Сабақтың мақсаты: Оқушыларға танып білудің қажеттілігін сүйіспеншілік құндылығы арқылы түсіндіру



Дата29.01.2020
өлшемі483,67 Kb.
#56775
түріСабақ
Байланысты:
5 сынып №6.pptx [Автосохраненный]


Тақырып: Танымға бастар жол.

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: қамқорлық, жанашырлық,

шынайылық.



Сабақтың мақсаты: Оқушыларға танып – білудің

қажеттілігін сүйіспеншілік

құндылығы арқылы түсіндіру.

Білімділік: оқушыларды қамқорлыққа

үйрету.


Дамытушылық: оқушылардың бойындағы жанашырлық

қасиеттерін дамыту.



Тәрбиелік: оқушыларды шынайылыққа тәрбиелеу

Үй тапсырмасын тексеру.

1. №5 - сабақ. Адамгершілік қасиеттер туралы өз түсініктеріңді жазып, кестені толтырыңдар.

2. Келесі сабақ. №6, «Қайырымдылық» аңызын оқып келу.

Сұрақтар:

1. Адамның адамға бөлінген мейір-шапағаты» - дегенді қалайша түсінесіңдер?

2. Қайырымдылық жасаудың мәні неде деп ойлайсыңдар?

3. Риясыз қызмет ету деген не?

4. Өзің басқаларға қандай қайырымдылық жасап жүрсің?

Сабақтың дәйексөзі.



Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе!

Ыбырай Алтынсарин



Сұрақтар:                                      

1. Жақсылықты қандай ниетпен жасау керек?

2. Риясыз қызмет дегенді қалай түсінесіздер?

3. Сіздердің риясыз жақсылық жасаған кездерің болды ма?

4. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы – педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері

Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген.



Мұғалім сыйы

Алғыс

Д. Матайқызы

Адамның еліне сіңірген еңбегіне, халыққа көрсеткен құрметіне, жасаған ерлігіне, парасаттылығына, басқа да жақсылық істеріне ризашылық білдіру, ізгі ниет, ықылас білдіру, алғыс деп аталады. Бата-тілек те алғысқа жатады.

«Кімде-кім тозаңдай жақсылық жасаса, соның қайтарымын көреді, кімде-кім тозаңдай жамандық жасаса, соның азабын тартады» деген қасиетті аят бар. Дәйім ел-жұрттың ризашылығына бөленіп, алғысын алғанға не жетсін?!

Жақсылықтың үлкен-кішісі болмайды, қолыңнан келген жәрдемді аямаған абзал. Көшеде өтіп бара жатқан қарт адамды демеп жіберсең, «Тәңір жарылқасын, мұратыңа жет» деп батасын береді. Алғыстың кейбір түрлеріне тоқталсақ:

маңдайыңа шаң тимесін,

өркенің өссін,

қадамыңа гүл бітсін,

қатарыңның алды бол,

жұлдызың жансын,

бағын ашылсын,

көп жаса,

тілеуіңді берсін.

Көпті көрген көнекөз қариялар жәбір-жапа көрсе де, қиянатшыл адамды қарғамаған. Керісінше, «Тәңірім оны да оң жолға салсын» деп тілеген. «Жақсылыққа жақсылық– әр адамның ісі, жамандыққа жақсылық – ер адамның ісі деген» халық даналығы осындайда айтылған. «Таспен ұрғанды аспен ұр» дейді одан қалса. Мұның барлығы да тәлім, тәрбие...

Сұрақтар:

1. «Жақсылыққа жақсылық– әр адамның ісі, жамандыққа жақсылық – ер адамның ісі» дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Не үшін алғыс айту керек?

3. Басқаларға жақсылық жасаған кезде қандай сезімде боласыңдар? Әңгімелеп беріңдер.

4. Сыныптастарыңа жақсы тілектер айтып беріңдер.

5. Әңгіме қай құндылық туралы айтылған?

6. Әңгімеден не түсіндіңіздер?

Шығармашылық жұмыс, топтық тапсырма.

«Жақсылық тамшысы»

Оқушылар тамшы үлгісінде қиылған қағаздар үлестіріледі. Әр бала өзі жасаған жақсы істерін жазады. Тамшылар тақтаға ілінеді.

Тамшы болып тамайық,

Арық болып ағайық.

Көлшік болып жиналып,

Күнге қолға бұлғайық.

Бу боп аспан түрінде,

Бұлттар санын құрайық.

Бұлттан жаңбыр сөгілер,

Жер әлемге төгілер.


Топпен ән айту. Жақсы адамдар Әні мен сөзі: А. Оралов 1. Сендер аман болыңдар жақсы адамдар, Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар. Табаныңның астында жатады әлі Пенделіктен өресі аспағандар Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар. 2. Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар, Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар. Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар, Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар Жақсы адамдар 3. Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар, Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар Сендер аман болыңдар жақсы адамдар, Қарап өтсін сендерге басқа жандар. Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар Қарап өтсін сендерге басқа жандар Жақсы адамдар, жақсы адамдар Қарап өтсін сендерге басқа жандар Жақсы адамдар. Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар.


Үйге тапсырма.

1. №6 - сабақ. «Қайырымдылық – қайырлы іс» атты қайырымдылық акциясын өткізудің жоспарын жазу.

2. Келесі сабақ. №7, «Аяз би» аңызын оқып келу.

Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.



Рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет