Сабақтың мақсаттары: Білімділік: «Кванттық физика» тарауын талдай отырып, лазер және



бет5/5
Дата30.01.2022
өлшемі273,5 Kb.
#116085
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
0002dd59-d87f6422

ІV. Топпен мәтін бойынша жұмыс

Әр топ оқулық бойынша мәтінмен дайындалып, ғаламтор арқылы лазер жайлы мәліметтер іздеп, постер дайындап, қорғайды. Екі топ «Лазердің пайдасы мен зияны» тақырыбында постер дайындау кезінде ҰБТ-ға дайындықта жүрген төрт оқушыдан құралған эксперттік топ - тақырып бойынша тест есептерін тақтаға шығарады.

І топ – лазердің пайдасы

ІІ топ – лазердің зияны

ІІІ топ – тақырып бойынша есептер шығарады

V. Сабақты қорытындылау (слайд арқылы)

Лазердің түрлері :




Лазердің қолданылу аясы:

  • медицина;

  • косметологияда;

  • материалдардың кептіру, пісіруде,кесуде; заттарды өңдеуде;

  • талшықтық оптикада- кабельдiк, телефондық және теледидарлық байланыста

  • химиялық реакцияларда;

  • архитектурада-қашықтықты өлшеу үшін;

  • саудада-штрих кодты оқу үшін;

  • сигнализацияда;

  • әскери мақсатта-қару ретінде;

  • астрономияда-алыс қашықтықты өлшеуде;

  • тағамның сапасы мен ұзақ сақталуы үшін;

  • әртүрлі кештерде-лазерлік шоу ретінде;

  • галограммада;

  • фотолитографияда, зергерлік салада;

  • лазерлік дисклерде;

  • машина жасау, құрылыс саласында;

  • атмосфераның құрамын зерттеуде;

  • әуежайға ұшақты қондыруда,т.б.


Есептер шығару


  1. Қозғалмай тұрған бақылаушымен салыстырғандағы екі ғарыш кемесі бір-біріне қарама-қарсы бағытта υ1=0,6c және υ2=0,9c жылдамдықпен қозғалды. Жылдамдықтарды қосудың релятивтік заңы бойынша ғарыш кемелерінің бір - біріне жақындау жылдамдығын анықтаңдар.




  1. Қозғалыс бағытындағы дененің меншікті ұзындығы 5 есе азайса, дене қандай жылдамдықпен қозғалар еді?

3. Толқын ұзындығы 100 нм ультракүлгін сәулелерінің фотон импульсі

қандай?


  1. Үздіксіз режимде жұмыс істейтін гелий-неон газ лазері қуатын 40 мВт-

қа жеткізіп, толқын ұзындығы 630 нм монохроматты жарық сәулесін

береді. Лазер 1сек. ішінде неше фотон шығарады?



VІ. Оқушыларды бағалау.
Топ басшылары мен эксперттік топ бір-бірін:

1. Үй тапсырмасына берген жауаптары бойынша,

2. Шығарылған есептер бойынша,

3. Шығармашылығы мен белсенділігі бойынша бағалайды.



VІІ. Үйге тапсырма беру
§7.9 , «Голограмма» тақырыбы бойынша шығармашылық ізденіс

VІІІ.Рефлексия
а) лазерлік шоу бейнежазба көрсету

б) кестені толтыру:





Білемін

Білдім

Білгім келеді

 

 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет