Көл. Көлдің орманға айналу себептері мен кезеңдерінің дұрыс ретін табу. Оқушылар көлдің жоғалу себептерін анықтап, сипаттайды.
Топқа бөлу.
«Мозайка» стратегиясы арқылы топқа бөліп, әр топқа көлдің өзгеріске ұшыраған ретін талқылап,өз ойларын ортаға салу.
Адам мен табиғат. Оқушыларды жұптастырып табиғи бірлестіктің өзгеру себебін анықтау. Адамның іс-әрекеті салдарынан табиғи бірлестіктің өзгерген жағдайлары туралы ойларын ортаға салу.
Зертте. Табиғи бірлестік өсімдіктерінің алуантүрлілігін зерттеу мақсатында оқушылар мектептің жанындағы аймақтарға бақылау жасайды. Зерттеу жұмысы үшін сыныпты шағын топтарға бөліп, әр топқа 1м² аумақта зерттеу жүргізуді тапсыру ұсынылады.
Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық
• Топта бірлестіктің табиғи жолмен немесе жасанды жолмен құрылғанын талдау.
• Аймақтағы өсімдіктердің алуантүрлілігін анықтау.
• Қандай өсімдік түрі жиі кездесетінін табу.
• Оларға қандай жағдай тұрақты түрде жасалатынын анықтау.
• Басқа топтың қорытындыларымен салыстыру.
Мұғалімнің түсіндіруі.
Бір табиғи бірлестікке кіретін кейбір өсімдіктер әртүрлі жылдамдықпен өседі. Бетегелі дала алқабы, шырша мен емен ормандары ұзақ жылдар бойы тіршілік етеді. Шағын көлдер, батпақты шалғындар, тақырлар өзгеруі мүмкін. Салқын жаңбырлы жаз бен аязды қыс, күндізгі аптап ыстық пен таңғы суық ызғар бір өсімдіктің жойылып, орнына басқа өсімдіктің қаулап өсуіне ықпал етеді. Осылайша бірлестіктер ауысып отырады.
Су тасқыны, өрт, дауыл сияқты табиғат апаттары бірлестіктің жойылуына әкеп соғады. Табиғи бірлестіктің қалпына келуіне ұзақ уақыт қажет. Мысалы, шырша орманы тек жүз елу жылдан кейін ғана қалпына келеді.
Адамдар егіс, бақша, бақ, саябақ отырғызып, жасанды бірлестік жасайды. Олар өздігінен өсе алмайды. Адам күтіп-баптамаса, арамшөп басып, табиғи бірлестікке ұқсап кетеді.
Ойлан. Орман жерінің босап қалуының себептерінің тізімін топпен бірлесіп жасау ұсынылады. (Бірлестіктер сұрапыл апат, су тасқыны, өрт сияқты табиғи жолмен жойылуы мүмкін. Сонымен қатар адамдардың бейберекет шауып, от жаққанда ережелерді сақтамау әрекеттері де себеп болады.)
Достарыңызбен бөлісу: |