Қола - мыс пен қалайының қосындысы
.
Қола дәуірінің кезеңдері
Тайпалық бірлестіктер пайда болды
Қола дәуірінің ерекшіліктері:
Түсті металлдар мен алтынды игеру;
Мал шаруашылығының дамуы;
Егіншіліктің дамуы.
Сергіту сәті. Логикалық есеп. Ертеде бір жігіт, арқасындағы бір бау шөбімен өзеннен өткел іздеп келе жатса, оған бір ешкі кездеседі. Екеуі бірігіп жүргеннен кейін оларға бір қасқыр «дос боламын» деп қосылады. Олар өзеннің жағасынан қайық тауып алады. Қайықта тек екі кісілік орын бар. Жігіт не істерін білмейді? Алдымен қасқырды алып өтейін десе, ешкі шөпті жеп қояды, шөпті алып өтейін десе, қасқыр ешкіні жеп қояды. Жігітке көмектесіңдер.
Андрон мәдениеті.
Аталу себебі: 1914 ж. Оңтүстік-батыс Сібірдегі Ашынас Ачинск қаласының маңындағы Андронов қонысы.
«Мық» - аласа бойлы, бірақ мығым денелі.
4) Ескерткіштері. Картамен жұмыс. Қазақстанның әр түрлі өңірлерінен табылған қола дәуірінің ескерткіштерн: Алексеевка, Ұралысай, Тастыбұлақ, Таңбалы, Петровка, Бесбай, Алғабас, Беласар, Бұғылы, Қанай, Беғазы-Дәндібай және т. б.
IV. Сабақты бекіту. Тест.
Мыс пен қалайының қосындысы қалай аталады?
А) қорғасын; Ә) қола; Б) құрыш;
Қола дәуірі қай кезеңді қатиды?
А) б. з. б. 2-1 мыңжылдықтар; Ә) б. з. б. 3-2 мыңжылдықтар; Б) б. з. б. 4-2 мыңжылдықтар;
Андрон мәдениетінің атауы Сібірдегі қай қаланың маңындағы қоныстың атауынан шыққан?
А) Алмалық; Ә) Ашынас; Б) Арапшах;
Тасқа салынған суреттер қалай аталады?
А) петроглифтер; Ә) иероглифтер; Б) апокрифтер;
Беғазы-Дәндібай мәдениетін қай ғалым ашты?
А) Қ. И. Сәтбаев; Ә) Ә. Х. Марғұлан; Б) Ш. Уәлиханов;
Андрон тайпаларының қыш ыдыстарының негізгі орнаменті....
А) геометриялық өрнектер; Ә) аң стилі; Б) әскери көрністер;
Үй тапсырмасы: параграф №15 (мазмұндау)
Сабақтың тақырыбы: I тоқсандық бақылау жұмысы Уақыты:
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушылардың І тоқсанда алған білімдерін қорытындылау, оқу материалын қаншалықты жақсы меңгергендігін тексеру.
Дамытушылық: Оқушылардың тест сұрақтарымен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру, өз өздеріне деген сенімдерін бекіту.
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, өз еңбегінің жемісін көріп, одан сабақ алуға үйрету.
Сабақтың түрі: Б
ағалау сабағы
Сабақтың әдістері: тест
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Балалар, осымен біз бірінші тоқсанды да тәмәмдадық. Сендер осы уақыттың ішінде «Тарих» пәніне қатысты көптеген ұғымдарды, тарихтың көмекші пәндері, туған еліміз кеңбайтақ Қазақстанның қалалары, географиялық орны, фаунасы мен флорасы туралы білім жинадыңдар. Бүгін сендердің алған білімдеріңді жинақтап таразылау міндеті алдымызда тұр.
Сендердің білімдеріңді тексеру тест түрінде өтеді. Тесттердің үш нұсқасы берілдеді. Әркім өзіне берліген нұсқа бойынша жұмыс істейді. Нұсқаларды алмасуға болмайды. Тест отыз сұрақтан тұрады, әр сұраққа жауаптың үш нұсқасы беріледі. Сендер өздерің дұрыс деп ойлаған жауапты таңдап, белгілейсіңдер.
