«Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Қостанай қаласы № 9 орта мектебі»ММ
Тақырыбы:
Төтенше жағдайлардың алдын алу,
1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні.
5 сыныптар арасындағы ашық тәрбие сағаты
Орындаған: Кункенова Ж. А.
Жумалдина Д. Б.
Аджибаева Г. М.
Қостанай
2015
Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: Төтенше жағдайлардың алдын алу, 1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға азаматтық қорғаныс туралы жалпы мағлұмат беру.
Азаматтық қорғаныстың қазіргі өмірде маныздылығын таныту.
Мұғалім: Өзге жанды құтқару үшін өз өміріңді тәуекелге тігу оңай емес. Құтқарушының әрбір жұмыс күні ерлікке пара-пар. Дегенмен, бұл жерде көзсіз батылдықтан гөрі кәсіби біліктілік қажет. Ендеше, көктемнің алғашқы күнімен қатар келген мереке құтты болсын! Елім дейтін айбынды азаматтарымыз қашанда аман болсын!АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС –ХАЛЫҚТЫ, ШАРУАШЫЛЫҚ НЫСАНДАРДЫ, АУМАҚТЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАҢҒЫ ЗАҚЫМДАНУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ЗАҚЫМДАНУ (ҚИРАТУ) ФАКТОРЛАРЫНЫҢ ӘСЕРІНЕН, ТАБИҒИ ЖӘНЕ ТЕХНОГЕНДІК СИПАТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДАН ҚОРҒАУ МАҚСАТЫНДА БЕЙБІТ ЖӘНЕ СОҒЫС УАҚЫТЫНДА ӨТКІЗІЛЕТІН ЖАЛПЫ МЕМЛЕКЕТТІК ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ болып есптелінеді. Ал, балалр,енді бүгінгі біздің қонағымыз төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкері Габдулин Турлыбек.
Төтенше жағдай – белгілі бір аумақтағы апаттан адамдардың өлімі, олардың денсаулығына тигізген әсері қоршаған ортаға және халық шаруашылығы объектісі мен материалдық шығын және елді-мекен жағдайының нашарлауы (ҚР Азаматтық қорғаныс Заңының табиғи және техногендік характері 1 бап).
Төтенше жағдайлар себеп-салдарына байланысты мынадай классификацияға бөлінеді:
Табиғи (жер сілкіну, сел, көшкін, су тасқыны, табиғи өрт, эпидемия, ауылшаруашылық өсімдіктер мен орманның зиянкестермен аурумен бүлінуі).
Техногендік (өнеркәсіптік, транспорттық т.,б. апаттар, өрт, жарылыс, СДЯВ, РВ,БОВ тастандылары, ғымаратта мен құрылыстардың бүлінуі, өмірді қамтамасыз етіп отырған объектілердегі апаттар, плотиналардың бүлінуі).
Өрт
Отпен жұмыс істегенде абай болуға;
Балалардың отпен жұмыс істеген кездегі қырсыздығына;
Қоқысты үйге, аулаға, орманды жерлерде өртеуге;
Автокөліктен шыққан жалынға;
Күн күркірегендегі найзағайларға;
Майланған материалдың үйкелісіне;
Күн сәулесінің әйнектен өткен нүктесі.
Өрт елді-мекендегі ғимараттар, ағаш көпірлер, электр желілері мен ағаш бағаналардағы байланыс, мұнай өнімдері қоймаларында және басқа материалдар мен адамдар, ауылшаруашылық малдары өртке шалдығуы мүмкін. Орман алқабындағы шөптерден, бұталардан, ағаш түбіртектерінен, шырпылардан өрт шалады. Ауа-райы құрғақ болған жылдары жоғарғы өрт желдің есебінен ағаштардың ұшар басынан қоқан жапырақты ағаштарын өрт шалады. Төменгі өрт тарау жылдамдығы минутына 0,1-ден 3 метрге дейін, ал жоғарғы өрт желдің бағытына қарай 100 метрге дейін жетеді.
Торф пен ағаштардың тамыры жанғанда жер асты өрті жан-жаққа тарайды.
Торф өзінен-өзі ауасыз суда да жана береді.
Орманда жүргенде есіңізде болсын:
Қоқыс пен оттықты тастамаңыз;
Отты таратпаңыз және қоқысты өртке қауіпті жерлерде жақпаңыз;
Абай болыңыз! Отты таза алаңда жағыңыз;
Дем алған жерден кетерде отқа су құйып немесе топырақпен жауып, толық өшіріп кетіңіз;
Орманда майланған немесе бензин сіңіп қалған маталарды қалдырмаңыз;
Бөтелкенің жәшігі мен сынған бөтелкелерді қалдырмаңыз. Күн сәулесі түсіп өртке айналуы мүмкін;
Жаңа басталған өртті сумен, ағаштың жапырақты бұтақтарымен және топырақ тастау арқылы өшіріңіз.
ең биік жеріне көтеріліңіз, ол жерді ешқашан су баспайды. Егер ол болмаса, қайық және т.б. дайындау қажет.
Су кеткеннен кейін электр сымдарынан, зақымданған газ магистралдан сақ болу қажет. Үйге кірер алдында, су тасқынынан зақымданбағандығын байқау қажет. Судан табылған заттардан тамақ әзірлеуге болмайды.
АБАЙЛАҢЫЗ: СУ
Құтқарушылардың тәжірибесіне сүйенсек, бақытсыздыққа көбіне балалар, мастар мен қатар денсаулығы дұрыс және жүзуді жақсы білетіндер де ұшырайды.
Суға түскенде қандай жағдайларды жасамау керек:
белгі қойылған жерден аспаңдар!
рұқсат етілмеген жерде шомылмаңдар;
балалар шомылғанда қараусыз қалдырмаңдар;
шомылғанда камера, доп, тақталарды пайдаланбаңыздар;
суда бұзықтық жасамаңдар;
өтірік дабыл көтермеңдер;
өтіп жатқан кеме, катер мен қайықтардан секірмеңіздер;
таныс емес жерде шомылмаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |