Денсаулық – адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Біз осы жаңа ғасырдан күтер үмітіміз көп. Сондай-ақ қазіргі заманда адам ағзасына тиер залалы да жетерлік. Тірі ағзаға тиер экологиялық үш фактордың әсері осы таңда айтпаса да көзге шыққан сүйелдей болып көрініп тұрғаны анық.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың “Қазақстан – 2030” бағдарламасында Қазақстан азаматтарымыздың ертеңі бүгіннен басталатынын көрсетсе керек.
Салауатты өмір салтының мақсаты - өмір сүрудің мағынасы терең екендігін білдіруде.
Ішімдік, нашақорлық – адамның жауы. Бұл жолдан аулақ жүру керек. Басты байлық денсаулық екендігіне сіздердің көздеріңізді жеткізгіміз келеді.Олай болса, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз “Бақытым да байлығым да – денсаулық” тақырыбында өтеді.
Оқушылар ойы
1997 жылдың қазан айында ел Президенті Н.Ә. Назарбаев “ Барлық қазақстандықтардың өсіп, өркендеуі, қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы” туралы Қазақстан халқына жолдауын ұсынды.
Ішімдік барлық ішкі мүшелерді улап, әр түрлі созылмалы ауруларға шалдықтырып, небір талантты да дарынды жас жеткіншектеріміз арқтың кеселінен өз биігіне жете алмай өмірден кетіп жатқаны өкінішті-ақ.
Міне, осындай өкініштердің алдын- алу мақсатында Президентіміз Н.Ә. Назарбаев 2030 жылға арналған еліміздің келешегін өркендету бағдарламасында назардан тыс қалдырған жоқ.
Дене тәрбиесімен айналысқанымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған”.
Қоғамымыз сау болсын десек, бүгінгі жас өспірімдер сау да салаутты өсуіміз керек.
“ Салауатты өмір салты – бұл денсаулықты нығайту және дамытудың үйлесіділігін қамтамасыз ететін кешенді алдын – алу шаралары”.
Бүгінде ерлердің -75%, әйелдердің – 34%, жас өспірімдердің 40% шылым тартса, ересек адамдардың 65% үнемі арақ ішеді екен.