Жауап бергенде асықпаңдар, әр сұрақты ойланып дұрыс шешім қабылдаңдар.
Тест бойынша бағалау көрсеткіштері мынадай:
75%-100% - 4,5 – жақсы несе үздік;
50%-75% - 3 – қанағаттанарлық;
50% - 3,2 - төмен.
Сендерге сәттілік тілеймін. Жауап беруді бастаймыз
Қорытынды. Мұғалім оқушылармен тест сұрақтары бойынша ой бөліседі. Қандай сұрақтар қиын болды, қайсысы жеңіл, қандай сұрақтарды олар бірден түсінбеді.
Үй тапсырмасы: Тарих әлемі бөлімін қайталау
Сабақтың тақырыбы: Қайталау сабағы Уақыты: 2. 11. 2010
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушылардың «Тарих әлемі» бөлімі бойынша алған білімдерін жинақтап, қорытындылау
Дамытушылық: Оқушылардыңөз ойларын ашық айтуға, достарымен ой бөлісуге, ашықтыққа жетелеу.
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қорытынды сабақ
Сабақтың әдістері: зияткерлік ойын
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта
Мұғалімнің сөзі: Оқушыларға бақылау жұмысының нәтижесін хабарлайды, бағаларын айтады. Бақылау жұмысын нашар жасаған оқушылармен жұмыс істейді.
Ойынның барысы. Сынып оқушылары төрт топқа бөлініп, өзара сайысқа түседі.
Олар «Тарих - адамзат ақыл-ойының қазынасы», «Тарих, уақыт, кеңістік», «Тәуелсіз елім - Қазақстан», «Қазақстан қалалары» бойынша сұрақтарды таңдап, жауап береді.
Сұрақтар:
«Тарих - адамзат ақыл-ойының қазынасы»
Атаулар тарихын зерттейтін тарих ғылымының қосымша саласы (Ономастика)
Адам қаңқасын зерттеу арқылы адамның дене бітімін, сипатын анықтайтын тарихтың қосымша саласы. (Антропология)
Адамзаттың өткен тарихын біздің заманымызға дейін жеткен заттай деректер арқылы зерттейтін ғылым (Археология)
Халықтардың шығу тегін, рулық-тайпалық және әлеуметтік құрамын, тұрмыс-тіршілігін, салт-санасын, әдет-ғұрып ерекшілігін зерттейтін ғылым. (Этнография)
«Тарих, уақыт, кеңістік»
Жыл санаудың қазақша және мұсылмандық үлгілерінің атауларын айтыңдар (Мүшел және хижра)
Қазақ халқы өте көне заманды қай ханның есімімен байланыстырады? (Алаша ханның)
Қандай да бір тарихи оқиға мен тарихи үрдістердің белгілі бір уақыт пен ортада өтетін өлшем бірлігі қалай аталады? (Кеңістік)
Қазақтар кеңістікті қалай атаған? (Шартарап)
«Тәуелсіз елім - Қазақстан»
Қазақстандағы ең биік тау шыңы қалай аталады? (Хантәңірі)
Қазақстан әлемде жер көлемі бойынша нешінші орында тұр? (Тоғызыншы)
Қазақстандағы суының жартысы тұщы, жартысы ащы көл (Балқаш)
Павлодар облысындағы Баянауыл тауларының ең биік шыңы қалай аталады?
(Ақбет тауы)
«Қазақстан қалалары»
Түркі халықтарының саяси және рухани орталығына айналған қала (Түркістан_
Каспий теңізінің жағасында орналасқан портты қала, Маңғыстау облысының орталығы (Ақтау)
1924-1928 жылдары Қазақстанның астанасы болған қала. Бұрынғы атаулары Перовск, Ақмешіт (Қызылорда)
1720 жылы Ресей бекінісі ретінде Коряковка деген атпен құрылған қала (Павлодар)
Ойынның соңында мұғалім оқушыларды бағалап, аса белсенді оқушыларға баға қояды.
Үй тапсырмасы: І тоқсанда өткенді қайталау