Сабақтың мақсатын қою; Үй тапсырмасын тексеру; Өтілген материалды қайталау; Жаңа материалды түсіндіру



бет21/59
Дата24.01.2022
өлшемі81,55 Kb.
#113869
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   59
Байланысты:
Испр. қазіргі заман
1536131412, 2-дәріс мәтіні, сценарий-TBL-рахит
Жеткіліктілік принципі оқушылардың даму ерекшеліктерін ескеру, оқу материалын олардың мүмкіндіктеріне сәйкестендіру аркылы жүзеге асырылады. Бұл жерде Я.А. Коменский анықтаған ережелерді қолданудың маңызы зор: — жақынды оқып-үйренуден алысқа қарай жүру; — жеңілден — қиынға қарай, белгіліден белгісізге қарай жүру. Оқыту теориясын практикамен байланыстыру принципі алған білімдерді практикалық есептер шығаруда қолдануды, қоршаған ортаны талдауды, түрлендіруді өз көзқарастарын тұжырымдауға ұмтылдырумен анықталады.

11. Математика сабағының білімдік мақсатын жүзеге асыру

12. Математика сабағының дамытушылық мақсатын жүзеге асыру

13. Математика сабағының тәрбиелік мақсатын жүзеге асыру

22. Математиканы оқыту барысындағы тәрбиелеу үрдісі

Математиканы оқыту мектепке тән үш жалпы мақсатты көздейді: 1. Білім беру 2. Өмірлік практикалық білім-дағдыны дарыту немесе дамытушылық 3. Тәрбиелік

1.Математиканы оқытудың білімдік мақсаты барлық оқушыларды математика ғылыми негіздері туралы жүйелі білімдермен және оларды толық сапалы да берік игеруге қажетті біліктіліктермен дағдылармен  қаруландыру болып табылады. Осындай білім алу нәтижесінде оқушылардың ақыл-ойы дамиды. Оқушыларға математикалық білім дағдылар жүйесін берумен қатар математика пәні мектепке басқа да білім беру міндетін атқарады. Олар: 1. Оқушылардың бізді қоршаған ақиқат болмысты танып білудің математикалық әдістерін игеруіне жәрдемдесу; 2. Оқушыларды ауызша және жазбаша математика тіліне үйрету (қарапайым, анықтық, қысқа да нұсқалық, толықтық); 3. Оқушыларды математика бойынша алған білім дағдыларын оқу және өз бетімен білім алу барысында белсенді түрде пайдалана білуге үйрету;

Негізгі орта мектептің оқушыларының білімдік компонеттері: шығармашылық, практикалық, теориялық.
Шығармашылық - ( математикалық эрудициясы,ойлау интуициясы, танымдық қабілеті, күрделі есептерді шығара білу, өздігімен математикалық әдебиеттермен жұмыс істеу ) ;
Теориялық - ( аналитикалық ойлай, болжай, жобалай және өзіндік ойлай білу, анықтамаларды жатқа білу және теоремаларды дәлелдей білу секілді негізгі теориялық іскеріктер );
Практикалық - ( негізгі практикалық іскерліктер: ұйымдастырушылық информациялық, дамыту,ориентацияық және коммуникативтік қарым – қатынас жасай білу, математиканы оқытуда Электронды Есептеуіш Машиналарды қолдана білу).

2.Математиканы оқытудың бір мақсаты Өмірлік практикалық білім-дағдыны дарыту немесе дамытушылық мақсат болып табылады. Ол мынадай міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. 1. математика пәнін оқыту барысында алған білімдерді өмірлік практиканың қарапайым есептерін шешуге, физика, химия, сызу, ақпараттану (информатика) және есептеу техникасы негіздерін т.б. пәндерді оқып үйренуге пайдалана білу; 2. математикалық құралдар мен аспаптарды пайдалана білу; 3. шәкірттердің өз бетінше білім алуын қамтамасыз ету (мысалы, оқулық және ғылыми көпшілік әдебиетпен жұмыс істей білу)

3. Математиканы оқытудағы тәрбиелік мақсат математиканы үйрету барысында оқушыларды жан-жақты тәрбиелеуге мүмкіндік беретін барлық қолайлы мезеттерді пайдалану болып табылады. Тәрбиенің негізгі түрлеріне тоқталайық. Олар:

1) Оқушыларда ғылыми дүние-танымын қалыптастыру. Бұл тағы да тарихи математикалық мағлұматтардың берері мол екенін атап кеткен жөн.

2) Шәкірттерде озық моральдық қасиеттер қалыптастыру. Математиканы оқыту үрдісінде мұғалім оқушыларды саналы тәртіпке, белсенділікке, қиындықты жеңе білуге, бастаған істі аяғына дейін жеткізе білуге, табандылыққа, адалдыққа, жауапкершілікке, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу үшін жан-жақты жұмыс жүргізуге міндетті.

3) Эстетикалық тәрбие. Математиканың табиғатының өзі оқушыларды әдемілікке тәрбиелеуге бай мүмкіндік туғызады. Мысалы: математикалық объектілердегі дұрыс көпбұрыштың, симметрия, дұрыс көпжақтардың қасиеттері, фигуралардағы гормоникалық қатынастар олардың бойында туа бітті эстетикалық сезімді оятады. Тек мұғалім мүмкін жағдайда бұған дер кезінде оқушылардың назарын аударып отыру керек.



Мысалы сыныпта пайызға байланысты есепте домбыра шеберханасы туралы мәтіндік есеп берілген. Осы есеп шешу барысында ұлттық аспаптарға деген құрметке тәрбиелеуге болады. Сонымен қатар масштаб тақырыбында еліміздегі қалаларға байланысты бірқатар есептер берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет