Сабақтың мақсаттары: Білімділік



бет2/4
Дата26.01.2018
өлшемі0,64 Mb.
#34020
түріСабақ
1   2   3   4

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. (5 мин.)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақтар:


  1. Тарихи өлкетанудың тарихты зерттеудегі маңызы қандай?

  2. Өлкетану қашан жеке ғылым ретінде қалыптасты?

  3. Өлкетану тарихтың қай салаларымен тығыз байланысты?

  4. Мұрағат дегеніміз не?

  5. Ол жерде қандай құжаттар сақталады?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Сабақтың жоспары.

  1. Тарихи уақыт межесі.

  2. Қазақша жыл санау.

  3. Хижра.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Адам баласы жаратылғаннан бері әлемде көптеген оқиғалар өтті. Осы тарихи оқиғалардың өткен кезін уақыт межесін анықтау арқылы білеміз. Тарихи уақыт межесін белгілі бір өлшем арқылы белгілеумен өткен тарихи оқиғалардың уақытын таба аламыз.

Терминдермен жұмыс.

Циклдік есеп - тарихи оқиғалар ұлы тұлғалардың өмір сүрген кезінен бастап есептелінетін жыл санау жүйесі.

Хижра - Мұхаммед пайғамбардың Мекке қаласынан Медине қаласына қоныс аударған кезінен басталатын ислам дінінің жыл санау үлгісі.

Мүшел- он екі жыл, қазақша жыл санау үлгісі.

Уақыт сызығымен жұмыс.

Иса пайғамбардың

дүниеге келуі

200 мың жыл .....2000.....100...10....5 4 3 2 1 1 2 3 4 5 6 .....10 .....100 .....2010

IV. Қорытынды.


  1. Білемін

Білдім

Білгім келеді









Үй тапсырмасы: 6-шы параграф(оқу, сұрақтарға дайындалу).

Сабақтың тақырыбы: Тарих және кеңістік Уақыты:

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Ежелгі Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар мен қазақ халқының кеңістік туралы өзіндік өлшемі мен түсінігі болғандығы жайында білім беру.

Дамытушылық: Кеңістік туралы алғашқы ғылыми түсініктері мен білімдерін қалыптастыру, дүниетанымын, шығармашылық қызметін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды Отанын сүюге, туған жеріміздің тәуелсіздігі мен бүтіндігі үшін күресуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдістері: әңгімелеу, тест, мәтінмен жұмыс, мағынаны табу, кесте толтыру

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның картасы, тірек кестелер, суреттер

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, қазақ әдебиеті, география,.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. (5 мин.)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Тест:


  1. Қазақ халқында күн райын болжай білетін адамдарды қалай атаған?

А) сынықшы; Ә) есепші; Б) жылнамашы; В) бақсы;

  1. Алғаш рет уақытты жылмен есептеу қай елде пайда болды?

А) Вавилон; Ә) Ассирия; Б) Египет; В) Шумер;

  1. Ислам дінінің жыл санау үлгісі қалай аталады?

А) Таурат; Ә) Забур; Б) хижра; В) ғасыр;

  1. Араб тілінен аударғанда хижра қандай мағына береді?

А) жыл санау; Ә)қоныс аудару; Б) жыл қайыру; В) есептеу;

  1. Қазақ халқының жыл санау үлгісі?

А) мүшел; Ә) үшем; Б) абыз; В) мешін;

  1. Қазақ халқында өте көне заманды қай ханның атымен байланыстырған?

А) Оғыз хан; Ә) Алаша хан; Б) Керей хан; В) Жәнібек хан;

  1. Біздің дәуір қай пайғамбардың туған жылынан басталады?

А) Сүлеймен; Ә) Мұса; Б) Иса; В) Мұхаммед;

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Сабақтың жоспары.



  1. Кеңістік ұғымы.

  2. Қазақстанның көршілес елдері.

  3. Қазақ халқының кеңістік туралы ұғымдары.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Кеңістік - тоқтаусыз құбылыс. Жер бетіндегі адамзаттың ежелден бері пайдаланатын ұзындық өлшемдерінің бәрі осы кеңістікке байланысты. Кеңістіктің негізгі үш қасиеті бар: үш өлшемді кеңістік, шексіз кеңістік және өзгермейтін, яғни мәңгі кеңістік.

Кеңістік - қандай да бір тарихи оқиға мен тарихи үрдістердің белгілі бір уақыт пен ортада өтетін өлшем бірліктері.

Тарихтың үш қазығы: Тарихи уақыт = Тарихи кеңістік = Тарихи оқиға

Қазақ халқының ежелгі кеңістік өлшем бірліктері:

Таяқ тастам жер - қарулы адамның қолымен лақтырған таяқ ұшып жететін жер.

Шақырым - адамның даусы жететін жер

Тай шаптырым жер - бес шақырым жер.

Бір күндік жер - аттылы адам бір күн жүретін жер.

Айшылық жер - аттылы адам бір ай жүретін жер.

Картамен жұмыс: Мұғалім картадан балаларға Қазақстанмен көршілес мемлекеттерді жіне олардың шекараларын көрсетеді.

Қазақ халқының кеңістік туралы ұғымдары:

Кестені толтыру:



Сақтардың әлемнің үш құрылымы туралы түсінігі

Ежелгі түріктердің кеңістік туралы ұғымы

Қазақтар кеңістікті қалай атаған










IV. Сабақты бекіту. Тест.

  1. Сақтардың түсінігінше әлем неше құрылымнан тұрды?

А) бес; Ә) жеті; Б) үш;

  1. «Ер Төстік» ертегісіндегі жер астында бас кейіпкерге кездескен күншілік жердегі сыбысты еститін адам.

А) Желаяқ; Ә) Саққұлақ; Б) Таусоғар;

  1. Адамның даусы жететін жерді қазақтар қалай атаған?

А) шақырым; Ә) ат шаптырым; Б) таяқ тастам;

  1. Қазақтар кеңістікті қалай атаған?

А) құбыла; Ә) шартарап; Б) көкжиек;

  1. Түріктердің түсінігі бойынша балалар мен отбасының қамқоршысы болып есептелген құдай-ана.

А) Ұшар; Ә) Ұмай; Б) Ұлар;

  1. Сақ тайпалары Күннің құрметіне қандай жануарды құрбандыққа шалды?

А) жылқы; Ә) қой; Б) түйе;

  1. Ежелгі түріктер адамзаттың әкесі ретінде кімді құрметтеген?

А) Тәңірі; Ә) Ұмай; Б) Күн;

V. Қорытынды.



  1. Білемін

Білдім

Білгім келеді







Үй тапсырмасы: 7-ші параграф(оқу, «Кеңістік» сөзіне сөзжұмбақ құрастыр).

Сабақтың тақырыбы: Тарихи карталар Уақыты: _

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Карталардың пайда болуының алғышарттары, ерте заманнан біздің күнге дейін жеткен карталардың тарихы, оларды құрастырған ғұламалар туралы білім беру.

Дамытушылық: Картаға қарай отырып, ондағы берілген шартты белгілер арқылы картаны оқи білу, оны тақырыпты түсінуде, сабақты айтуда көмекші құрал ретінде пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, өз елін, жерін бағалай білуге, қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдістері: әңгімелеу, тест, мәтінмен жұмыс, мағынаны табу, кесте толтыру

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық, әкімшіліксаяси карталары, глобус,

Пәнаралық байланыс: география.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. (5 мин.)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Кеңістің дегеніміз не?

Қазақтар кеңістікті қалай атады?

Сақтардың түсінігінде әлем неше құрылымнан тұрды?

Түріктер үшін Тәңірі, Ұмайдың орны қандай болды?

Қазақ халқы ертеде қолданған қандай қашықтық өлшеу бірліктерін білесіңдер?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Сабақтың жоспары.


  1. Карта тарихы.

  2. Қазақ жері жайлы карталық мәліметтер.

Терминмен жұмыс: Карта – түпнұсқа (немісше), жазу папирусы (грекше). - жер көлемінің кішірейтілген нүсқасы.

Тірек-сызбамен жұмыс.

Тарихи карталар

Әлемде алғаш жасалған карталар Қазақ жері жайлы мәлімет беретін карталар



Картамен жұмыс. Мұғалім картадан Қазақстанның қалаларын, өзендерін, көлдерін жасырады, қай бөлігінде екенін айтады? Оқушылар сол аталған географиялық нүктені табулары керек.

IV. Сабақты бекіту. Тест.



  1. Карта сөзі неміс тілінде қандай мағына береді?

А) түпнұсқа; Ә) тарих; Б) папирус;

  1. Птолемей б. з. б. ІІ ғасырда қандай кітап жазды?

А) «Тарих»; Ә) «География»; Б) «Геометрия»;

  1. 1154 жылы салынған «Сурат әтлард» («Жер бетінің суреті») картасының авторы кім?

А) әл Фараби; Ә) әл Идриси; Б) М. Қашқари;

  1. Алғаш рет қазақ жерін картаға түсірген кім?

А) С. Ремезов; Ә) И. Г. Ренат; Б) Ш. Уәлиханов;

V. Қорытынды.



  1. Білемін

Білдім

Білгім келеді







Үй тапсырмасы: 8-ші параграф (мазмұндау)

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан-әлемдегі ірі мемлекеттердің бірі Уақыты:

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Картаның көмегімен оқушыларға Қазақстанның әлемдегі ірі мемлекеттердің қатарын енетіндігі жайында, еліміздегі жерсу атауларының тарихы туралы білім беру.

Дамытушылық: Картамен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдістері: әңгімелеу, тест, мәтінмен жұмыс, мағынаны табу, кесте толтыру

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық, әкімшілік-саяси карталары, глобус,

Пәнаралық байланыс: география.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. (5 мин.)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Тест:


  1. Мемлекеттің аумағы мен астанасы, шекарасы көрсетілетін карта қалай аталады?

А) физикалық; Ә) тарихи; Б) саяси;

  1. Алғаш рет жердің кескін картасын кім жасады?

А) Геродот; Ә) Аристотель; Б) Птолемей;

  1. Жер көлемінің кішірейтілген нұсқасы қалай аталады?

А) глобус; Ә) карта; Б) жоспар;

  1. Грек ойшылы Птолемей б. з. б. ІІ ғасырда қандай кітап жазды?

А) «Геометрия»; Ә) «География»; Б) «Алгебра»;

  1. Птолемейдің картасында сол кездегі неше мемлекеттің аумағы қамтылды?

А) 45; Ә) 32; Б) 26;

  1. Әл-Хорезми карта тарихы, оны жасау жайында қандай кітап жазды?

А) «Жер жайындағы кітап»; Ә) «Аспан әлемі»; Б) «Жер беті суреті»;

  1. Әл-Идрисидің «Сурат әл-ард» («Жер беті суреті») картасы қай жылы жасалды?

А) 1168 жылы; Ә) 1154 жылы; Б) 1174 жылы;

  1. Қазақ жерін алғаш рет картаға түсірген орыс ғалымы С. Ремезовтың кітабы қалай аталады?

А) «Шығыстың ауызша тарихы»; Ә) «Тарихи жазбалар»; Б) «Сібірдің сызба кітабы»;

  1. Тұтқындағы швед офицері И. Г. Ренат қазақ жерінің картасын кімнің тапсырмасы бойынша жасады?

А) Қоқан ханының; Ә) Хиуа ханының; Б) Жоңғар ханының;

  1. Ыстықкөлді алғаш рет топографиялық картаға түсірген кім?

А) С. Ремезов; Ә) И. Г. Ренат; Б) Ш. Уәлиханов;

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Сабақтың жоспары.



  1. Қазақстан әлем картасында.

  2. Топонимика.



Мұғалімнің кіріспе сөзі: Бірнеше жүз жылдай уақыт әлемдік картада Қазақстан деген мемлекеттің бар-жоғы білінбеді. Үйткені көптеген жылдар бойы біздің еліміз алдымен Ресей империясының, кейін КСРО-ның құрамында болды. Тек 1991 жылы бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке қол жетіп, еліміз дербес мемлекет ретінде әлемге таныла бастады.

Миға шабуыл «Қазақстан Еуразия кіндігі» деген сөз тіркесін қалай түсінесіңдер?

Оқушылардың жауабын тыңдау.



Картамен жұмыс. Қазақстанның жер аумағын көрсетіп, шекрасының ұзындығын, еліміздегі тауларды, өзенкөлдерді көрсету.

Терминмен жұмыс. Топонимика - жер-су атауларынң шығуын, дамуын, жазылуын зерттейтін ономастика ғылымының саласы.

Кестені толтыру.

Тарихи оқиғаларға

байланысты жер-су

атаулары


Табиғат жағдайларына

қатысты қойылған

жер-су атаулары


Тарихи тұлғалардың

атына қатысты жер-су

атаулары


Пайдалы кен байлықтарына

қатысты қойылған жер-су атаулары



Қалмаққырылған, Аңырақай,



Теректі, Аюлы, Маралды, Бурабай, Майқайың

Жасыбай көлі, Павлодар қаласы, Малайсары тауы

Жезқазған, Теміртау,

IV. Сабақты бекіту. Сұрақтар:

  1. Қазақстан әлемде жер көлемі бойынша нешінші орында?

  2. Қазақстанды неліктен «Еуразия кіндігі» деп атайды?

  3. Топонимика нені зерттейді?

  4. Топонимика ғылымынң тарихты зерттеуде қандай маңызы бар?

V. Қорытынды.

  1. Білемін

Білдім

Білгім келеді







Үй тапсырмасы: 9-шы параграф (мазмұндау), Кереку өңіріндегі тарихи тұлғалардың есімдеріне байланысты қандай жер-су атаулары бар екенін біліп, дәптерлеріне жазып келу.

Сабақтың тақырыбы: Біздің Отанымыз - Қазақстан Уақыты:

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларға Қазақстанның табиғаты ерекше, жанжануарлар дүниесі мен қазба байлықтары мол бірденбір ірі мемлекет екендігі туралы білім беру.

Дамытушылық: Оқушылардың атласпен, кескін картамен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілікке, ұлтжандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдістері: әңгімелеу, тест, мәтінмен жұмыс, мағынаны табу, кесте толтыру

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық, әкімшілік-саяси карталары, глобус,

Пәнаралық байланыс: жаратылыстану.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. (5 мин.)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Сабақтың жоспары.



  1. Қазақстанның табиғаты.

  2. Қазақстанның жануарлары.

  3. Қазба байлықтары.



Мұғалімнің кіріспе сөзі: Балалар, біздің еліміз кең-байтақ, бір шетінен екінші шетіне дейін мыңдаған шақырым жер. Еліміздің табиғаты да әр алуан. Қазақстанда биік таулар, терең теңіздер, ұзын өзендер, көгілдір көлдер өте көп.

Ең, ең

Хантәңірі

Алтай таулары Белуха

Қалба жотасы

Тарбағатай таулары

Бурабай таулары, Көкше

Қарқаралы таулары, Қызыларай шыңы

Баянауыл, Ақбет тауы

Ұлытау

Қазақстанның ең ірі өзендері: Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Жем, Сырдария.



Ең ірі көлдер: Балқаш, Зайсан, Алакөл, Теңіз, Марқакөл.

Шөлдер мен шөлейттер: Бетпақдала, Қызылқұм, Қарақұм, Борсық құмы, Үстірт.



Қазақстанның пайдалы қазбалары: уран, темір, мыс, көмір, мұнай, хромит, күміс, қалайы, вольфрам, барит, молибден.

Картамен жұмыс. Қазақстанның физикалық картасынан тауларды, өзендерді, көлдерді, қорықтарды, ұлттық парктерді көрсету.

Кестені толтыру.

Аймақтар

Тау, өзен, көлдері

Қазба байлықтары

Солтүстік Қазақстан







Оңтүстік Қазақстан







Шығыс Қазақстан







Батыс Қазақстан







Орталық Қазақстан







IV. Сабақты бекіту. Сұрақтар:

  1. Қазақстандағы ең биік жер?

  2. Қазақстанда қаншаға жуық өзендер бар?

  3. Қазақстанда қандай пайдалы қазбалар көп кездеседі?

V. Қорытынды.

  1. Білемін

Білдім

Білгім келеді







Үй тапсырмасы: 10-шы параграф (мазмұндау),.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан халқы Уақыты:

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларға Қазақстанның көп этносты мемлкетке айналуының алғышарттары, себепсалдары туралы және этнос, диаспора ұғымдарына түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың ұлт және халық туралы бұрыннан қалыптасқан, білген ұғымдарын одан әрі дамытып, сыни тұрғыда талдай білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды көп этнос өкілдері мекендеген Қазақстандағы қазақ ұлтының және басқа да этнос өкілдерінің салт-дәстүрін, мәдениетін құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдістері: әңгімелеу, тест, мәтінмен жұмыс, мағынаны табу, кесте толтыру

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, кестелер,
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. (5 мин.)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Тест.


  1. Қазақстандағы ең биік тау шыңы қалай аталады?

А) Хантәңірі; Ә) Ақбет; Б) Қызыларай;

  1. Хантәңірі шыңының биіктігі неше метр?

А) 8848 м; Ә) 7009 м; Б) 6995 м;

  1. Баянаула тауларының ең биік шыңы қандай тау?

А) Қызыларай; Ә) Ақбет; Б) Көкше;

  1. Қарқаралы тауларының ең биік шыңы қалай аталады?

А) Ақбет; Ә) Қызыларай; Б) Көкше;

  1. Қазақстандағы ең ұзын өзен қандай?

А) Есіл; Ә) Ертіс; Б) Тобыл;

  1. Қазақстандағы суының жартысы тұщы, жартысы ащы ең үлкен көл?

А) Зайсан; Ә) Марқакөл; Б) Балқаш;

  1. Дүниежүзіндегі ең үлкен теңіз.

А) Арал; Ә) Каспий; Б) Балтық;

  1. Алтынның айтарлықтай көп мөлшері облысымыздың қай жерінде өндіріледі?

А) Шарбақты; Ә) Майқайың; Б) Ақтоғай;

  1. Қазақстанда неше қорық бар?

А) 12; Ә) 9; Б) 6;

  1. Қазақстандаы көлемі ең үлкен бөген.

А) Бұқтырма; Ә) Шардара; Б) Қапшағай;

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.



Мұғалімнің кіріспе сөзі: Балалар, қазақ халқы өзінің көп ғасырлық тарихында небір қиынқыстау кезеңдерді басынан өткерді. Кезінде жоңғар шапқыншылығы, Ресейдің қазақ жерін бағындыруы мен отарлауы барысында қазақ халқы қаншама боздақтарынан айрылды. Ұлтымыз орны толмас шығынға ұшырады. Кеңес заманында ұжымдастыру, индустрияландыру саясаты қазақ халқының екіден бірін қырып жіберді. Ел саны аштықтан, репрессиялардан азайып кетті. Сонымен бірге ХІХ ғасырдың басынан Ресейдің ішкі өлкелерінен қазақ жеріне орыстардың қоныс аударуы жүзеге асырылды. Қазақтың құнарлы жерлері келімсектерге тартып алынып берілді. ХІХ ғасырдың 70-80 жылдарында ұйғырлар мен дүнгендер Жетісуға қоныс аударды. Олар бұған дейін Қытайдың Іле өлкесі аумағында мекендеген еді. 1897 жылы Қазақстандағы ұйғырлардың саны 56 мың, дүнгендер 14 мың болса, 1907 жылы ұйғырлар 64 мыңға, дүнгендер 20 мыңға жеткен. Қазақстан Республикасының конституциясында Қазақстанды мекен еткен барлық ұлттардың дініне, тіліне, шыққан тегіне қарамай тең екендігі туралы жазылған.

Кестені толтыру.

Қазақстанға келіп қоныстанған этнос өкілдері

Қандай тарихи оқиғаларға байланысты қоныстандырылды?

Ресейдің ішкі өлкелеріндегі шаруалар

Жердің жетіспеушілігі, Столыпиннің аграрлы реформасы ХІХ ғасырХХ ғасырдың басы

Ұйғырлар мен дүнгендер

Ресей мен Қытай арасындағы келісімшарт

96 мың кәрістер

1937 жылы Екінші дүниежүзілік соғыстың алдында

105 мың поляктар

1940-1941 жж. Ұлы Отан соғысының қарсаңында

1 млн аса немістер, мыңы Қазақстанға

Ұлы Отан соғысының басында

Қалмақтар, қарашайлар, қырым татарлары, балкарлар, шешендер, ингуштар (жалпы саны 2,5 млн.-дай басқа ұлт өкілдері)

Ұлы Отан соғысы кезінде

2 млн. басқа ұлт өкілдері украиндар, белорустар, орыстар және т. б.

Тың жерлерді игеру кезінде


Терминдермен жұмыс. Мағынасын табу.

Этнос -

Диаспора -

IV. Сабақты бекіту. Сұрақтар:



  1. Этнос және диаспора сөздеріне анықтама беріңдер.

  2. Қазақ халқының санының өсуіне қандай оқиғалар кері әсерін тигізді?

  3. Қазақстанды мекендейтін қандай өзге ұлт өкілдерін білесіңдер?

V. Қорытынды.

  1. Білемін

Білдім

Білгім келеді







Үй тапсырмасы: 11-ші параграф (мазмұндау),.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан қалалары Уақыты:

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларға қала ұғымы және оның саяси-әкімшілік, мәдени қызметі, Қазақстан қалаларының күрделі де қызықты қалыптасу тарихы жөнінде білім беру.

Дамытушылық: Оқушылардың картамен жұмыс істеу дағдыларын, өз ойын еркін жеткізе білу, дәлелдей білу біліктілігін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың туған қаласының Отан тарихына қосатын үлесін білуге, өз туған жерін, қалаларын көркейтуге үлестерін қосуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдістері: әңгімелеу, тест, мәтінмен жұмыс, мағынаны табу, кесте толтыру

Сабақтың көрнекілігі: ҚР-ның саяси-әкімшілік картасы, қалалардың суреттері



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет