Егер Сіз, 9 немесе одан да аз сұраққа жағымды жауап берсеңіз, баланың оқуға дайындығына көп уақыт, назар бөлу қажет екенін білдіреді. Бала мектепке баруға әлі дайын емес. Сол себептен сіздің міндетіңіз – баламен жүйелі турде жаттығып, түрлі тапсырмаларды орындау қажет. Оқудың алғашқы кезеңінде баламен бірге мұқият үй тапсырмаларын орындап, өткен материалдарды қайталап тұру қажет болады, бірақ үміт үзуге болмайды – жүйелі және үздіксіз сабақтар сіздің балаңызға қажетті білімді меңгеруге көмектеседі.
Оқушылардың орта буынға бейімделу кезеңде өтетін жұмыс бағдарламасы.
Жылдан жылға оқушылардың бастауыш сыныптан орта буынға бейімделу кезеңі өзекті мәселе болып туындайды.Оқушылар мектепке, мұғалім талабына, сыныптастарына үйренсе де, бейімделу проблемасы бар. Олар қайтадан жаңа әлеуметтік жағдайға үйренеді, жаңа сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, жаңа пән. Әр мұғалім өз талабын қояды. Бұл кез бастапқы жеткіншек шақ, бала ағзасында физиологиялық өзгерістер өтіп, ол да із қалтырады.
Сондықтан бейімделуге дайындық жұмысты төртіншіде бастап, бесінші сыныпта жалғастыру қажет.
Мақсаты: Оқушыларға бейімделу кезеңінде психологиялық сүйемелдеу арқылы көмек жасау.
Міндеттері:
1. Танымдық процестерін, қарым-қатынасын, өзіне деген көзқарасын, тәртібін 4-ші сыныпта бақылау.
2. Орта буындағы сыныпта оқушыға қажет қасиеттермен таныстыру.
3. Орта буынға ауысуға дайын екендіктеріне сенімділіктерін арттыру.
4. Жұмыс жасауға жақсы көңіл-күй орнату.
5. Мұғалімдерге, ата-аналарына бесінші сыныпқа бейімделу ерекшіліктері, үлкендер қандай көмек бере алатыны туралы кеңес беру.
6. Оқушыларға сабақ арқылы бейімделуге көмек беру.
7. Бейімделу деңгейін казан айында және оқу жылдың аяғында зерттеу.
8. Өткізген жұмыстарға анализ жасау.
|
Достарыңызбен бөлісу: |