Тақырыбы: «Желтоқсанның мұзда жанған алауы» Сынып сағаты
Сабақтың мақсаты: Тарихтың тағылымынан үлгі алуға, ұлттық сананы
жаңғыртқан қазақ жастарының ізбасары болуға, үлкенді сыйлау, достыққа адал, бауырмал кеңпейіл болуға үйрету, қазақ халқының атына сөз келтіретін ұстамсыздық, жүгенсіздік атаулыдан аулақ болуға шақыру.
Сабақ көрнекілігі: Буклет, кітап көрмесі, ақпарат материалдары, желтоқсан
оқиғасына қатысушылардың фото-суреттері, Отан, ерлік туралы нақыл сөздер.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, проблемалық сұрақ, баяндау, талдау.
Сабақ барысы:
І жүргізуші: Бұдан 20 жыл бұрын, яғни желтоқсанның 16 күні Коммунистік
партияның әміршіл-әкімшіл жүйесіне наразылық білдірген студент және жұмысшы жастар қазіргі Республика алаңына бейбіт митингі ұйымдастырылған еді. Алайда, қолында билігі бар партия басшылары қараусыз халыққа қарсы жазалау шараларын жүргізді. Шиеленіскен оқиға барысында адам өлімі де болды. Бұл қазақ халқының демократияға ұмтылған батыл қадамы еді.
ІІ жүргізуші: Кезіп жүріп Алатаудың жыңғылын жылағам жоқ,
Жырын айттым жындының.
Шарасыздан шашылды да шындығым,
Тасқынға емес, тасқа барып сүңгідім.
Желтоқсан мұздап едім, мені барып жылытпайды,
Мен де жібір емеспін.
Ар жағымнан ажал деген белестің,
Булықты үні сол бір ару – елестің.
І жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсанда қазақ халқы өз тәуелсіздігін жариялады.
Бұл тәуелсіздікті алу үшін қазақ халқы басынан бес кезеңді өткізген еді. Олар:
Жоңғар шапқыншылығы;
Ашаршылық (1928-1932);
Репрессия (1937-1939);
Ұлы Отан Соғысы (1941-1945);
Желтоқсан оқиғасы (1986).
ІІ жүргізуші: Қарапайым халықпен ешбір санаспай, Орталықтың билеп-төстеуге
деген әрекетіне бейбіт шеру, ашық пікір айтып түсініскісі келген қазақ жастарының басындағы қасірет, жүрегі жаралаған қанды сойқан халықтың мәңгі жадында болады.
1 – оқушы: Булығады әлденені ұқтырып,
Жігеріңе жарасады мықтылық,
Қаңтарда да ақпана,
Желтоқсанның желі үскіріп жатқанда...
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егемендіел болсақ деп талпындық,
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
Айналайын, жас қайратым, жас өркені халқымның!
(М.Шаханов).
2 – оқушы: Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіретін, әділетсіз шешім қабылданып,
халықтың ар-намысы, таразыға салынған сын-сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыға білген жастарымыздың қайсар мінезі ұрпақтан ұрпаққа жете бермек.
3 – оқушы: Тәуелсіздік табалдырығында тұрған осы жан тебірентер сәтте қазақ
елінің еркіндігі, бстандығы жолында бас тіккен азаматтардың,
солардың қатарында бұл күнге жете алмай туған Қазақстанның – егемен ел, тәуелсіз мемлекет болғанын көре алмай өмірден өткен желтоқсан құрандарының рухына тағзым етіп, еске алуды парызымыз деп білейік.
«Қара бауыр қасқалдақ» әні орындалады.
4 – оқушы: Желтоқсан оқиғасы тек Қазақстандағы емес, күллі Одақтағы
демократиялық қозғалыстың көшбасшысы болды. Қазақтың өрімдей жастары қоғамның ызғарына ұрынып, жапа шексе де, бүкіл елді оятып кетті. Елдегі жариялылық пен қайта құруды алдымен бастаған – жаңа ой, тың шешім, жарқын болашықтың алғашқы қарлығаштары еді, олар қазақ халқының ар-намысы, мақтанышы.
ІІ бөлім: Топтардың үй тапсырмасын тамашалау.
1 – топ: Қазақ елінің тарихына шолу.
2 – топ: Жоңғар шапқыншылығы тұсында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»
атты көрініс.
3 – топ: Қайрат Рысқұлбеков жайында.
ІІІ бөлім: Қорытынды сөз. «Желтоқсанның мұзда жанған алауы» дей келе, барлық
жалындап өткен жас ғұмырға, желтоқсан құрбандарына бас ие отырып, ақын М.Шаханов желтоқсан тағылымын жырмен былай өрнектеген:
Арманның атын,
Жігерінің отын,
Өшіре алмас асау желі уақыттың,
Егер кім қанша уайымсыз болса,
Нақ сол адам құнын білмес бақыттың...
...Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қусырған,
Намысыңды жықпай өттің нәубет дүлей маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма,
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар дауысыңнан.
Өсет елдің қай кезде де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула желтоқсанның мұзда жанған алауы.
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы.
«Елім менің» әні орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |