Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Еуразияның жер бедері мен пайдалы қазбаларын таныстыра отырып, олардың ерекшеліктеріне тоқталу



Дата08.09.2017
өлшемі45,21 Kb.
#31006
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Еуразияның жер бедері мен пайдалы қазбалары.

(7-сынып)


Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Еуразияның жер бедері мен пайдалы қазбаларын таныстыра отырып, олардың ерекшеліктеріне тоқталу.
Сабақтың әдіс, тәсілдері: тест, сұрақ –жауап, СТО.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекілігі: оқулық, кескін карта, атлас карта, тест тапсырмалары.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын сұрау.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. «Ұшақ» ойыны оқушылар үйге берілген тақырып бойынша бір – біріне сұрақтар жазып, жауабын табу.

ІІ.Жаңа сабақ жоспары:

1.Ой қозғау стртегиясы
1.     Жер қыртысы деген не?

2.     Платформа дегеніміз не, олардың бірнеше ірілерін  атаңдар.

3.     Геосинклиналь дегеніміз не, оларға  қандай  жер бедері сәйкес келеді?
2.Мәтінмен жұмыс.
Мәтінмен жұмыс: Негізгі мақсаты оқушылар тақырыпты оқып, ашық түрде бір – бірімен пікір алысады. Пікір кезінде мынадай сұрақтар төңірегінде өрбиді.

  1. Мариектің жер бедерінің ерекшелігі қандай?

  2. Еуропа мен Азияның жер бедерінен ұқсастығы бар ма ?

  3. Материкте қандай пайдалы қазбалар көп шоғырланған?

  4. Пайдалы қазбалар нешеге бөлінеді және қандай айырмашылықтары бар?


ІІІ.Бекіту тапсырмасы:

1.Тест

1.     Еуропаның ең биік нүктесі қалай аталады?

A.    Эверест шыңы

B.   Монблан шыңы

C.   Хан тәңірі шыңы

2.     Еуразия материгі жағалауында қанша геосинклиналдық белдеу бар?

A.   1

B.   2


C.   3

3.     Жер сілкіну орталықтарынан  жан-жаққа шеңбер жасап, жылдам  тарайтын күшті толқындар

A.    тайфун

B.   цунами

C.   гейзер

4.     Тынық мұхиттағы  жанартаулардың  атқылауы  жиі  байқалатын  белдеуді қалай атайды?

A.   «Отты шеңбер»

B.   Тынық мұхиттық геосинклиналды  белдеу

C.   Альпі - Гималай геосинклиналдық белдеу

5.     Жанартау  әрекеті тоқтамаған  кейбір  аудандардағы  ыстық сулардың атқылауы- 

A.   тайфун

B.   цунами

C.   гейзер

6.     Еуразияда орналасқан жазықтар

A.   Батыс Сібір,  Месопотамия,  Үнді-Ганг,  Ұлы Қытай

B.   Альпі, Тибет, Куньлунь, Пиреней, Скандинав

C.   Карпат, Тұран, Каспий маңы, Алтай, Тянь-Шань

7.    Еуразияда орналасқан таулар

A.   Батыс Сібір,  Месопотамия,  Үнді-Ганг,  Ұлы Қытай

B.   Альпі, Тибет, Куньлунь, Пиреней, Скандинав

C.   Карпат, Тұран, Каспий маңы, Алтай, Тянь-Шань

8.    Жер қойнауынан жарылыстар  бойымен магманың сыртқа көтерілуінен  түзілген   пайдалы қазбалар  түрі-

A.    Магмалық пайдалы қазбалар 

B.   Шөгінді пайдалы қазбалар

C.   Магмалық пайдалы қазбалар  және   шөгінді пайдалы қазбалар

9.    Теңіздік және  континенттік шөгінділер қалың жиналған аудандарда таралған пайдалы қазбалар түрі-

A.    Магмалық пайдалы қазбалар 

B.   Шөгінді пайдалы қазбалар

C.   Магмалық пайдалы қазбалар  және   шөгінді пайдалы қазбалар

10.    Қарағанды,  Донец, Кузнец  және  Рур, Жоғарғы Силезия  алаптарында қандай пайдалы қазбалар өндіріледі?

A.   Тас көмір 

B.   Мұнай



C.   Табиғи газ  
2.Ойлан тап.

Пайдалы қазбалар

Орналасқан жері

Темір кен орындары




Қалайы-Вольфрам




Алтын мен алмас




Асыл тастар




Мұнай




Тас көмір




форфорит




Боксит






Қорынтынды.Бағалау

Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып келу. Кескін картаға тау жоталарын белгілеп, аттарын жазу.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет