Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тақырыпты түсіндіріп, меңгерту



Дата22.06.2017
өлшемі93,48 Kb.
#19670
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тақырыпты түсіндіріп, меңгерту.

Білімділік: Оқушыларға дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі екенін түсіндіру, дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту.

Тәрбиелік: Оқушыларға тақырыпты түсіндіре отырып тазалық гигиенасы туралы ережелерді қайталау, тазалыққа, денсаулықты күтуге, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ой — өрісін дамытып дүниетанымын кеңейту, мәтіннің мазмұнын

айтуға үйрету.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Сабақтың көрнекілігі: АТК, жетондар

І Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылардың оқу — құралдарын түгелдеп, сабаққа даярлау.

Психологиялық дайындық.

Бақыттымын мен

Бақыттысың сен

Бақыттымыз бәріміз

ІІ Жаңа сабақ

Балалар бүгінгі біздің сабағымызға келген қонақтар әртүрлі тапсырмалар ала келді.

І тапсырма:

• Біз неге дұрыс тамақтануымыз керек?

• Неліктен жемістер мен көкөністерді көп жеу керек?

• Неліктен ас ішер алдында қолды жуу керек?

• Жемістер мен көкөністерді неге жуып жеу керек?

ІІ тапсырма

« Мынау не?» атты дидактикалық ойын. ( тақтада түрлі

суреттер жасырылады, 1 оқушы тауып қалғандары толықтырады)

ІV Сергіту сәті.

ІІ тапсырма

Дұрыс тамақтану.

Дұрыс тамақтанбау.

Оқушылар өз ойларын қағазға жазады.

V Оқулықпен жұмыс: ( оқушыларға мәтінді оқып түсіндіремін және іштей 1 рет оқытамын.)

Халықтың денсаулығы - қоғамымыздың заманауи талаптарының басты мәселесі болып табылады. Бүгінгі таңда орын алып отырған экономикалық дағдарыс, әлеуметтік мәселелердің ушығуы халық денсаулығына кері әсерін тигізді. Сондықтан, Қазақстан халқының денсаулық жағдайын көңіл қынжыларлық жағдайда деп бағалауға болады және соған орай медициналық қызметкерлердің барлық күш-жігерін, халықтың денсаулығын сақтауға жұмылдыру қажет. Оның ішінде, кейінгі қауым, жас ұрпақ - балаларымыздың денсаулығын сақтап, нығайту - қоғам мен мемлекеттің негізгі, кейінге қалдыруға болмайтын міндеттерінің бірі болып табылады.

Көне заманғы қағидада бойнша:  «Ас - адамның арқауы» - делінген. Өкінішке қарай, біздің замандастарымыз өзін дені сау және сымбатты сезіну үшін қалай тамақтану керектігін біле бермейді. Тамақтанудың да өзіндік ережелері бар және оларды ескермеуге болмайды, өйткені тамақтану - біздің денсаулығымыздың құрамдас бөлігі екенін есте сақтауымыз қажет. Өткен ғасырдың 80-90 жж. «жүгіріп жүріп қоректену» деп аталатын немесе Фаст-фуд мәдениеті бүкіл әлемге тараған болатын.

Мамандардың айтуы бойынша, көбінесе балалар мен жасөспірімдерде  фаст-фуд әдеттенуді туғызады. Олардың денсаулықтарына үлкен зиян келтіретін гамбургерлер, чипсілер және пицца біздің балаларымыздың сүйікті тағамдары болып саналады. Артық салмақ, гастрит және жалпы әлсіздік -зиянды дағдылардың нәтижесі.



Қазіргі уақытта бигмак, шаурма, сэндвичтер, чебуректер, пицца, чипсы, қуырылған картоп және түрлі газдалған сусындар көп. Бірақ, олардың сапасы мен құрамында не бар екен? Оны көпшілік біле бермейді. Бұл тағамдардың барлығы фаст-фуд (тез әзірленетін тамақ) қатарына жатады. Сондықтан, осындай тағамдар адам денсаулығы үшін өте зиянды болып табылады. Фаст-фуд тағамдарын біреулер күнде ішіп-жеп жүрсе, кейбіреулер анда-санда ғана пайдаланады. Тамақты үйде асықпай дайындауға мүмкіндік болмағандықтан, қазіргі таңда қолайлы әрі бағасы қымбат емес. Алайда, өте қауіпті. Соған қарамастан, кей адамдар еріншектігінің салдарынан дайын асқа жүгіретіні шындық. Бұл дұрыс емес. Әсіресе, балаларды кішкентай кезінен бастап мұндай тамақтарға үйретпеген жөн. Фаст-фуд сататын дүкендер әдемі жарнамалары арқылы өнімдерін төмен бағалармен ұсынып, жылдам әзірленетінін айтып, тұтынушылардың назарын өздеріне аударады. Мамандардың айтуынша, фаст-фудпен тамақтануға мүлдем болмайды. Осындай тағамдардың құрамында майлар мен консерванттар көп болғандықтан, дәрумендер мүлдем жоқ. Ал ол несімен қауіпті десек, фаст-фуд тағамдарын дайындау барысында маргарин көп мөлшерде қолданылады. Маргариннің құрамында жасанды өнім, яғни, транс майлар көп. Кейбіреулер фаст-фудтың денсаулыққа зиян екенін біле тұра, одан бас тартпайды. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл жағдай адамды психологиялық және химиялық тәуелділікке әкеп соқтырады. Өйткені, аталған өнімдерді жасаушылар оның дәмін күшейтетін арнайы қоспаларды қосады да, сол арқылы тұтынушыларды өзіне тартады екен. Тез тамақтанудың кесірінен ас қорыту жолдары қиындайды. Фаст-фудқа үйір жандардың асқазан, жүрек аурулары, қан қысымы, қант диабеті аурулары күн өткен сайын үдей түседі. Әсіресе өз денсаулығына көңіл бөлмейтін жастарға обал. Олар диета сақтамай, тамақтанатын болса, саулығы күн өткен сайын әлсірей түседі. Түрлі елдердегі медициналық зерттеулердің нәтижесі фаст-фуд өнімдерін күнделікті қолдану семіздікке әкеледі дейді. Бір ғана орташа көлемдегі гамбургер немесе бір стакан кока кола 1500 колорияға тең күнделікті адамның бір күндік тамағы 1500 колорияны   құрау керек. Ал сіз бір ғана гамбургер мен шектеліп қоймайсыз ғой. Бұл өнімдер адамды толық тәбетін қанағаттандыра алмайды, ол тек аз ғана уақытқа асқазанды алдау десе болады. Жарты сағаттан соң адам тағыда тамақтанғысы келеді. Диетолог-дәрігерлер семіздікке апаратын «қауіпті» тағамдарды атап өтті. Бірінші орында тәт­ті газды сусындар тұр. Шөл басу үшін емес, қайта шөлдетіп, қайта-қайта ішуге мәжбүрлейтін құтыдағы бұл сусындардың құрамында қант шектен тыс көп. Үлкен-кіші құмарланып ішетін бір стакан ко­ланың өзінде 5 шай қасық қант бар, ал бір литр колада 25 шай қасық немесе 125 грамм қант болады екен. Сол сияқты картоптан жасалған чипсыларды бала біткен жақсы көреді. Бұлар пюреден жасалғандықтан, оның құрамына жасанды май мен жасанды түрлі дәмдеуіштер қосылып, адамды жеген үстіне жей түсуге шақырады. Сонымен бірге, сосискалар, пісірілген шұжықтар, паштеттер еттен жасалғандай көрінгенімен, негізінен жартысына жуығы майдан жасалып, түрлі тәтті дәмдеуіштермен бүркемеленеді. Қуырылған семіз ет, кофе, шоколадтар, арзан әрі калориясы көп нан-жарма, кондитер өнімдері де адамды семіздікке апарып тірейді. Иісі мұрын жаратын, тез дайындалған тағаммен жүрек жалғап алуға үлкен-кішінің бәрі құмар.

Алматы қаласында қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған "KFC - Ростикс" (Kentucky Fried Chicken немесе KFC - (ағыл. Kentucky Fried Chicken - Кентуккиден әкелінген қуырылған тауық еті) - фаст-фудтың америкалық мейрамхана желісі, тауық етінен жасалған фирмалық тағамдар - майға қуырылған тауық аяқтарын әзірлейді) фаст фудтар желісінің төменде келтірілген бөлімшелері бар:



 

Ростикс KFC тағамдарының калориялығы

Тағам атаулары

Тағам массасы, г

Белок

Май

Углевод

Энергетикалық құндылығы

Тауық

159

18,5

12,8

14,1

245,6

Тауық қанаттары

216

16,6

20,7

15,4

314

Тауықтан дайындалған стрипстер

140

22,3

10,3

15,8

245,1

Сэндвичтер

253

9

17,6

21,3

280

Бургерлер

258

12,8

11

22,6

240

Фри картобы

240

22,3

11,8

15,9

259

Чикен попкорн

100

3,8

15,5

30,1

270

 

Адамның денсаулығы үшін тиімді тамақтана білу өте маңызды. Тиімді тамақтану дегеніміз - құрамында түрлі қоректік заттардың толық мөлшері бар тамақпен ағзаны дұрыс, уақтылы қамтамасыз ету. Жақында американдық ғалымдар зерттеулер жүргізіп, өте жоғары температурада дайындалатын тағамдардың құрамынан адамның денсаулығына өте зиянды «акриламид» деген затты тапқан. Шаурма, донер-кебабтарға қоса гамбургер, хот-дог, гриль, поп-корн, чипсы, картоптан дасалған фри, қақталған шұжық секілді тағамдар өте жоғары температурада дайындалады. Дәл осы тағамдарды ұзақ  күнделікті пайдалану салдарынан асқазан жарасы, созылмалы гастрит, өттің толуы, ұйқы безінің қабынуы, жүрек-қан тамыр аурулары, семіздік пайда болатыны, әсіресе ас қорыту жолдарына өте зиян екені анықталған. Сондықтан қалың көпшілікке көшеде даярланатын тағамдарды өте абайлап жеген дұрыс екенін айтар едім. «Ауру - астан...» деген сөзі бекер айтылмаған.

Қазақстандықтардың 80 пайызы дұрыс тамақтанбайды. Соның кесірінен ел арасында ас қорыту жүйесінің бұзылу, яғни ішек қабаттары қабыну, ойық жара, асқазан ісігі сынды дертке шалдығушылар саны көбейген. Бүгін «29 мамыр - Халықаралық дұрыс тамақтану күніне» орай бас қосқан отандық гастроэнтерологтар осындай мәлімдеме жасады. Асқазан дерті, әсіресе, фаст-фудқа жаны құмар жастар арасында белең алып барады.

Уақытылы тамақтанбау, стресстік күйге жиі ерік беру – бұл алматылық Ләйлә Матаеваны гастроэнтерологтың алдына әкелген басты себеп. Дертінің қауіпті екенін келіншектің өзі де түсінеді.

Ләйлә Матаева, емделуші:

- Гастрит деп диагноз қойды дәрігерім. Себебі стресс, дұрыс тамақтанбау. Сол түрлі-түрлі жағдайлар. Көбіне далада тамақтанамын. Уақытылы іше алмай қаламыз. Соның барлығы әсер еткен ғой.

Өкініштісі де сол, соңғы уақытта асқынған асқазан дертіне шылдығушылар қатырында жастар жағы жетерлік. Асқазан ісігіне жетпесе де, ішек қабаттарының қабынуы, ойық жараның шығуы сынды дерттер дендеген көбінде.

Жетен Дүйсенбеков, Республикалық диагнозтикалық орталықтың бөлім меңгерушісі:

- Бізге күніне 60-70 адам келсе, оның ішінде 5 жастағы баладан бастап жоғары қарай келеді. Сол 60-70-тің ішінен 2 адамнан жаңағы айтқан асқазан ауруын таппасақ өте жақсы көрсеткіш дер едім.

Cондай-ақ, артық асқа ерік берудің де ауруды тудырып жататыны бар. Тіпті ағзадағы май безін қоздырып, шамадан тыс салмақ жинауға әкелуі мүмкін. Әсіресе, шала пісірілген тамаққа, яғни фаст-фудқа әуестердің денсаулығына төндірер қауіп күшті.

Калориясы жағынан шамамен 1500-1800-ді құрайтын мынадай бір сендвичті жесеңіз, толық бір түстенгеніңізбен тең. Ал екіншісін қоссаңыз, кешкі тамақты да қатар іштіңіз деген сөз. Оған енді газдалған сусын мен қуырылған фри картобын тағы қосыңыз. Яғни, дәл осылай бір ай тамақтанар болсаңыз, денсаулығыңызға зиян келтірдіңіз.

Бірақ бұны біле тұра жейтіндер жетерлік. Оған көшедегі саңырауқұлақтай қаптаған бургер, сендвич, донер, кәуәп сынды жылдам асты әзірлейтін дүнгіршіктегі ұзын кезектің өзі дәлел. Сондықтан Тамақтану акедемиясы бастаған отандық гастроэнтерологтар шала піскен тамақпен күресті күшейтуге мәжбүр. Тіпті дұрыс тамақтанудың пирамидасын да ұсынып отыр.

Ольга Кухар, Сүт өнімдерін шығаратын компанияның медициналық департаменті жетекшісі:

- Дұрыс тамақтану үшін ең алдымен дәнді-дақылдарға орын беріңіз. Екінші көкөніс пен жеміс-жидекке кетеді. Үшінші ет пен балық, ақуыз. Бірақ етті шамадан көп жеуге де болмайды. Төртінші суықтық пен қышқылдар, әсіресе ақ тамағамға көңіл бөліңіз.

Сұрақтарға жауап аламын.

V Бекіту


• Балалар біз бүгін қандай тақырыппен таныстық

• Мына заттардың ішінен жануар тектес азық түліктерді табыңдар?

• Мына заттардың ішінен өсімдік тектес. Азық — түліктерді табыңдар?

• Адамдар күніне неше рет тамақтану қажет?

• Дастархан басында қалай отыруымыз керек?

• Тамақты қалай жеу керек?

VІІ Үйге тапсырма

Үйге « Дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі»



VІІІ Бағалау.

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды жетондар арқылы бағалаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет