Сабақ оқу үрдісін ұйымдастырудың формасы
Қазіргі таңда сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы. Мектепте сабаққа қойылатын негізгі талап міндетті түрде оқытудың жалпы білім беру, тәрбиелік және дамыту міндеттерін жүзеге асыру болып табылады.
Жалпы оқыту тәжірибесінде, оның ішінде математиканы оқытуда, сабақтың мынадай негізгі кезеңдері бар:
Сабақтың мақсатын қою;
Үй тапсырмасын тексеру;
Өтілген материалды қайталау;
Жаңа материалды түсіндіру;
Өтілген материалды бекіту;
Жаңа білімді жүйелеу және жалпылау;
Оқушылардың білім, білік, дағдысын тексеру;
Үй тапсырмасыр беру және т.б. бөліп көрсетіледі.
Типтік және негізгі дидактикалық мақсатқа байланысты сабақтар мынадай түрлерге бөлінеді:
Жаңа материалмен таныстыру;
Өткенді бекіту;
Білім мен білікті қолдану;
Білімді жалпылау және жүйелеу;
Білім мен біліктілікті тексеру және түзету;
Аралас сабақ.
Математика сабағы өзіне тән бірқатар ерекшелктерге ие:
Математика сабағының мазмұны жаңа білімді игертуге негіз жасай отырып, осыған дейін алынған білімдерге сүйенеді ;
Оқушылардың логикалық ойлауын, пікір айту және дәлелдеу біліктілігін дамытуға көп көңіл бөлінеді;
Оқылатын материалдың ең негізгісін меңгеруге жағдай туғызу. Себебі математика онымен байланысты пәндерді оқытқанда тірек пән болып саналады;
Есеп шығару математика сабағы үшін міндетті болуы тиіс, себебі теориялық материал көбіне есеп шығару процесінде меңгеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |