Сабақтың мақсаты: Түбір және қосымша сөздер туралы жалпы мағлұмат беру, қосымшалардың



Дата18.05.2017
өлшемі88,53 Kb.
#16346
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы.
Сабақтың мақсаты: Түбір және қосымша сөздер туралы жалпы мағлұмат беру, қосымшалардың жұрнақ, жалғау болып бөлінуі сөздерді сұрақ қою арқылы талдауға үйрету.

Дамытушылық мақсаты: Тапсырмаларды орындау арқылы сөздік қорын арттырып, сауаттылығын, ойлау жүйесін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Сауаттылыққа, ұстамдылыққа, әдептілікке, жылдам ойлауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: «Білім еліне саяхат» сызбасы, тест, семантикалық карта, сөзжұмбақ.
Сабақтың типі: Өткенді қайталау.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес саяхат сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ойын, түсіндіру, жинақтау, талдау.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
Қазір қандай сабақ екенін еске түсіріп жіберейік.
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
- Міне, оқушылар, ғұлама, кемеңгер ақындарымыздың тілі - туған тіліміз қазақ тілі сабағына бүгін қонақтар қатысып отыр. Қонақтарға амандасып, сабағымызды бастайық.
Сәлемдесу. Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
Білімдеріміздің артып, сөз байлығымыздың молайғанын көрсету үшін, бүгінгі сабақта «Білім еліне саяхат» жасаймыз.

II. Өткенді қайталау. Олай болса, саяхатымыздың басы «Мектеп аялдамасынан» басталмақ. Мектеп аялдамасы сендердің білімдеріңді тексеру мақсатында бірнеше сұрақтар дайындапты.
1. Түбір сөз дегеніміз не? Мысал келтір.
(Сөздің өзгермейтін мағыналы бөлігін айтады.)
2. Қосымша дегеніміз не? Мысал келтір.
(Сөзді тудыратын және сөзді байланыстыратын сөз құрамын айтады.)
3. Жұрнақ дегеніміз не?
(Түбір сөзден кейін келіп, жаңа сөз жасайды.)
4. Жалғау дегеніміз не? Мысал келтір.
(Түбір сөзге де, жұрнақтан кейін де жалғанады, ол сөзді байланыстырады.)
5. Туынды сөз дегеніміз не?
(Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді айтады.)
6. Түбірлес сөздер дегеніміз не?
(Бір түбірден бірнеше туынды сөз жасала береді. Ондай сөздерді түбірлес сөздер дейді.)
III. Үй тапсырмасын тексеру. 56- жаттығу.Артық сөзді тап. Түбірлес сөздерді көшіріп жаз.Түбірін тап. Еңбек,еңбекқор,бейнетқор,еңбекші,еңбектен. Тәрбие,тәрбиеші,тәлімгер,тәрбиелі,тәрбиеле Сонымен біз «Білгірлер» аялдамасына жеттік.
Мұғалім: Жеміске құты тола ма?
Бір - бірлеп теріп алмасаң
Әп - сәтте өсе қоя ма?
Еккен дәнің ойласаң
Білім де сондай қарағым,
Біртіндеп сіңір бойыңа
Ұғып ал білім боларын
Шам - шырағың жолыңда,- дей отырып, «Білгірлер» аялдамасы тест ұсынып отыр. Қолымызға тестіні ала отырып, дұрыс жауабын белгілейміз.
1. Қай сөзде дұрыс түбір белгіленген?
а балықшы
ә кітапхана
б бала
2. Қай сөз дұрыс сөз құрамына талданған?
а домбыра-шы
ә гүл-дер
б ой-ыншы
3. Сөздердің қайсысы туынды сөз?
а гүл
ә оқушы
б дәптер

4. Сөздердің қайсысы түбірлес сөздер?
а ойыншы, ойыншық
ә қала, дала
б қалам, дәптер
5. Қосымша жалғанғанда өзгерген сөзді тап.
а бұлақты

ә аулаға
б добы
Олай болса, өткен сабақта «Қосымша жалғанғанда кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгеретінін» өтсек, бүгін сабақта өткенді қайталаймыз.
IV. Жаңа сабақ.Дәптерлерімізді ашып, берілген үлгіні көркем жазып, бүгінгі күн ретін, класс жұмысын жаза қойыңдар.
Көркем жазу.

Жжж

Жұма-аптаның қасиетті күні.

Сонымен оқушылар «Тапқырлар» аялдамасына да жетіппіз. Бұл аялдамада бізге тапқырлық сұрапқтар дайындаған.
I. 1. Шаттық сөзінің түбірі
2. Үйшік сөзінің түбірі
3. Балалық сөзінің түбірі
4. Бірлік сөзінің түбірі
5. Дәріхана сөзінің түбірі
II. 1. Сотқар сөзінің қосымшасын тап.
2. Көзбол сөзінің қосымшасын тап.
3. Қаламқас сөзінің қосымшасын тап.
4. Астық сөзінің қосымшасын тап.
5. Ынтымақ сөзінің қосымшасын тап.
шат қар
үй бол
бала қас
бір тық
дәрі мақ
V. Оқулықпен жұмыс. Біз тапқырлар тапсырмаларын орындап, «Шешендер»аялдамасына жетіппіз.
- Иә, балалар, біздің қазақ халқы басқа да жақсы қасиеттерімен бірге шешен халық. Шешендік өнер біздің халқымыздың асыл мұрасы.
Кітапты жастан оқы.
Оқымай білім жұқпас,
Білімсізден өнер шықпас.
Ендеше, «Шешендер» аялдамасында бізге оқулықтан жұмыс әзірлеп қойыпты.
- Орындаймыз ба, оқушылар?(Иә)
Оқулықтарындағы 132 - бетті ашып, 59- жаттығуды таба қойыңдар. Бір оқушыға оқыту. Тақтамен жұмыс.
Күй-күйші,күйге,күйлер. Жыр-жыршы,жырдың,жырлар,жырла.

Сергіту сәті. Жұмбақ жасыру.

1.Ж – дан басталса, жыл мезгілі

Қ – дан басталса, онда ол құс белгілі

Ол қай сөздер? (жаз-қаз)

2. А дыбысымен айтылса, негізгі мүше,

А егер де Е – ге алмасса,

Есептік сан есім, сұрауы – неше?

Бұл қай сөз? (алу-елу)

3. К – дан басталсам,

Маған қарап сабақ айтады,

П – дан басталсам,

Маған балалар жүгін артады. (карта-парта)
60 - жаттығу. Сөйлемдерді түсініп оқы. Қарамен жазылған сөздерге қосымша жалғап жазу. Сұңқар-сұңқарлар,пингвин-пингвиндер,бүркіт-біркітші,қарлығаш-қарлығаштар. 62- жаттығу. Суреттегі заттардың атына жалғау жалғап жазу. Өздік жұмыс. Алма-алмалар,көз-көздер, мысық-мысықтар,көбелек-көбелектер,ешкі-ешкілер,шие-шиелер, бұзау-бұзаулар, құлыншақ-құлыншақтар.
ҮІ.Сабақты бекіту.- Жақсы оқушылар, келесі аялдамаға да жетіп қалдыңдар. Бұл «Мергендер» аялдамасы» екен. Мергендер көздеген затын алмай қоймайды.
- Ендеше, біз «Мергендер» аялдамасының тапсырмасын орындап, ойлаған мақсатымызға жетейік.
«Мергендер» аялдамасы семантикалық картамен жұмысты әзірлепті. Ендеше семантикалық картаны толтырайық.



Түбір

Жұрнақ

Жалғау

Оқу







Кітап







Өсімдік







Домбыра







Жұмыс







Бүркіт









Оқушылар, біз белгілі білім еліне саяхат жасап, білім көрсетіп, енді өзіміздің сүйікті сыныбымызға оралайық.
- Сонымен, бүгінгі сабақта не істедік?(Білім еліне саяхат жасадық, жаттығулар орындадық, сөзжұмбақ, жұмбақ шештік, семантикалық картамен, тестімен жұмыс жүргіздік)
- Қай тақырыпты қайталадық?(Түбір мен қосымшаның жазылуы)
VII. Бағалау.
VIII. Үйге тапсырма беру. 61 - жаттығу, 133 - бет.

39 қазақ орта мектебі



Ашық сабақ
Тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы

Класы: 3 «Ә»

Өткізген: Абаева Г.К

2015-2016 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет