделушілік белгілері: коңыздар мен танкы шаянның хитинді кабықтары; былкылдакденелілердің бакалшактары; крокодил кабыршактары; сауытты аң мен тасбакдның сауыты; кірпі мен жайраның тікенектері.

• Бейімделушілік. Бүркеніш рең. Сақтандырушы рең. Қызыкты-рушы рең. Қауіп төндіруші рең. Еліктеуші рен (мимикрия). 1. Организмдердің тіршілік ортасына түрліше бейімделуіне негізгі себепші — сүрыпталу.

2. Бүркеніш рең — ашык жерде тіршілік ететін организмдердің жауынан қорғануы үшін қажетті бейімделушілік.

3. Сактандырғыш рең — улы, шағатын, күйдіретін жөндіктерге тән бүркеніш реңнің түрі.

4.Қызықтырушы рең — организмдердің көбею кезіндегі бүркеніш реңнің түрі.

5. Қауіп төндіруші рең — жауынан қорғану үшін айбар шегіп кұтылу тәсілі.

6. Табиғаттың өлі заттарына және тірі организмдеріне еліктеу — өздігінен қорғана алмайтын, баяу козғалатын дәрменсіз организмдердің бейімделушілігі.

*? А. 1. Органшмдер кандай белгілері аркылы бейімделушілікке ыңғайланады? 2. Бейімделушіліктер калай пайда болды?

11сынып. Биология. 24.10.2009

Cабақтытың тақырыбы: Түйсік-сезімдік бейімделу

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды түйсік-сезімдік бейімделу түрінің мысалдарымен таныстыруды

2.Оқушылардың дүние танымын артыру.Жануарлар мен өсімдіктер сыртқы ортамен байланысты биологиялық ерекшеліктерін білу.

3. Оқушыларды жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру.

Сабақтың түрі : өздігінен меңгеру

Сабақтың пәнаралық байланысы: география,экология.

Сабақтың әдісі:, перфокартамен жұмыс

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Жаңа сабақ .

ІІІ. Бекіту

ІV. Үйге тапсырма беру.

V. Бағалау.

І. Амандасу,оқушыларды түгелдеу,сабақ ақсатымен танысу.

ІІ.Түйсік-сезімдік бейімделу.Мысалы, жыл мерзімінің колайсыз кезеңдеріне қорек қорын жинап алу. Тайгада мекендейтін тоқалтіс (полевка) астыкқ тұқымдастардын дәнегін, кепкен шөптер мен тамырларын (10 кг) жинайды. Соқыртышкандар емен тамырларының қалдықтарын, жаңғағын, картоп түйнегін, дала бұршағынан 14 кг-ға дейін қор жинайды.

Орта Азиянын шөлді жерлерінде үлкен құмтышқан жаздың бас кезінде іннің айналасына (ішіне де тасиды) шөптерді үйіп жинап қояды. Жаздың аяғында, күзде, қыста сонымен қоректенеді. Су күндызы ағаш жаңқалары мен бұтақтарын інінің маңына (көлемі 20 м3) үйеді. Жыртқыш аңдар да қор жинайды. Су күзені мен сасық күзендер ұсақ аңдарды, бақа мен жыландарды корға жинайды. Тағанаккүс (соро­копут) тышқан, кесіртке, қоңыздарды бұтаққа іліп қойып, қыста коректенеді. Самырсынқұс (кедровка) самырсың бүрінің тұқымдарын ажыратып, жұтқыншағына толтырып, орман арасындағы мүктердін немесе шіріген томардың түбіне кеміп қояды. Пайдаланбай қалып қойған тұқымдар көктемде енііг, өскін дамиды. Боршатышқан алдымен қорек сақтайтын "қоймасын" әбден тазалап алады. Содан соң жанғақтарды, жабайы шөптердің тұқымдарын, саңырауқүлақтарды (8 кг-дай) бір-бірімен араластырмай жеке-жеке көміп, көктемде корек етеді.

Ұрпағына қамқорлық. Жануарлардың арасында ұрпақтарын жауынан қорғау үшін әр түрлі бейімделушілік белгілер қалыптасқан. Оған мысал, уылдырықтарын тастардың арасына шашатын балықтар, уылдырыққа жақындаған жыртқыштарды жолатпай қориды. Америка жайын балығы уылдырықтарды әбден дамып-жетілгенше бауыр жағына жабыстырып алады. Теңіз жайын балығы — галеихтаның аталығы уылдырыктарды ауыз қуысында, тіпті қарнында сақтайды, бұл кезде олар қоректенбейді. Уылдырықтан шыққан шабақтар қауіп төне қалса дереу аналық балықтын аузына тығылады. Буынаяқтылар мен теменгі сатыдағы омыртқалы жануарлар ұрпағына қамқорлығын қорекпен қамтамасыз ету арқылы жасайды. Қауымдаспай жеке тіршілік ететін ординера және аммофила дейтін жабайы құм аралары бар. Олар қоңыз, өрмекші, қарашегіртке, дәуіт, көбелектін жұлдызқұрттарының жүйке түйіндеріне дәлдеп шаншарын қадап, өлтірмей, әлсіретіп жұмыртқаларын салады. Жұмыртқадан дамитын дернесілдер сол жұлдызқұрттарды қорек етеді. Бейімделушіліктің бүл түрін түйсік-сезімдік деп те есептеуге болады.

Физиологиялық бейімделу. Барлық бейімделушіліктер тек физиологиялык бейімделушілікпен үйлескенде ғана тіршілік үшін күресте жеңіске жетеді.

Құрлықта көбірек тіршілік ететін қосмекенділер денесіндегі судың көп мөлшерін терісі арқылы шығарады. Ылғал аз жерде қорегін аулауға түнде шығады, күндіз кемірушілердің інінде тығыльш жатады. Бақалар көбейер кезде, көбінесе уақытша пайда болған көлшіктерге уылдырық шашады, олар тез арада дамып үлгереді. Шөлді жерді мекендейтін жануарлар құрғакшылық болар алдында денесіне май қорын жинайды. Май тотыққанда су түзіледі. Құстар мен сүткоретілер тер бездері мен тыныс жолдары арқылы су булануын реттейді. Адамда түз алмасу нашар реттелетіндіктен сусыз ұзаққа шыдай алмайды. Бауырымен жорғалаушылар мен кұстар теңіз жағалауларында тіршілік етіп, теңіз суын ішетіндіктен артық тұзды сыртқа шығаратын арнайы бездері жетілген. Суға сүңгитін жануарлар суда

оттексіз ұзақ уакыт шыдайды. Түлендер 100—200—600 м тереңдікте 40—60 минут шыдайды. Мұндай шыдамдылық бұлшық етінде болатын миоглобин пигментіне байланысты. Миоглобин гемоглобинмен салыстырғанда оттекті 10 есе көп байланыстырады. Бейімделушілік табиғи сұрылталу әсерінің нәтижесіиде пайда болды.

Бейімделушіліктің салыстырмалы сипаты. Бірақ табиғатта тіршілік жағдайларына мүлдем (мүлтікіз) бейімделген түрлер жок, бейімделушіліктің барлығы тек салыстырмалы. Егер тіршілік еткен орта жағдайы өзгере қалса бейімделушілік организмді құтқара алмайды. Мысалы, кит суда ғана тіршілік етеді, егер құрлыққа өледі. Зор денесінің салмағы қан тамырларын қысып канайналымы мен тыныс алуы кқындап, кит денесі өз салмағымен жаншылады. Улы жыланның уы өзін сақтап қалғанымен оның уы хатшы құсқа, кірпіге, шошқаға, мангустаға ешқандай әсер етпейді. Тасбақаның сауыты ішіндегі жұмсак денесін қорғағанымен, жыртқыш құстарға жем болады. Аспанға көтеріп жерге тастап жібергенде сауытының быт-шыты шығып, жарылып, жұмсақ денесі құска жем болады.

Кемірушілердің күрек тістері үдайы есетіні сендерге жануартану пөнінен белгілі. Тек катты корекпен коректенсе ғана тістері іш жағынан мұкалып өткірлене түседі. Жұмсак корекпен коректенсе кұрек тісі өсіп, аузына сыймай тіршілік етуін киындатады.

Өсімдіктерде шыбынжұт деп аталатын улы саңырауқүлактың уы шыбындарды өлтіреді. Оның жаланаш шырыштарға әсері жок болғандыктан, олар тауысканша үңгіп жей береді. Өсімдіктер тозаңдандыратын жәндіктер болмаса тозанданбайды әрі жеміс бермейді. Жантақ шағыртікен, караған өсімдіктері өткір тікенекті. Дегенмен олар түйе, жирафтардың сүйсініп жейтін қорегі, тіпті аш болса басқа да малдар жейді.

Мысалы, түн көбелектеріне түнде айкын көрінетін гүлдердің шірнесімен коректенуі пайдалы болса, ал жанып тұрған отқа түсіп өлуі оларға зиянды. Арқар және бұғының мүйіздері жыныстық айырмашылығын білдірді әрі қорғануға қажет. Ал үлкен мүйіздердің тиімсіз жақтары түнгі ұйқыға әрі тез қозғалуынаа кедергі

болады.

ІІІ. Биологиялық диктант.

ІV. Үйге § 16.

733. Тірпгілік ортасы, өзгеріс, бейімделупіілік организмдерді кұтқара алмайды, сондъщтан бейімделушіліктер салыстырмалы.

*? А. 1. Түйсік-сезімдік бейімделу мысалдарын түсіндіріңдер.

2. Барлык бейімделушілік тек физиологиялық бейімделушіліклен үйлескенде ғана организмдер тіршілік үшін күресте табысқа жететінін түсіндірікдер.

B. 1. Бейімделушіліктерді неліктен салыстырмалы ғана дейді? Мысалмен дөлел-

деңдер.

2. Жануарлардың ұрпағына камқорлығын дөлелдейтін мысалдарды талдаң-дар.



C. 1. Организмдер тірі қалу үшін қандай әрекеттер жасайды?

2. Түйсік-сезімдік бейімделудін зиянды жактары бола ма, болса мысалмен дөлелдеңдер.

ү 3-зертханальщ жұмыс

Организмдердің бейімделушілігі — табиғи сүрыпталудың нәтижесі

Қүрал-жабдыктар: әр түрлі жолмен таралатын түқымдардың жинактамасы (карағаш, терек, кайьщ, үйеңкі, шатан, бакбак, шоңайна, итошаған), жидектер, көбелектер мен коңыздардың жинактамалары, суреттері, кактус, алоэ өсімдіктері, оқулыктагы суреттер.

Орындалатын тапсырмалар

1. Қарағаш, қайын, үйеңкі (табылғандарының біреуін талдаса жеткілікті) ағанітарының канатты жемістері (түкымы да) қандай жолмен таралуға бейімделгенін аныктау.

2. Шонайна, итошаған түкымдары (жемістері де) калай таралуға бейімделген, ерекше силаты (белгілері).

3. Жидектердің жинактамасы (бар болса) мен суреттерін пайда-ланып, кандай жолмен таралатынын талдап, ерекшелігін көрсету.

4. Окульщтағы суреттен және табылса көбелектер мен коңыз-дардан түкті ара, бал ара, жабайы аралардан бүркеніш реңнін форма-ларын ажырату.

Барлык бейімделушіліктер эволюция процесінде калай пайда болғандығын жоне оньщ салыстырмалы екендігінен хабарлама жазындар.

Жұмыс корытындысында түсінгендерінді кестелерге толтырыңдар.



Р/с

Өсімдіктер

Бейімделу сипаты

Таралу жолдары
















Р/с

Жөндіктердің аты

Бүркеніш реннін формалары







сактандырушы

ңауіп төндіруші

еліктеуші
















64

§ 17. Популяция-түрлік деңгей — эволюцияның і бастапқы кезеңі

Түр — эволюциялық процестің сапалы кезені. Түр өзара шағылыса алатын немесе шағылысуға кабілетті популяциядан түрады. Түр уакыткд байланысты үзак жылдар бойы түрақты сакталады жөне үздіксіз өзгерістерде болады. Бір түрлер жойылып, екінші түрден жаңа түрдің бастамасы дамиды. Түрдің биогеоценозда өзіндік алып жаткдн кеңістігі жөне орны бар. Түрдің популяция мен түр тармағынан генетикалық жағынан үлкен айырмашыльпы бар. Түрлердід арасында морфологиялык, физиологиялык және биохимиялык айырмашы-лыктары болады.

К. Линней: "Түр әзгермейді, өуел баста канша болса, сол күйінде калады", — деді. Ч. Дарвин түрлердін өзгеретіндігін 1859 жылы "Түрлердің шығуы" деген еңбегінде дөлелдеді. Түр — генетикалық күрделі жүйе. Бі? түрдің дараларына жалпы гендік кор тән жөне олар окшауланғандыктан гендері баска түрдің дараларымен алмас-пайды. Түрге өр түрлі тур тармактары мен популяция топтары кіреді. "Түр" деген үғымды XVII ғасырдың соңында ағылшын табиғат зерттеушісі Джон Рей (1628—1705 жж.) енгізген.

Бір түрге жататын барлык даралардың шығу тегі ортак және мінез-кыльщтары үксас. Түр — органикалык дүниенін нактылы тірші-лік ететін генетикалык. жағынан бөлінбейтін бірлік өлшемі. Түр — эволюпиялык процестің бастапкы негізгі сапалы кезещ. Түр — табиғат-тағы белінбейтін ең кішкене генетикалык; түракты жүйе.

Түр критерийлері. Түр критерийлері — морфологиялык, генетика­лык, физиологиялык, биохимиялык, географиялык, экологиялык деп бөлінеді.

1. Морфологияльщ критерий — бір түрдегі даралардың сыртқы жөне ішкі белгілерінің үқсастығы. Дегенмен табиғатта морфология­лык жағынан үксас, бір түрге жатпайтын, хромосомалар жиынтығы әр түрлі болғандықтан, бір-бірімен шағылыса алмайтын түр "косар-лары" кездеседі. Безгек масасы, егеуқүйрыктьщ бірнеше түр косары бар. Эр жерде таралған егеукүйрьщтардың хромосома саны эр түрлі. 2. Генетикалык критерий — өр түрдің езіне төн хромосома-ларыньщ саны, тнгіні, мөлшері түрліше болғандыктан, бір түр мен екінші түр даралары бір-бірімен шағылыспайды. Егер түраралык шазгылысу бола калган жағдайда, оларда# тіршілік етуге кабілетсіз гаметалар, зиготалар, үрыктар жөне үрпактар түзіледі. Түраралык шағылысудан туған үрпақтар бедеу болады. Әрбір түрдіц генотипі — эволюциялық жолмен дамитын жене биологиялык бейімделушілікті керсететін күрделі жүйе. Дегенмен табиғатта есімдіктердің арасында (раушангүлдер түкымдасында) түраралық будандар кездеседі. Жануарларда түраралык шағылысу жоктың касы. Түрдің барлык критерийлерін бір-бірімен байланыста колданғанда ғана өр түрді бір-бірінен ажыратып, сипаттап, толык аныктайды.

65

3 - Биачогия (ЕМ| 1 Ікл. На казах.


3. Физиологиялык критерий — бір түрдің зат алмасу, көбею, тітір-кену жөне т.б. үқсастығын сипаттайды.

4. Биохнмиялық критерий. Нөруыздың кұрылысы мен күрамының түрліше болуьгаан түрлер алуан түрлі болады. Сондыктан биохимия-лык критерий өр түрдің жеке топтарьшда жоғары молекулалық органикалык косылыстар синтезделетінін анықтайды.

5. Географиялық критерий — түрдің таралу аймағын (ареал) анықтайды. Түрдің таралу аймағы (үлкен, кіші, түтас, үзілмелі) болады. Бір таралу аймағында пайда болған түрлер эволюция процесінде кеңейеді жөне өзге^ді. Мысалы, мамонт ағашы мен мөңгі жасыл секвоя — мезозой заманынын. бор кезеңінде дамыған көнезамандык түрлер. Кайнозой заманынын үштік кезенінде Солтүстік жарты шарға кеңінен таралған. Солтүстік Америка, Калифорния жағалауларында осы кезде жергілікті түр болып сактальш калган. Түр таралу аймағының силаттамасы (аумагы, пішіні, т.б.) түрдің пайда болу тарихымен тығыз байланысты болғандыктан түрге төн маңызды белгілері бар. Түрлер жер бетіне кен таралып бір-бірімен жанасып, араласып, түтасып кетуі мүмкін. Түрдің белгілі таралу аймағын аныктау үшін географияльщ критерий жеткіліксіз.

6. Экологиялық критерий — әр түрдің накты алып жаткан орнын (мекен ортасын) анықтайды. Мысалы, оркоян (далалы аймакта мекендейді), аккоян (орманда), күмкояны (шөлді, шелейтті жерлерді мекендейді).

Түрлердің айырмашылығы коректенуі мен тірпгілік ету ортасына байланысты. Кейбір түрлердің экологияльщ ерекшеліктері үксас.

Бір түрге жатса да каскырлардын тундрада жөне орманды-дала аймағында мекендейтіндерінің тірпшгік жағдайында айырмашылыктар бар. Түрлердің ерекшеліктерін аныктауға тек экологиялық критерий жеткіліксіз болады. Сондыктан критерийлердің барлығьш бір-бірімен байланыстыра колдану тиімді.

7. Этологиялық критерий. Бүл критерий көбіне жануарларға байланысты айтылады. Әрбір жануар түрінің өзіне төн ерекшеліктері болады. *

Түрдің популяциялық құрылымы. Кез келген түрлер кеңістікте біркелкі таралмай, топ күрып орналасады. Бір түрдегі даралардьщ тобы көп те, аз да болады жөне олардың тіршілік етуі үзак жылдарға немесе 2—3 үрпак бергенге дейін ғана созылуы мүмкін. Мысалы, көп жауған жаңбыр суынан уакытша пайда болған шалшық суға бакалар уылдырық шашып, тіршілік ете бастайды. Бірак олардың тіршілігі үзакка бармай, ыстыктан шалшық су кепкенде кырылады. Керісінше үлкен көлдерді мекендейтін түрлер бірде азайып, бірде көбейіп жатса да үзак уакыт тіршілік етеді. Популяция — белгілі бір таралу аймағында үзақ уакыт тіршілік ететін бір түрге жататын даралар тобы. Популяцияда тіршілік ететін даралар бір-бірімен тығыз байланысты. Түракты популяциядағы даралардын жас ерекшеліктері (жаңа туғандарынан бастап ересектеріне дейін) өр түрлі.

66

Популяцияның ең негізгі ерекшелігі — ондағы даралардын Генотиптерінін ұқсастығы. Түрлердін барлык кдсиеттері мен белгілері өте үксас, сондыктан популяцияньщ ішінде еркін шағылысу жиі және ясеңіл болады.



Тур щзілу — түр тармағы аркылы жүзеге асатынын кезінде Ч. Дарвин аныктап берді (26-сурет).

1. Әрбір түртармактан баска түр шығады.

2. Жаңа түрдін түзілуіне жеке топтардың бейімделушілігі мен өр түрлі жагдайлар өсер етеді.

3. Бір немесе бірнеше аралас популяциялардан жаңа түр шығады.

4. Таралу аймагынын ішіндегі бастапкы түрден (түрдін ішінен) түр түзіледі. Бүл түзілудің бірнеше жолдары бар: а) кариотиптің тез өзгеруі (полиплоидия); ө) экологиялык немесе маусымдык окшаулану

жене т.б.



Жана түрдщ түзілуше әр түрлі жагдайлар эсер ететішн мысалмен дөлелдейік: туыстык жагынан жакын организмдер физикалык кедер-гілерден (теңіз, тау жоталары, шел, өзен, мүздыктар жөне т.б.) географиялык окшаулануға үшырайды. Таулы аймактарда жеке төбелер (тау жоталары) алкаптардын арасын бөліп түратындыктан







Зв-cypet. Түр түзілу: 1 — бастапкы түр; 2 — екі түр тармағы; 3 — жаңа екі түр

67алқаптарға қарағанда таулы жерлерде өр түрлі түрлер көбірек болады. Мысалы, АҚШ-тың таулы аймағының батыс бөлігінде қояндардың 23 түрі мен түр тармағы кездеседі. Жазық жерлерінде (шығыс, батыс) тек 8 түрі ғана бар. Бір-біріне жакын орналасқанымен арасьш тау жоталары бөліп, мөңгі кар басып жататындыктан ол жерде өсімдіктер мен жануарлардың тек сол жерге төн түрлері бар. Географиялык. оқшаулану (алшактык) бүзылған жағдайда бөлініп кеткен түрлер косылып, шағылысуы мүмкін. Тек генетикалык. алшадтығы болмауы керек.

• Популяция-түрлік денхей, Түр критерийлері. Түр түзілу.

1. Түр түзілу — микроэволюцияның нөтижесі.

2. Түр — өзара шағылыса алатын немесе шағылысуға кдбілетті популядиядан түрады.

3. Түр — органикалык дүниенін акиқат тіршілік ететін, генетика-лык жағынан бөлінбейтін өлшемі бірлігі.

4. Түр критерийлерін бір-бірімен байланыста колданғанда ғана өр түрді бір-бірінен ажыратып, тольщ сипаттап аныктауға болады.

5. Жаңа түр — бір полуляциядан немесе бір-бірімен шектесіп жаткан популяциялар тобынан пайда болады.

1, Түр дегенішз не?

2, Түрдін географиялық критерийін мысалмен дөлелдеңдер.

B. 1. Түр түзілу калай жүреді?

2. Биохимиялык және әкологиялык критерийлердің айырмашылығын дәлел-деңдер.

C. 1. Түрдің күрьілымы туралы не білесіңдер?

2. Генетикалық және морфологиялык критерийлерді сипаттаңдар.

11сынып. Биология. 14.11.2009

Cабақтытың тақырыбы: Макроэволюция. Палеонтологиялық дәлелдемелер.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды т макроэволюция және палеонтологиялық дәлелдемелермен т аныстыру.

2.Оқушылардың дүние танымын артыру, ғылыми көзқарас қалыптастыру.

3. Оқушыларды жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру.

Сабақтың түрі : өздігінен меңгеру

Сабақтың пәнаралық байланысы: география,экология.

Сабақтың әдісі:, перфокартамен жұмыс

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Жаңа сабақ .

ІІІ. Бекіту

ІV. Үйге тапсырма беру.

V. Бағалау.

І. Амандасу,оқушыларды түгелдеу,сабақ ақсатымен танысу..



ІІ. Макроэволюция — ірі жүйелік топтардың (тип, класс, отряд) қалыптасу процесі. "Макроэволюция" терминін биологияға 1927 жылы селекционер ғалым Юрий Александрович Филипченко енгізген.

Палеонтология — тірі организмдердің қазба қалдықтарын зерттейтін ғылым. Палеонтолог ғалымдар Ч. Дарвин идеясына сүйене отырып, жануарлардың даму тарихын зерттеді. Палеонтологияның максаты — тек қазбадан табылған жануарларды ғана емес, олардың даму тарихын да зерттеу. Владимир Онуфриевич Ковалевский (1842— 1883), негізінен, тұяқты жануарлардың тарихын зерттеген ғалым. В.О. Ковалевский жылқылардың қанқасын, тістерін, аяқтарын зерттеді. Эволюциялык процестің себептерін тексере келе тіршілік ету ортасының өзгеруінен, өзгерген ортаға бейімделуінен "өзгеріске ұшыраған" деген қорытынды жасады. Ауа райының өзгеруіне байланысты ормандардың көлемі азайып, ашық далалы жерлердің көбеюі жылқының ата тегінің тіршілік ортасын өзгертті. Олар далалы жер жағдайына бейімделе бастады. Жауынан қашып кұтылу ж\е қорегі мол жайылымдарды іздеп табу үшін жылдамырақ қимылдауға тура келді. Көлемді жерлерді шарлауы аяқтарындағы башпайларының санын өзгертті. Тек аяқтарындағы бақай саны өзгеріп қойған жоқ. Дене тұрқы, бас сүйегінің пішіні де өзгеріп, азу тістерінің құрылысы күрделеніп, шөппен ғана қоректенетін жағдайға жетті.

Эогиппус Мерикгиппус Гиппарион



27-сурет. Жылқылар эволюциясы

Бес башпайлы аяктарының бір башпайға дейін өзгеруі, дене мөлшерінің іріленуі, азу тістерінің күрделенуі жылқы эволюциясының сипатын көрсетеді. Қазба калдықтарды зерттеуде бір түрдің екінші түрге, бір туыстың екінші туысқа біртіндеп өзгеруінің табылуы — эволюциялық процестің дәлелдемесі.

В.О. Ковалевский жылкылардың даму сатысын, қазіргі жылқылардың шығу эволюциясын зерттегенде берілген атауларды кайнозоі заманының үштік кезеңінің ғасыр атымен атады. Жылкылардь аяктарындағы башпай санының біртіндеп өзгеру ретіне карай орна ластырды.

1.Фенакодус (палеоценде тіршілік еткен) — 5 башпайлы, үлкендігі түлкідей.

2.Эогиппус (эоценде тіршілік еткен) — биіктігі 30 см, алдыңғь аяктарында 4 башпай, артқы аяктарында 3 башпай.

3.Миогиппус (миоценде тіршілік еткен) — ортаңғы башпайы еті жақсы жетілген, 2-, 4-башпайлары қысқа.

4.Парбгиппус (миоценде тіршілік еткен) — ортаңғы башпайы жерге тиген, 2-, 4-башпайлары өте қысқа.

5. Плиогиппус (плиоценде тіршілік еткен) — бір бапшайлы, жанама башпайлары жойылған, тек қалдық ретінде сақталған.

6.Қазіргі заман жылқысы.

В.О. Ковалевскийдің жылқының қазба қалдықтарының түрлеріі зерттеп, бірізділік (жүйелілік) қатарын ашқаны эволюциялыі процестің болғандығының айғағы. Бірін-бірі біртіндеп ауыстырып дамып, эволюциялық процестің барына көз жеткізген қатарды филогенетикалық қатар дейді. Тақтұяқты сүтқоректілердің қазба қалдықтарын зерттеудің нәтижесінде В.О. Ковалевский ж\е оның ізбасарлары жылқының тарихи дамуын (филоғенезін) калпына келтірді.

ІІІ. Зертеу бөлімі.

ІV. § 18

V. БІЛІМІҢДІ СЫНА

Тарауды қайталау сұрақтары Микроэволюция туралы ілім

1.Бір кеңістікте тіршілік етіп, бір-бірімен еркін шағылысып ұрпақ беретін, генетикалық жүйе құрап, бір түрге жататын даралар жиынтығы.

2. Ч. Дарвин тұқым куалайтын өзгергіштікті қалай атады?

3. Жеке өзгергіштіктің (айқын емес) қазіргі атауы.

4. Ч. Дарвиннің анықтауы бойынша иттің тегі.

5. Адамның алдына ешкаидай мақсат қоймай сұрыптауы, қолдан сұрыптаудын қай түріне жатад

6. Бір түр мен екінші түрдін арасында болатын тіршілік үшін күрес.

7.Көбейер кезде бір турге жататын құстардың орынға таласуы.

8. Қорек, ылғал, ауа жеткілікті болса да бір түрге жататын тұқымдардын бірі жақсы, екіншісі нашар, тіпті өспей қалуы — тіршілік үшін күрестің қай түрі?

9. Кактустың фотосинтез қызметін атқаратын мүшесі?

10.Қоршаған орта жағдайына бейімделіп, тіршілігін сақтап қалу үшін жазда ұйқыға кететін организм.

11. Табиғи сұрыпталудың нәтижесінде не түзіледі?

12. Қоршаған орта жағдайларында тіршілік ету үшін организмде белгілі қасиеттердің пайда болуы.

13.Жауы тез байқайтын ашық жерде тіршілік ететін организмдердін. жауынан

қорғану үшін бейімделуі қандай рең?

14. Рендері есте сақталатындай өте ашық, түрлі түсті болуы қандай реңге жатады?

15. Атбас балық пен ине балықтың дене пішіндерінің балдырга ұқсауы қандай рең?

16. Организмдердің қоректен қыстық қор жинауы, ұрпағына қамқорлығы қандай бейімделуге жатады?

17.Бір түрге жататын даралардың сыртқы ж\е ішкі белгілерінің ұқсастығын көрсететін критерий.

18. Әр түрдің нақты алып жатқан орның анықтайтын критерий.

19. Бір түр мен екінші түр дараларының бір-бірімен шағылыспайтынын көрсететін критерий.

20.Организмдердің мінез-қылығының айырмашылығын анықтайтын кри­терий.

21. Микроэволюцияның нәтижесі.

11сынып. Биология. 19.11.2009

Cабақтытың тақырыбы: Эволюцияның салыстырмалы-анатомиялық дәлелдемелері. Гомологтық жөне аналогтық мүшеле

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды эволюцияның салыстырмалы-анатомиялы дәлелдемелерімен т аныстыру.

2.Оқушылардың дүние танымын артыру, тірі организмнің дамуы туралы ғылыми көзқарас қалыптастыру.

3. Оқушылардың тіл байлығын дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру.

Сабақтың түрі : өздігінен меңгеру

Сабақтың пәнаралық байланысы: география,экология.

Сабақтың әдісі:, перфокартамен жұмыс

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Жаңа сабақ .

ІІІ. Бекіту

ІV. Үйге тапсырма беру.

V. Бағалау.

І. Амандасу,оқушыларды түгелдеу,сабақ р ақсатымен танысу..

ІІ Қазба қалдықтары табылмаған, каңқасы жоқ организмдердің дене кұрылысын салыстырып, туыстығын салыстырмалы анатомия аркылы дәлелдейді.

Салыстырмалы-анатомиялық зерттеулер арқылы кейбір омыртқалы жануарлардың алдыңғы аяқтарының әр түрлі қызмет аткарғанымен кұрылыстарының ұқсас екендігі дәлелденді Мысалы, киттің ескек "аяғы", көртышқан мен крокодилдің алдыңғы аяқтары, құстар мен жарғанаттың қанаттары, адамның қолы жене т.б. Атқаратын қызметіне карай аяк қаңқасындағы кейбір сүйектер жойылып немесе бір-бірімен бірігіл тұтасып кетеді. Мөлшері жағынан үлкенді-кішілі болып келгенімен ұқсастық белгілері шығу тегінің бір екендігін көрсетеді.



Үрық бастамасынан дамитын құрылысы мен шыгу тегі бірдей, ал атқаратын қызметі әр түрлі мүшелерді гомологтық мушелер дейді.

Жарғанаттың қанаты мен көртышқанның алдыңғы аяғы жануарлардағы гомолоғтық мүшелердің мысалы.

Өздеріңе жарғанаттың қанаты ұшуға, ал көртышканның алдыңғы аяқтары жер қазуға бейімделгені жануартанудан мәлім. Атқаратын қызметі әр түрлі болуына карамастан, сүйектерінде көп ұқсастық бар. Екеуінде де жауырын сүйек, иык белдеуі, тоқпан жілік, кәрі жілік, саусақ сүйектерінен құралған. Айырмашылықтары — жарғанаттың көрі жілігі нашар дамыған, көртышқанның саусақ сүйектері қысқа. Сүйектеріндегі осы болар-болмас айырмашыльщтарына қарамастан негізгі сүйектері бір-біріне өте ұқсас.

Көртышкан




Кит
Крокодил

Адам

28-сурет. Күрлыктағы омыртңалылардын алдынғы аяктарының



эволюциясы

Өсімдіктердегі гомологтық мүшелер. Жапырактьщ гомологиясына сарыағаш (бөрікаракат), кактус, итмүрынның тікенектері мен асбұршақтың мұртшасы жатады.

Сарыағаш, итмұрын бұталарының тікенектері қабығынан оңай сылынады (малдын жеуінен қорғану үшін түрін өзгерткен жапырақтар). Кактус шөлді жерде өсетіндіктен суды аз буландыру үшін жапырактары түгелдей тікенекке айналып, ылғалды үнемдеуге бейімделген. Асбүршақтың жапырақ сағағының ұшындағы мұртшасы әлсіз сабақтарын жарыққа қарай жоғары көтеру үшін басқа өсімдікке оралады. Бірі тікенек, екіншісі мұртша түрінде бір-біріне сырттай ұқсамай тұрғанымен шыққан тегі бір.



Сабактың гомологиясына — қырыкжапырак, інжугүл, құрткашаш, бидайыктың тамырсабактары, картоптың түйнегі, пияздың пиязшығындағы түбіртегі (катты бөлімі) жатады. Долананың сояуы түрін өзгерткен сабаққа жатады. Атқаратын қызметіне байланысты әр түрлі түр өзгерістерге ұшырағанымен шығу тегі — өркен болып есептеледі.

Аналогтық мүшелер гомологтық мүшелерге, керісінше сырттай Караганда бір-біріне ұқсас келетін мүшелер. Мысалы, көбелек пен құстың қанаттары ұшу қызметін атқарса да құрылысы бөлек. Қанаттарыньщ болуы — сыртқы ұқсастықтары (дамуы) тіршілік ету ортасына бейімделуіне байланысты. Бұлардың шьну тегінде ешкандай туыстық. жоқ.Құрылысы мен шыгу тегі әр түрлі, бірақ, ұқсас қызмет ат қаратын мушелерді аналог ты қ мүшелер дейді.


.

Көртышкан мен бұзаубастын аяқтары

Адам мен сүткоректілердщ тістері акуланың қабыршағына ұқсас. Өте ертедегі омыртқалы жануарлардың тістері қабыршактарының ауыз қуысына енуінен пайда болған. Сол сияқты сүткоректілердің ортаңғы құлағындағы балғашық сүйек балық, космекенділер, бауырымен жорғалаушылар мен кұстардың астыңғы жақсүйектерінің құрамына кірген. Бүл — барлық омырткалы жануарлардың шықкан тегінің бір екендігінін,ә.

Аралық форма. Ірі жүйелеу топ-тарьшың арасьшда органикалық дүниенің біртұтас екендігін көрсететін аралық формалары болады. Мысалы, төменгі сатыдағы сүткоректілер — үйректұмсык пен түрпінің жүмыртка салып көбеюі, клоакасының болуы бауырымен жорға-лаущыларға үксастығын дәлелдейді.

ІІІ. Зертеу бөлімі.

ІV. § 19

V.


1.Макроэволюция қандай процесс, микроэволюциядан қандай айырмашылығы бар?

2. Палеонтология нені зерттейтін ғылым?

3. Жылқы ата тегінің тіршілік ортасынын озгеруіне кандай жағдайлар себебі болды?

4. Жылқының эволюциясын зерттеген ғалым. Ол қандай деректерге сүйенді?

5. Жылкы эволюциясында болған өзгерістерді сызбанұска аркылы сипат таңдар.

6. Әр ғасырда тіршілік еткен жылқылардың арғы тектерінің ерекшеліктерін талдаңдар.

11сынып. Биология. 18.11.2009

Cабақтытың тақырыбы: Салыстырмалы-анатомиялық қатарлар

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды организмдердің құрысын салаыстырмалы – анатомиялық қатарлармен т аныстыру.

2.Оқушылардың дүниенің бір тұтастығы тірі организмнің дамуы туралы ғылыми көзқарас қалыптастыру.

3. Оқушылардың тіл байлығын дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру.

Сабақтың түрі : аралас

Сабақтың пәнаралық байланысы: география,экология.

Сабақтың әдісі:, перфокартамен жұмыс

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Жаңа сабақ .

ІІІ. Бекіту

ІV. Үйге тапсырма беру.

V. Бағалау.



І. Амандасу,оқушыларды түгелдеу,сабақ мақсатымен танысу.. § 20.

ІІ. Жер шарының кейбір жерлерінде осы күнге дейін казба ата-тектерінен онша өзгере қоймаған организмдер тіршілік етеді. Мұндай "тірі казбалар" көбінесе мүхит аралдарында (піл, тасбақа, гаттерия) немесе бөлініп бірнеше ғасырлар бойы оңашаланған құрлықта мекендейді. "Тірі казбалардың" палеонтологиялык "мұражайы" деп Аустралияны (үйректұмсық, түрпі, қалталылар), Жаңа Зеландияны (Киви жөне Моа—алып құстар) Оңтүстік Американы (кейбір қалталылар, сауыттылар, жалқау аңдар, құмырсқа жегіштер) атауға болады.

Мұхиттарда палеозой заманында тіршілік еткен құршаяндардың туысы — қылыш-құйрык, саусақанатты балық — латимерия. Бұлар девонда тіршілік еткен саусаққанатты балықтардан шамалы ғана өзгерген.Қазіргі кездегі қарапайымдылар мен жоғары сатыдағы организмдерді бір-бірімен салыстыру — салыстырмалы-анатомиялық қатарлар құруға көмектеседі. Осы күнгі тақтұяқтыларды: тапирден мүйізтұмсыққа, мүйізтүмсықтан жылқыға қарай аяқтарындағы башпай санына қарап салыстырмалы-анатомиялық катар құруға болады. Ылғалды тропиктік орманда тіршілік ететін тапирде башпай саны— 4; саванна ормандарын мекендейтін мүйізтұмсықтарда башпай саны — 3; саванна мен ашык далалы жерлерде тіршілік ететін жылкылардың бапшай саны — 1.

Біртесіктілер (алғашқы аңдар), қалталылар және жоғары сатыдағы сүтқоректілердің эволюциялық даму жолында

Адам пайда болғанға дейін Жаңа Зеландияда тіршілік еткен алып моа құсы
1. Жұмыртка салып көбейетін алғашқы андардан, онша жетілмей тірі туатын қалталылардан, ұрықтың аналық организмінде жатыр қабырғасына бекінуіне (плацентарлы — ұрықжолдасты) дейін айналуы.

2. Салқын қандылардан жылы қандыларға көшіп, дене темпера-турасы 27—28°С-тан (алғашқы андарда) жоғары сатдағы сүткоректілерде 36—37"С-ка көтерілуі.

3. Миьшың күрделенуі.

Эволюцияның садыстырмалы эмбриологиялық (онтогенетикалық) дәлелдемелері. Барлық көп жасушалы жануарлар ұрықтанған бір жұмыртқа жасушасынан дамиды. жеке даму (онтогенез) кезінде — бөлшектену; 2—3 қабатты ұрықтың түзілуі; ұрық жапырақшаларынан мүшелер түзілу сатысынан етеді. Жануарлардың ұрықтық дамуының ұқсастығы шығу тегінің бір екендігін дәлелдейді. Әр түрлі жануарлардың ұрыктарының даму ұқсастығын орыс ғалымы Карл Максимович Бэр (1792—1876 жж.) аныктады. Ең алғашқы даму сатысында омырткалы жануарлардың ұрықтары бас, дене, құйрық бөлімінен тұрады Аяктарының бастамасы мен желбезек бастамасы болады.



Әр түрлі даму сатысындағы омыртқалылар ұрығын салыстыру: 1—балык, 2—кесіртке, 3—қоян, 4—адам

Әрі қарай даму барысында ұрықтардың айырмашылықтары көріне бастайды.

Омырткалы жануарларда ерекше жасушалардан түзілген тығыз, солқылдақ. хорда (арқа желісі) болады. Хорда шеміршектеніп, сүйектеніп омыртка жотасына айналады. Жүйке жүйесі, алдымен түтік тәрізді болып, миы 3 жөне 5 көпіршік сатысынан өтеді. К.М. Бэр омыртқалылардың ұрығында бәрінен бұрын типтің белгілері (хорда, жүйке түтігі, жұткыншактың желбезек аппараты) қалыптасатынын дәлелдеді. Типтен соң кластың белгілері білінеді. Мысалы, балықтарда жұп аяқтары жүзбе қанатына айналады, құстарда қанат пайда болады. Бұл кезде бір класка жататын жануарлардың ұрықтарындағы ұқсастықтары сақталады. Кластан кейін отряд, тұқымдас, туыс белгілерінен соң ең соңында түрдің белгілері шығады. Ұрық дамуындағы мұндай заңдылық алдымен туыстығын, содан соң әр топтың эволюциясындағы жүйелі түрде бір-бірінен ажырауды көрсетеді.

XIX ғасырдың екінші жартысында неміс ғалымдары Ф. Мюллер мен Э. Геккель биогенетикалың заңды ашты. Бұл заңның негізгі қағидасы: өрбір дара өзінің жеке дамуы кезінде өз түрінің тарихи дамуын қысқаша қайталайды. Жеке даму — тарихи дамуды қысқаша қайталау. Биогенетикалык заң организмдердің жеке дамуы мен тарихи дамуының арасындағы байланысты толық дәлелдеп берді. Академиктер — А.Н. Северцов (1866—1936 жж.) пен И.И. Шмальгаузен

(1884—1963 жж.) онтогенез кезінде ата-тектерінің ересек сатысындағы құрылысы емес, тек ұрықтарына тән белгілері ғана қайталанатынын анықтады.

Мысалы, балыктар мен сүтқоректілердің жеке дамуы кезінде (онтогенезінде) ұры қтарында желбезек доғалары пайда болады. Балыктың ұрығында сол желбезек доғаларынан тыныс алу мүшесі — желбезек аппараты түзіледі. Сүткоректілердің онтогенезінде ересек балықтардағы желбезек аппаратынын құрылысы емес, ұрығындағы ең бастапқы желбезек аппаратының құрылысын қайталайды. Соның негізінде сүткоректілерде, тіпті баска мүшелер (шеміршектер, көмекей ж\е кеңірдек) дамиды.

Эволюцияның молекулалық-генетикалық дәлелдемелері. Соңғы жылдардағы генетика ж\е биохимия ғылымдарының жетістіктерін бір-бірімен салыстыру арқылы туыстық жақын оганизмдердің ДНҚ молекулаларының ұқсас болатыны аныкталды. Мысалы, адамтектес маймылдар мен адамның жасуша құрамындағы аминқышқылдарының және гемоглобиндерінің молекулалық құрамы ұқсас. Барлық организмдерде хромосомалар генетикалық материал болып саналады. Барлық организмдерде энергия АТФ-ында жинакталады. Туыстық жақын организмдердің хромосомаларының кұрылысы да ұқсас болады. Барлық организмдердің генетикалық коды да біркелкі. Бұл айтылғандардың бәрі де барлық организмдердің шыққан тегнің бір екендігіне дәлел бола алады.

ІІІ. 2. Омырткалы жануарлар ұрығының ен алғашқы даму сатысында білінетін ортақ

белгілерді атандар.


  1. Омыртқалылардын үрық дамуындады туыстык белгісін көрсететін заң-ылыктарды

ретімен атап, түсіндіріңдер.

ІV. § 19



4-зертханалықұ жұмыс

Эволюцияның салыстырмалы-анатомиялық дәлелдемелерінің мысалдарын талдау

Құрал-жабдықтар: асбүршақ, сарыағаш (барбарис), долана, итмүрын, жантақ, таңкурай кеппешеөсімдіктері, кактус, картоп түйнегі, інжугүлдің тамырсабағы, пияз; жануарлардан: таракан, шегіртке, сүңгуір коңыз (болса жинақтамалары) суреттері, көбелек, өзен шаяны, балық, бака, кесіртке препараты.

Орындалатын тапсырмалар

1. Өсімдіктегі гомологтык мүшелермен танысу.

2. Жануарлардағы гомологтык мүшелер.

3. Өсімдіктердегі аналогтык мүшелер.

4. Жануарлардағы аналогтык мүшелер.

5. Жұмыс соңында кестені толтыру.

Кестені толтырыңдар.



Өсімдік гомологиясының мысалдары

Жануарлар

гомологиясы-ның мысал­дары



Өсімдік аналогиясының мысал­дары

Жануарлар аналогиясының мысал­дары

Қорытынды
















1.Асбұршак мұртшасы, сарыағаш тікенектері қандай мүшелер?

2. Түйнек, пиязшык, тамырсабақ кандай мүшелер?

3. Тарақан, ара, шегіртке, сүңгуір қоңыз аяқтары қай мүшенің мысалына жатады?

4. Долананың сояуы қай мүшеге жатады?

5.Балык пен өзен шаяныиың желбезектерія қай мүшеге жатқызуга болады?

6. Аналогтык мүшелердін анықтамасы.

7. Гомологтык мүшелердін анықтамасы.
• Салыстырмалы-анатомиялык катарлар. Салыстырмалы эмбрио-логиялык дөлелдемелер. Биогенетикалык заң.

1. Аустралия, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Америка — "тірі кдзба-лардың" мүражайы.

2. Омырткалы жануарлардың үрығында типтің, кластың, отряд-тын., түкымдастың, туыстың, ең соңында түрдің белгілері шығады.

3. Организмдердщ жеке дамуы мен тарихи дамуының арасындағы тығыз байланысты биогенетикалык заң дөлелдейді.



г А. 1. Аустралия, Жана Зеландия мен Оңтүстік Американы неліктен "тірі казба-ардьщ мұражайы" дейді?

2. Биогенетикалык заңның негізгі кағидасын айтыңдар. v-. 1. "Тірі казба" дегенге түсінік беріп, мысалмен талдап беріндер.

2. Құрттар класынан (жалпак, жұмыр, буылтык күрттарға) салыстырмалы-анатомиялык катар кұрыңдар. Окулыктағы тактүяқтылардан күрылған катарға карандар. (Жануартану окулығын пайдаланындар.)


Каталог: uploads -> doc -> 07c8
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
07c8 -> Сабақтың тақырыбы : Карталар әлеміне саяхат
07c8 -> Сабақтың тақырыбы : хіү-ХҮ ғасырлардағы Қазақстан жеріндегі мемлекеттер: Алтын Орда, ноғай ордасы, дешті қыпшақ
07c8 -> Сабақтың тақырыбы: Ер Тарғын Сабақтың мақсаты
07c8 -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев 31-қара сөзі Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет