Сабақтың мақсаты: Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі жайында жалпы білім беру, тарихи маңызын ашу; Міндеттері



Дата05.01.2017
өлшемі72,48 Kb.
#6342
түріСабақ
Ақтөбе қаласындағы №18 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі

Атамуратова Бибигуль Абдрахмановна

Класс: 6 «А». Пәні: Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §16 Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі.

Сабақтың мақсаты: Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі жайында жалпы білім беру, тарихи маңызын ашу;

Міндеттері:

  • Сақтардың жатжерліктерге қарсы күрестегі ерлігі мен тәуелсіздік үшін күрескен даңқты қолбасшылары Томирис, Спитамен, сақ жауынгері Шырақтың ерлігі туралы қосымша ізденіс жұмыстары арқылы жүйелеп меңгерту;

  • Қосымша құжат, деректер мен әдебиеттерді пайдалана отырып, оқушылардың ой-өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту;

  • Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, оларды өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтеуге үйрету; елін, жерін сүйетін отансүйгіш, дарынды ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру сабағы

Сабақтың түрі: Танымдық сабақ

Әдіс-тәсілдері: репродуктивті, ой-толғаныс, топтық жұмыс

Көрнекілігі: портреттер, дүниежүзі картасы, тірек-сызба, семантикалық карта, бағалау парағы

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті мен қазақ тілі, дүниежүзі тарихы

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды сабаққа даярлау.

САҚ ҚАЗАҚ ТӘУЕЛСІЗДІК...

ҚАС+САҚ=ҚАЗАҚ (сөзінің шығу тарихына тоқталу)- «сақшы», «сақа адам» т.б

1991ж 16.12 22жыл



арман Қазақстан

егемен батырлар

Жалғанның жартысындай қазақ елі,

Алғандай көздің жауын сұлу жері

Ақ пейіл, дарқан көңіл, халқымыз бар,

Болғанда бірі – батыр, бірі – сері.

Әз бабам азаттықты аңсап өткен,

Ел үшін талай саңылақ шаһид кеткен.

Солардың құдіреті, ой-арманы,

Таңы боп, тәуелсіздік бізге жеткен.

II. Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру:

Бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі». Сабағымызда сақтардың Парсы патшалары Кир мен I Дарий, грек қолбасшысы А.Македонскиймен күресіп, өз жерлерін, тәуелсіздігін қорғап қалған сақ қолбасшылары Томирис, Спитамен; сақ малшысы Шырақтың ерлігі туралы білетін боламыз.



III. Жаңа сабақ.

Сабақтың эпиграфы:

«Европалық патшалықтар түгілі Азияның өзінде сақтарға қарсы келетін бірде-бір халық жоқ». Грек тарихшысы Фукидид.



Сабақтың жоспары:

  1. Кир әскерінің басып кіруі

  2. I Дарийдың шабуылы

  3. Александр Македонскийдің (Ескендір Зұлқарнайын) жорығы.

3 топқа осы тапсырмалар беріледі, оқулықпен жұмыс жасап өз түсініктерін 72б қосымша материалды пайдалану арқылы баяндайды. Кир, I Дарий, А.Македонский суреттері беріледі.

Мұғалім әр тақырыпқа қосымша материалдармен қосып отырады.



Спаргапис бастаған жауынгерлердің қателігі неде?(тәрбиелік жағына көңіл бөлу)

  • Отан қорғау жауапты іс.

  • Ешқашан жауыңа сенбе.

  • Адамдар шарап ішуден аулақ болуы керек.

Мұғалімнің түсіндіруі: «Бехистун» жазбасында: «Мен әскеріммен сақ жеріне жорыққа шықтым. Осы жорығымда сақтардың Скунха атты көсемін қолға түсірдім» деп жазылған.

Оқушылар Шырақтың ерлігін баяндайды.

  • Шырақтың осындай ерлікке барғанын қалай түсінесің?

  • Шырақтың орнында болсаң сен де осындай әрекет жасар ма едің?

Мұғалім Марафон шайқасын картадан көрсетеді, Марафон жарысына түсінік береді.

Алайда ұзақ жылғы соғыста сақтардың біраз жері парсылардың қол астында қалып қойған еді. Олар алым-салық төлеп, парсылармен бірігіп соғысуға өз әскерлерін жіберіп тұрды. Мысалы: б.з.б 490ж Марафон шайқасында (Марафон жазығы) парсы әскерінің құрамында гректерге қарсы сақтар да соғысты. Гректер жеңіске жетеді. Гректерге өз әскерлерінің жеңісі туралы хабарлау үшін Марафоннан Афиныға дейін жүгіріп келген аты аңызға айналған грек жауынгерінің (Фединикс) батырлығын еске түсіреді. 42км астам жол жүгіріп келіп, өзіне берілген бұйрықты орындаған жауынгер жерге құлап мерт болған. Алғаш рет Марафон жарысы 1896ж алғашқы Олимпиада ойындарында өткізілген болатын. Ашық кеңістікте 42 км арақашықтыққа жүгіру.



Мұғалім аңыз әңгіме арқылы баяндау арқылы жұмбақ жасырады.

I Дарий бастаған парсы әскерлері сақтар жеріне келіп адасып кетеді. Алдарынан үлкен қамал шығады. Бұл қамалды алмақ болады, бірақ сақ патшалары жұмбақ сыйлықпен елші жібереді. Сыйлық құрамында құс, тышқан, көлбақа және 5 жебе болған делінеді,- аңызда. Парсылар мұның мәнін табуы керек еді. Бұл жұмбақтың шешімін Гобри деген қарт қолбасшы табады. Бұның мәні: «Егер сендер, парсылар, құс тәрізді аспанға ұшып кетпесеңдер немесе тышқан секілді жер астына кіріп кетпесеңдер, көлбақа құсап суға түсіп жоғалмасаңдар,біздің жебеміздің астында қаласыңдар» Парсы әскерлері сақ жерінен кетуге мәжбүр болды.

А. Македонский б.з.б 332ж Египетті бағындырады, Парсы елін өзіне қаратады, б.з.б 328ж Үндістанды жаулайды. Б.з.б 330-328ж Орта Азия мен Қазақстан жеріне шабуыл жасайды. Спитамен деген сақ қолбасшысы Орта Азия халықтарын біріктіре отырып қарсы шықты.



Мұғалім аңыз әңгіме айтады.

Ескендір патшаның басында қос мүйізі бар. Ол Зу-ль-Карнейн («Қосмүйізді») аталыпты. Сол мүйізін ешкімге көрсетпеуге тырысып, шашын алған адамдарды түгел өлтіріп отырған. Сондай шаштаразшылардың ішінен біреуі тірі қалады. Күндердің бір күнінде білетін құпиясын жасыра алмай, ол құдыққа барып: « — …Ескендірдің мүйізі бар!» — деп айқайлайды. Құдықтан қамыс өсіп шығады. Ол қамыстан бір қойшы сыбызғы жасап, ойнайды. Сөйтсе, сыбызғыдан шыққан дыбыс «…Ескендірдің мүйізі бар!» — деген ән болып, Ескендір патшаның құпиясы елге жарияланып кетеді.

Абай атамыздың «Ескендір» поэмасын айтып кету.

Аристотель: Бұл адамның көз сүйегі.Адамның көзі тіршілікте тоймайды.Тек өлгенде ғана тоқталасың.Алтын қақпа сізге қу сүйек беріп,тойымсыздығыңызды әшкереледі.



Жауап:біз ұлы ақынның «адам баласы» болу үшін «бес досың» болу керек екенін «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен білгенбіз.Сол бес достың ,бес асыл істің бірі – қанағат.Оны Абай былай деген:

Талап,еңбек,терең ой,

Қанағат, рахым , ойлап қой.

Мұғалім:Дана халқымыз ұрпағына: «Қанағат қарын тойғызады,қанағатсыздық жалғыз атын сойғызады» деп өз тұрмысынан алған жай күнді тәлім етіп кеткен болатын.



3 топқа бесжолды өлең құрау тапсырылады.


  • Томирис

  • Тәуелсіздік

  • Шырақ



IY. Сабақты бекіту.

Семантикалық карта.

Тірек сөздер

Кир

I Дарий

Александр Македонский

Спаргапис

Арриан


Камбиз

Скунха


Геродот

Полиэн


Спитамен

Томирис


Шырақ

Ескендір Зұлқарнайын












Y. Сабақты қорыту.
Қазіргі заманмен байланыстыру (Астанадағы Жер- ана ескерткішіне тоқталу) Томирис патшайымға қойылған ескерткіш, Авторы-Даша Намдакова.


Т Ә У Е Л С І З Д І К


не берді?

не алды?

бостандық, жеңіс, батырлар, адамдар өмірін, көп уақыт, тарихи тұлғалар

ауызбіршілік, жер, елбасын т.б. өмірін т.б.

YI. Оқушылар білімін бағалау.

Оқушылардың өзін-өзі бағалау парағы.

Күні:_______ Пәні:____________________Класы:_____ Оқушы аты-жөні:_____________________

Мен бүгінгі сабақта «__ »-ке жұмыс жасадым. Себебі:______________________________________

_____________________________________________________________________________________



YII. Үйге тапсырма.

§16 Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі оқу; Абайдың «Ескендір» поэмасынан үзінді оқу; Отан, ерлік, батырлық туралы мақал-мәтелдер әкелу.



18 орта мектеп



Тақырыбы: Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі.

6 «А» класс

Өткізген

тарих пәні мұғалімі Атамұратова Б.Ә

Ақтөбе, 2014 жыл.
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет