Көрнекілік принципі оқыту тиімділігінің оқу материалын қабылдау мен қайта өңдеуге сезім органдарын мақсатты түрде қатыстыруға байланыстылығын көрсетеді. Дидактиканың осы алтын ережесін Я.А. Коменский түжырымдаған болатын. Оқыту үдерісінде оқушы өзі бақылап, өлшеп, тәжірибелер жүргізіп, практикалық жұмыстар жасау арқылы білім алуы кажет.
Жүйелілік пен реттілік принципі білімдерді меңгеруді белгілі бір ретпен, жүйемен меңгеруді негіздейді. Бұл принцип окыту үдерісінде оның мазмұнын да логикалық түрде құруды талап етеді. Оқу материалы жоспарлы, логикалық бөліктерге бөлініп, ретімен, негізгі ұғымдарды, идеяларды бөліп көрсете отырып, теориялар, заңдар және фактілер арасындағы байланыстарды ашып көрсету арқылы оқытуды жүзеге асыруды негіздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |