Бейімделу мәселелері туралы шағын дәрістер. Міне, сіздің балаңыз мектепке бірінші рет кіретін күні жақындады. Сізді мына сұрақтар мазалайды: сіздің балаңыз дайын ба, қалай оқиды, оған қалай көмектесуге болады …
Мектепте бірінші жыл оқу бала үшін өмірдегі ең қиын кезеңдердің бірі, ата-аналар үшін өзінше бір сынақ мерзімі.
Біріншіден, баланың өміріне араласуды қажет ететін кезең.
1-ші сыныпта баланың мектепке, оқуға деген көз қарасы қалыптасады. Сол себептен, ата-аналар бала өсы кезеңнен аман есен өту үшін күн сайын баланың психологиялық және физиологиялық жағдайын ескеріп, білуі қажет.
Мектеп бірінші күннен бастап баланың алдына зияткерлік және дене күшін жинауды талап етеді. Балалар үшін оқу үрдісінің көп жағынан қиындықтар туады. Балаға сабақ бойы бір қалыпта отыру, көңілін басқаға аудармай мұғалімнің ойын бақылауға, өзі істегісі келген нәрсені істемей, одан талап еткенді істеуге қиын болады, өз эмоциялары мен ойларын ауызша айталмауға және өзін-өзі үстауға қиынға түседі. Балалар соңымен қатар ересектермен қарым-қатынастағы жаңа ережелерді тез қабылдай алмайды, мектептегі басқа ересек адамдармен қатынаста өздерін қашықтықта ұстайды.
Сол себептен, мектептегі оқуға бейімделуге, жаңа талаптарға сәйкес келу үшін балаға уақыт қажет.
Алдымен, өзіңіздің мектептегі өміріңізді есіңізге түсіріңіз. Мен сіздерге сұрақтар қоямын, егер «иә» деп жауап бергіңіз келсе қолыңызды көтеріңіз
1.Кім тақтаға шығып жауап бергенді жақсы көретін?
2.Кім өзінің алғашқы ұстазын жақсы көретін?
3.Кім бір күнге бірінші сынып оқушысы болғысы келеді?
4.Кімге ән сабағы ұнайтын?
5.Кімде октябренок белгісі болды?
6.Кімге сыныпта кезекші болу ұнайтын?
7.Кім мектепте өлеңді жатқа айтуды ұнататын?
8.Кімнің жазуы түзу болды?
9.Кім бір ретте дәптерлерін, оқулықтарын және күнделігін үйге тастап кеткен жоқ?
10.Кімнің бірінші сыныпта тәртібі үлгілі болды?
11.Кім бірінші сыныпқа келгенде оқу білді?
12.Кімге оқу демалыстан артық ұнайтын?
13.Кімге мектепте сыртқы бейнесі бойынша ескертулер жасаған жоқ?
14.Кім ешқашан екі алып көрген жоқ?
15.Кім балалық шағында мұғалім болғысы келді?
16.Кім мектепте бағаларын өзі жасап қойды?
17.Кім көрші отырған баланың дәптеріне көз салды?
18.Кім осы уақытқа дейін өз сыныптастарымен қатынасып тұрады?
19.Кім мектепте «В» сыныбында оқыды?
20.Кімнің мектеп формасы қоңыр түсті болды?
Барлықтарыңыз бір жағдайдамыз. Біз сіздер балаларыңызбен бірге мектепке бара жатырсыз деп санаймыз. Мен сіздермен байланыс орнатуға тырыстым. Балалардың ең алғашқы міндеті, мектепте құрбыларымен қарым-қатынасты реттеу. Бірінші сынып оқушысының сыныптастарымен жақсы қарым-қатынаста болу – баланың мектептегі оқуы сәтті болу шарты. Бала мектепте құрбыларымен жаман қарым-қатынаста болса, мазасыз, тез шаршайтын, сыныптастарымен жаман қарым қатынаста болады, мектепке, мұғалімге жағымсыз көз қарасы қалыптасады.
Мектептегі оқуға әлеуметтік немесе тұлғалық дайын болу – баланың қарым-қатынастағы жаңа түріне, өзіне және қоршаған әлемге жаңа қарым-қатынасқа, мектептегі оқу жағдайына дайын болу.
Балалар бір себептермен жүйелі оқуға дайын емес, мұнан былай мектепке бейімделуде, оқу бағдарламасын меңгеруге қиындықтарға тап болады.
Мектепке дайындық жетістіктерге жету қажеттілігі, талаптану деңгейі, өзін–өзі бақылауды дамыту, өзін-өзі бағалау жататын әлеуметтік дайындықпен ғана анықталмайды.
Мектепке дайындық – бұл бала денсаулығына зиян келтірмейтін мектеп бағдарламасын сәтті меңгеру үшін қажетті баланың әлеуметтік, психологиялық, дене деңгейінің дамуы.