2.Лексикалық тақырыпты грамматикамен байланыстырып, дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру;
Сабақтың әдіс – тәсілі:
Сұрақ-жауап тәсілі;
түсіндіру тәсілі;
баяндау тәсілі;
сын тұрғысынан ойлау;
қатысымдық әдіс;
Шоқан 1835 жылы Көкшетау облысының Сырымбет деген жерінде туған.
Шоқан 1835 жылы Көкшетау облысының Сырымбет деген жерінде туған.
Шоқан
Саяхатшы
Зерттеуші
Суретші
Ғалым
Әскери адам
Шоқан
Қандай адам?
Алғыр
Іздемпаз
Жаңашыл
Сауатты
Білімді
Ойы ұшқыр
Шоқан
жайлы не білесіз?
Өлең жазған
Өлең аударған
Көп оқыған
Ойшыл,кемеңгер болған
Зерттеген
Хатқа түсірген
Сурет салған
Ауыз адебиеті туралы жазған
Шоқан Уәлиханов (шын аты – Мұхаммедханафия) Шыңғыс ұлы – Қазақтың шыққан ең біріңші ғалым, риенталист, тарихшы, этнограф, фольклорист, ағартушы, демократ, саяхатшы және зертеуші.
Мәтіндегі сөйлемдердің қай шақта тұрғанын анықтаңыз.
Шоқан Уәлиханов 12 жасында Омбыдағы кадет корпусына оқуға түсті(1853),Петербург университетінің тарих-филология факультетінде лекция тыңдаған (1861-62). Әуелде орысша бір ауыз сөз білмей келген Шоқан, екіөүш жылдың ішінде озат оқушылардың қатарына қосылды. Ол сол кезде оқуға тыйым салынған кітаптарды оқыды. Мұғалімдер Шоқанды 14-15 жасында болашақғалым, зертеуші деп атады.
Арғы атасы –Абылай. Оныңүлкен ұлы Уәли (1741-1821) – Шоқанның туған атасы. Уәли өліп, әкенің бас мұрагері - оның улкен ұлы Ғұбайдолла Сібірге айдалып кеткендіктен, хан шаңырағы хандық, билік Уәлидің кіші әйелі Айғанымда қалды.
Уәлиханов әуелі Құсмұрында қазақ мектебінде оқып, арабша хат таниды. Дәстүр бойынша “жеті жұрттың тілін білүге” тиісті хан баласы Шығыс тілдерінең араб, шағатай тілін жасынан жақсы үйренген, кейінірек Орта Азияның түркі тілдерін меңгерген.
Шоқан Уәлиханов Семей, Аягөз, Қапал, Алакөл, Тарбағатай, Қарақалы, Баянауыл, Көкшетау жерлерінде болып, қазақ халқының ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен этнографиясында байланысты материалдар жинады.
1853 жылы Уәлиханов кадет корпусын бітіріп ,атты әскер корнеті атағын алып шығады.
Сібір қазақ-орыс әскері 6-атты әскер полкине офицер болып тағайындалады.
Шоқан қорпустың мұғалімдері мен Омбының алдыңғы қатарлыинтеллигенциясының көзіне түседі. 14-15 жасар Шоқанға мұғалімдері болашақ ғалым, зерттеуші деп қарайтын еді дейді Потанин. Шоқан тарих, география кітаптарын бас алмай оқиды. Орал, Еділ, Каспий алабын, Байкал, Алтайды зерттеген П.С.Палластың “Саяхатын”, Еділ, Каспий, Оралдың тарихы жерде мен этнографиясын жазған П.И.Рычковтын кунделікті жазбаларын, әсіресе кітаптардың туған жерде арналған беттерін қызыға оқыған. 1853 жылы Уәлиханов кадет корпустын бітіріп,атты әскер корнеті атағын алып шығады.
Қырғыз халқының асыл мұрасы «Манас» жырын алғаш рет хатқа түсірді. Оның «Іле өлкесінің географиялық очеркі», «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Ыстықкөл сапарының күнделігі», т.б. зерттеулері бар.
1857 жылы Шоқан жиырма екі жасында Орыс география қоғамына мүше болып сайланды. Үлкен ғалым атанды. Ол орыс халқыныңалдыңғы қатарлы, озық ойлығалымдары П.П.Семенов Тян-Шанскиймен, Ф.М.Достоевскиймен дос болды. Ф.М.Достоевский Шоқанды туған бауырындай көрді. Шоқанның еңбектерін орыс ғалымдары жоғары бағалады.
Науқасы меңдерген Шоқандәрігердің ақылымен 1861 жылы көктемде туған елге оралды. Ел ішінде тұрып, туған халқының екі бірдей қанаудың астында езілгенін көрген Шоқан 1862 жылы Атбасар округының аға сұлтаны болуға ризалық білдіреді. “Елдестеріме пайдамды тигізу үшін аға сұлтан болғым келді, оларды чиновниктерден, қазақ байларынан қорғамақ болдым. Сондағы ең алдымен көздегенім - өз басымның мысалы арқылы жерлестіреме оқыған аға сұлтанның пайдалы екенін көрсету еді”, -депті ол Достоевскийге жазған хатында.
Аз өмірінде Ш.Уәлиханов Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихына, географиясы, этнографиясы, фольклорына және қоғамдықөсаяси құрылысына арналған көптеген құнды еңбектер қалдырды. Қазақстан географиясында – Балхаш пен Алакөлдің бұрын бір тұтас су айдыны болғандығы және Жоңғар қақпасынан соғатын Ебі желі туралы ғылыми деректері алғашқы келтіруші де сол.
Ол березиннің “Хан жарлына” рецензиядан кейін Жалайыридің “Жәми-ат-тауарихын” зерттеп, оның негізгі тарауларын алғаш рет орысшаға аударды, ондағы Шығыс терминдерінің сөздігін тарауларын алғаш рет орысшаға аударды, ондағы Шығыс терминдерінің сөздігін жасады.
“Шайбани-наме”, “ Шежре-и түрік” Абулғазы туындылары негізінде теориялық мәні зор “Қазақтың шежіресі” атты еңбек берді. “Жәми-ат-тарихты” Шоқан сирек кездесетін тарихи шығарма, қазақтың 15-16-17-ғасырдағы тарихи аңыздарының жиынтығы деп ганиды. Кейін “Бабур-наме”, “Тарих-и-Рашидиге” терең үңілген ол өз еңбектерінде солардың деректерін орынды пайдаланды.
Шоқанның еңбектері бірнеше рет қазақ, орыс тілдерінде жарық көрді. Алматыда, Көкшетауда ескерткіштер орнатылды. Қазақстан Ғылым академиясының Тарих, археология және этнография институтына Шоқан Уәлихановтың есімі берілді.
Омбыдағы кадет корпусында Шоқан Гриша Потанин деген баламен дос болады. Г.Потанин қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеуші, ғалым Шоқан туралы естеліктерінде былай деп жазған: «…Мен Шоқанмен корпусқа оқұға келгенде таныстым. Ол орысша білмеді, ал мен қазақша білмедім. Бірақ Шоқан орыс тілін тез арада үйреніп алды. Екеуіміз де кітап оқуды жақсы көрдік, әсіресе саяхатшылар туралы кітапқа қатты қызығатынбыз, сондықтан екеуіміз жақсы араласып кеттік.»