Сабақтың тақырыбы: Лазерлер.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: «Кванттық физика» тарауын талдай отырып, лазер және
оның өмірде қолданылуы жайлы білім беру.
Дамытушылық: оқушылардың оқу материалын талдай білу, бақылау,
салыстыру, қорытынды жасау дағдыларын дамыта отырып,
ғылыми-техникалық көзқарастарын қалыптастыру.
Тәрбиелік: жауапкершілікті сезініп, ұйымшылдықпен шешім қабылдауға,
бір-бірінің пікірін тыңдауға, мақсатқа жетуге талпынуға
тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білім беру.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтастыру, сұрақ-жауап , есептер шығару,
баяндау, АКТ-ны қолдану, сәйкестендіру, талдау
Бағдарлама модульдерінің кіріктірілуі: сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,
оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда
АКТ-ны пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту,
оқытуды басқару және көшбасшылық.
Достарыңызбен бөлісу: |