Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері, сызу, геометрия, математика.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру бөлімі.
1.Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
2.Техника қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
II Жаңа сабақ.
Өнерді таудың бұлағынан,
Қойдың құлағынан,
Апамның киізінен,
Қошқардың мүйізінен үйрендім.
Әбілхан Қастеев.
Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің көп ғасырлық тарихы бар. Халық қолөнерінің бай мұралары бүгінгі күннің алтын қорына айналып отыр.
«Қол өнер – мол өнер» дейді халық. Халықтың қолөнер бұйымдарын өрнектеу үшін де сызу мен бейнелеу өнерінің маңызы зор. Әрбір бұйымдар мен заттардың ұнасымдылығы, дәлдігі және жарасымдылығы болып табылады.
Қай халықтың болса да тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына әдемі бұйымдар мен заттарды дүниеге әкелген – бұл қолөнер. Солардың ішінде біздің қазақ халқының қолөнер дамуының ерекшелігінің маңызы зор.
Сән және қол өнер екеуі егіз ұғым. Сән – киім – кешек, тұрмыстық заттар, киіз үй сүйегі мен оның жабдықтары, қару – жарақ, ер – тұрман тағы басқа қол өнер туындыларын ою - өрнекпен безендіру болса, қол өнер –шебердің қолынан жасалынып шыққан бұйымдар мен тұрмыстық заттар деген сөз.
Қазақ халқы қазақтың қол өнер шеберлерін төрт бағыттағы топқа ажыратқан
Сыңар мүйіз – кең тараған ою - өрнек үлгісінің бірі. «Қошқар мүйіздің» тек бір жақ сыңарын ғана бейнелейді. Сырмақ, текемет, киім-кешектердің жиегіне істетіледі.
Түйе табан – түйенің басқан ізіндегі қос табаны сияқты дөңгеленіп келетін, S әріпі тәрізді күрделі өрнек. «Табақша өрнек» деп те аталады.
Түйе өркеш – түйенің қос өркешіне ұқсайтын өрнек. Әшекейленетін заттардың жиектеріне көбірек істетіледі.
Қолыма қайшы алып, ою оям – деп Б. Момышұлы атамыз айтқандай біз де келесі сарамандық жұмыс бөліміне көшеміз
Төртқұлақ - өрнектің ортасы жіліншік өрнегі тектес болып келетін, төрт тармағына мүйіз өрнегі қондырылған ең көне ою - өрнек түріне жатады.
Ақ қағаздан қайшымен қиып алған ою - өрнектің шаблонын жапсырма қағаз бетіне қойып, қарандаш арқылы сызып түсіреміз. Оқушылардың жапсырма қағаз бетіне түсірген ою - өрнектерін қайшымен қиып аламыз.
Камотекстің бетіне диоганаль сызықтарын жүргізу арқылы центрлік нүктесін табамыз. Алынған оюды камотекстің бұрыштарына келтіріп, жапсырма қағазымызды жапсырамыз.
Өрнек түрлері
Қос қанатты – құстың қос қанатын кең жайып ұшқан бейнесіне ұқсайтын өрнек.
Қорытынды сұрақтар:
Ою-өрнектер дегеніміз не?
Ою-өрнектер нешеге бөлінеді?
Ою мен өрнектің айырмашылығы неде?
Ою-өрнектер қандай ұлттық бұйымдарға салынады?
Сабақты қорытындылау:
Шеберлікте шек жоқ,
Жалқаулыққа жол жоқ!
Өнерлінің қолынан,
Тамып тұрған бал көп!
Қорытынды.
Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, жіберілген қателерін көрсету.
Жасалған бұымның нәтижесіне қарай бағалау.
Үйге тапсырма.
Қазақ халқының ою - өрнектерін басқа халықтардың ою - өрнектерімен салыстыру.