Сабақтың мақсаты: Оқушыларға украин халқының ұлттық баскиімін оның жасалу жолдарын үйрету
Дата 25.08.2017 өлшемі 6,73 Kb. #27741 түрі Сабақ
Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: Технология Пән мұғалімі: Иманова Жанымгүл Нұрлыбайқызы Сабақтың мақсаты: Оқушыларға украин халқының ұлттық баскиімін оның жасалу жолдарын үйрету. 1.Украин халқының ұлттық баскиімі туралы мәлімет беру және баскиімнің жасалу жолын меңгерту; 2.Оқушыларды украин халқының салт- дәстүрі оның ұлттық ерекшеліктерін құрметтеуге баулу.Тігу, қию тәсілдерімен еңбек етуге баулу ; 3.Оқушылардың ой- өрістерін, эстетикалық талғамымен қию, өлшеп, тігу әдістерін үйренуге ықпал ету ; Сабақтың барысы: Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. ІІ.Өткен материалды қайталау Жаңа сабақ Украин халқының ұлттық киімі Киім үлгілерін сәндеуде түрлі әшекейлеу тәсілдерін қолданады. Атап айтсақ, кестелеуге алтындап зерделеп тігу, бастырмалап тігу тәсілдері қолданылады.Шеберлер киімді қолдан тоқылған мақта немесе жүн матадан тіккен. Қыздар күнделікті баскиім ретінде өрнекті таспа бауларды басына байлап , ұшын бос жіберген. Сәнді баскиім ретінде табиғи немесе жасанды гүлдер мен жапырақ тардан, бидай сабақтарынан тоқыл- ған тәжді (венок) қолданды.Оны қатты материалдан жасалған шеңбер- ге бекітіп , түрлі гүлдер және құс қауырсынымен, таспа бауларлармен әшекейлеген. Сарамандық жұмыс Украин халқының ұлттық баскиімін жасау үлгісі. 1.Гүлді тізетін шеңберді дайындау. 1) Адам басына лайықтап сымнан шеңбер дайындау. 2) Гүлтәжді басқа кигенде сым батпас үшін, оның сыртын жұмсақ тоқыма жіппен шалып тоқимыз. 2.Матадан гүл тігу реті: 1)Гүл жасау үшін өлшемі 8х8 см. қызыл немесе бір түсті шаршы пішінді мата дайындап ал.Осы матаны екі рет үшбұрыштап бүкте. 2)Осындай 6 үшбұрышты табанынан 5мм. қалдырып, көктеп тік. 3)Жіптің ұшынан тартып, үшбұрыштарды жиыр.Жіптің ұшын түй. 4)Дөңгелектей жиырылған гүлдің ортасын моншақтармен , сумоншақтармен толтырып әшекейлеуге болады.Осындай үш гүл дайында. 8) Дайын жасалған әр түсті, әр түрлі гүлдерді кезектестіріп шеңбердің алдыңғы бөлігіне, ал таспаны артқы бөлігіне жіппен іл. Сабақты қортындылау 1.Осы сабақта қандай еңбек түрлерін үйрендіңдер? 2.Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? 3.Жасаған жұмыстарды бағалау. 1.Сынып жұмысын аяқтау. 2.Жасанды гүлдерден қыздардың гүлтәжін орындау. Достарыңызбен бөлісу: