Менің отбасым үлкен емес. Қазір үйде әкем, анам, кішкентай інім бар. Әрқайсысы өз ісімен айналысып жатыр. Анам телефон арқылы әжеммен сөйлесіп жатыр. Әкем теледидардан хабарлама қарап отыр. Інім бөлмеде ойыншықтарымен ойнап отыр. Ал мен қазір қазақ тілінен шығарма жазамын.
Сабақтың мақсатын анықтау
Не туралы әңгімелеуге үйренеміз?
Не жазуға үйренеміз?
Телефон туралы ауызша сұрақтарға жауап алу:
Сенің телефоның бар ма?
Саған телефонды кім сыйлады?
Сенің телефоның қандай?
Ұялы телефонның қызметері:
Ұялы телефонның қызметтері:
1) суретке түсіру,
2)....
3)....
Менің ұялы телефоным бар. Ұялы телефонды маған әкем сыйлады. Менің телефоным кішкентай, қолдануға ыңғайлы. Телефоным ақ түсті.
Телефонның атқаратын қызметі көп. Телефонмен суретке түсіремін, бейнекамераға жазамын, ғаламторды пайдаланамын. Ғаламторда қазақша-орысша, орысша-қазақша, қазақша-ағылшынша, орысша-ағылшынша аударма сөздіктер бар. Ғаламтордағы аударма сөздіктерді қазақ және ағылшын тілдерінен сөздерді аударамын. Ғаламторда көп отырмаймын. Ол уақытты алады.
Ұялы телефонмен достарыммен сөйлесемін. Қажет болғанда хабарлама жазамын. Телефонда калькулятор бар. Бірақ математика сабағында калькуляторды пайдалануға болмайды. Кейде ойындар ойнаймын, кейде телефоннан музыка тыңдаймын.
Ұялы телефонның хабарлама жазатын қызметі бар. Мен кейде достарыма хабарлама жазамын. Алдымен телефон нөмірін теремін.Сәлемдесемін, сосын хабарлама мәтінін жазамын. Кейде СМС-пен үй тапсырмасын сұраймын. Мейрамдарда таныстарыма СМС жазып құттықтаймын. СМС жазған ыңғайлы. Көп уақыт кетпейді. Хабарламада сыпайы сөздерді қолданамын. Ұялы телефондағы смайликтерді пайдаланамын. Смайликтерге аударма қажет емес. Смайликтерді әлемдегі барлық адамдар түсінеді. Смайликтер адамның түрлі көңіл күйін немесе барлық адамдар түсінетін затты білдіреді.