Сабақтың тақырыбы: Сөз 1
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға сөз жайында түсінік беру.
2. Ойлау қабілеттерін дамыту,оқу дағдыларын
қалыптастыру
3.Сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Қима қағаздар, кестелер, оқу құралдары.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) психологиялық дайындық
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
Мақсат қою
Бүгінгі сабақ мақсатымыз – сөз жайында түсіну.
IV. Жаңа сабақ:
1. Дәптермен жұмыс.
Сөздік диктант: Адам, оқу, кітап, домбыра, мектеп, аққу, шырша, ұн, қасық, жаңбыр, жүрек,жұмыс, жиһаз.
2. Оқулықпен жұмыс.
280-жаттығу.
Әр бағандағы сөздерді оқып,бір-бірінен өзгешелігін табады.
281-жаттығу.
Көп нүктенің орнына әріп қойып жазады.
282-жаттығу.
Сөздерді мағынасына қарай топтап жазады.
Жасыл, ақ, сұр, қоңыр.
Жеті, тоғыз, жиырма.
Адам, жылқы, жапырақ, кітап.
Келді, жүзді, ойнады.
3.Сергіту сәті .
4. Тақтамен жұмыс.
283-жаттығу.
Жұмбақты оқып шешуін табады,қарамен жазылған сөздердің мағынасын неліктен өзгергенін дәлелдейді.
V. Сабақты бекіту:
284-жаттығу.
Ребусты шешеді, әңгіме құрастырады. (Бейбітшілік)
285-жаттығу.
Мәтінді оқып, ат қояды, қарама-қарсы сөздерді табады.
286-жаттығу.
Мақалды оқып жатқа жазады. Мағынасы қарама-қарсы сөздердің астын сызады.
Ащы мен тұщыны татқан білер,
Алыс пен жақынды жортқан білер.
VI. Сабақты қорыту: Сұрақ- жауап арқылы
VII.Оқушыларды бағалау:Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру: 287- жаттығу
Достарыңызбен бөлісу: |