Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту



бет2/3
Дата21.05.2022
өлшемі51 Kb.
#144245
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Эссе ережесі (1), Мұқағали - мәңгілік ғұмыр сыныптан тыс іс-шара, « », «Б» сыныптарында ж ргізілген «Lesson Study» саба ты зерттеу
Бастаушы. Отанымызды қорғау үшін Совет Одағының патриоттары майданға аттанды. Барлық халық майданға көмектесі. Барлық халық майданға көмектесті. Партизан отрядтары құрылды. «Бәріде майдан үшін» - деген ұран тасталды. Осы қатыгез майданымызға қазақтың қара көз қыздары қатысты. Олар: Мәншүк, Әлия, Зоя.


2-оқушы.
Сілкінтіп зеңбіректер көктің жүзін
Оқ борап снарядтар, қаптайды ызың.
Қаптаған қалың жаудың тайсалмаған
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.


3-оқушы.
Қолыңда пулеметті максим оның
Бойында жігер, қайрат тасқын оның
Ерлермен тізе қосып атакада
Оғымен жеңіс майдан ашты жолын.
4-оқушы.
Қыр қызы орындады берген антты.
Халқыңа адал болу ердің салты.
Ел үшін қасық қанын аямаған
Жүректе мәңгі өшпей Мәншүк атың.
5-оқушы. Мәншүктің өмір баяны жайлы:
Мәншүк 1922ж. Батыс Қазақстан облысы Орда қалашығында туған. Оның балалық шағы Алматы қаласында өтті. 1942 жылы өзі сұранып майданға аттанды. 1943 жылы қаза тапты. Оған Кеңес Одағының атағы берілді.
6-оқушы:
Отанға жаулар қаптады,
Опасыз дұшпан тапталды.
Қасиетті жер үшін,
Қастерлеп батыр ел ісін,
Әлия, Мәншүк, Зоялар
Жаулардың көзін жойды олар.


7-оқушы: Әлия өмір баяны.
Әлия Молдағұлова 1925 жылы Ақтөбе облысы Қобда ауданында туған. Ата-анасынан ерте айырылыпты. Әлия туыстарымен Ленинградқа кетіп қалады. Кейін балалар үйынде тәрбиеленіп, 1942 жылы өзі сұранып атқыштар мектебіне оқуға түседі, оқуын бітіріп майданға барады. 1944 жылы қайтыс болады.

Өлең «Анашым»


8-оқушы.
Ардақты батыр ағалар
Сүйікті біздің әкелер
Біз де өсіп толамыз
Өздеріңдей боламыз
Ата жолын қуамыз
Айтқан сертте тұрамыз


9 – оқушы:
Достық бізге тым ыстық
Мақсатымыз тыныштық
Ойран соғыс болмасын
Тыныштық мәңгі орнасын




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет