Сабақтың мақсаттары: Білімділік



бет3/4
Дата26.01.2018
өлшемі0,64 Mb.
#34020
түріСабақ
1   2   3   4

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. (5 мин.)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Карточкаларға арналған сұрақтар.


  1. Этнос және диаспора сөзерінің анықтамасын беріңдер.

  2. Қазқстанқа қандай ұлт өкілдері тұрады?

  3. Өзге ұлт өкілдері Қазақстанға қай уақыттарда, қандай себептермен қоныстанды?

  4. Жер бетінде қанша этнос өмір сүреді?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Тірек-сызбамен жұмыс:

Қазақстан Респубикасы

Облыстар

Павлодар

Аудандар

Павлодар Ақсу Екібастұз Шарбақты Успен Качир Железинка Ақтоғай Аққу Ертіс Май Ертіс Баянауыл



Тақтамен жұмыс.

«Түркістан екі дүние есігі ғой,

Түркістан ер түріктің бесігі ғой». М. Жұмабаев

Түркістан - түркі халықтарының саяси және рухани орталығы.

Қазақстан қаларының суреттерін көрсетіп, олардың тарихы туралы әңгімелеу.

I
Қ


V. Сабақты бекіту. «Қазақстан» сөзжұмбағын шешу.


А

З

А

Қ

С

Т

А

Н

1. Каспий теңізінің жағасында орналасқан портты қала, Маңғыстау облысының орталығы.

2. Түркі қағанаттары кезінде сауда орталығы болған, 1854 жылы Верный бекінісі болып қайта құрылған қала.

3. Сырдария өзенінің бойындағы қала.

4. Шахтерлер қаласы.

5. Қызылорда қаласының бұрынғы атауы.

6. 1897 жылы іргесі қаланған қала.

7. Елек өзенінің бойындағы қала.

8. Ежелгі Сарайшық қаласының орнында салынған қала.

9. Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы.



V. Қорытынды.

  1. Білемін

Білдім

Білгім келеді








Үй тапсырмасы: 12-ші параграф (мазмұндау),.

Сабақтың тақырыбы: Адамды кім жаратты ? Уақыты:

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларға адамның пайда болуы туралы эволюциялық және діни ілімдердің қалыптасуы, даму тарихы және адамның даму сатысы туралы білім беру.

Дамытушылық: Оқушылардың картамен жұмыс істеу дағдыларын, өз ойын еркін жеткізе білу, дәлелдей білу біліктілігін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды «Адамды адам еткен еңбек» деген нақылдың үлгісімен еңбексүйгіштікке,адамның пайда болуы туралы діни түсінікті қалыптастыра отырып имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдістері: әңгімелеу, тест, мәтінмен жұмыс, мағынаны табу, кесте толтыру

Сабақтың көрнекілігі: ҚР-ның саяси-әкімшілік картасы, суреттер, адамның даму сатысы
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. (5 мин.)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Тест


  1. Қазақстанда неше облыс бар?

А) 18; Ә) 14; Б) 19;

  1. Түркі халықтарының саяси және рухани орталығы қай қала?

А) Алматы; Ә) Түркістан; Б) Қызылорда;

  1. Ұлы адамдарды жерлеу орынын басқаша қалай атауға болады?

А) пантокрин; Ә) пантомима; Б) пантеон;

  1. Ақтау қаласы 1964 жылдан 1992 жылға дейін ақалай аталып келді?

А) Шевченко; Ә) Гоголь; Б) Онищенко;

  1. Ақтау қаласында қандай кен байлықтары игеріледі?

А) көмір, алтын; Ә) мұнай, газ; Б) мырыш, күміс;

  1. Қай қаланың бойымен Елек өзені ағып өтеді?

А) Ақтау; Ә) Маңғыстау; Б) Ақтөбе;

  1. Алматы қаласының ежелгі атауы қандай?

А) Арапшах; Ә) Алмалық; Б) Аршынкент;

  1. 1854 жылдан 1921 жылға дейін Алматы қаласы қалай аталып келді?

А) Суеверный; Ә) Неверный; Б) Верный;

  1. Ерте кезде Атырау қаласы қалай аталды?

А) Лашық; Ә) Үйшік; Б) Жертөле;

  1. Атырау қаласының маңында Алтын Орданың саяси орталығы, қандай ежелгі қаланың орны бар?

А) Сарай-Бату; Ә) Сарай-Берке; Б) Сарайшық;

  1. Кеңес заманында Қарағанды қаласында саяси тұтқындарды қамайтын қандай саяси лагерь болды?

А) Алжир; Ә) Карлаг; Б) Степлаг;

  1. Қостанай қаласының іргесі қашан қаланды?

А) 1899 ж; Ә) 1900 ж; Б) 1897 ж;

  1. 1924-1928 жылдары Қазақстанның астанасы қандай қала болды?

А) Орынбор; Ә) Алматы; Б) Қызылорда;

  1. 1718 жылы Ресей бекінісі ретінде тұрғызылған қандай қала?

А) Қостанай; Ә) Семей; Б) Ақтау;

  1. Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы қандай қала?

А) Қызылорда; Ә)Тараз; Б) Шымкент;

  1. Павлодар облысында неше аудан бар?

А) 10; Ә) 14; Б) 13;

  1. Май ауданының орталығы қандай ауыл?

А) Майтөбе; Ә) Көктөбе; Б) Ақтөбе;

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Сабақтың жоспары:



  1. Адамның пайда болуы туралы.

  2. Жаратушы туралы аңыздар.

  3. Адам туралы ілімдердің дамуы.

  4. Адамның пайда болуы мен дамуы.

  5. Адам баласы қазақ жерінде.

Терминдермен жұмыс.

Тотем – рулық қоғамдағы адамдар тобының шығу тегін жануарларға, өсімдіктерге немесе табиғат құбылыстарына байланыстыруы.

«Миға шабуыл» Тәңірі Құдай Алла

Адамның ата-тегі: Адам ата мен Хауа ана. Балалары: Қабыл мен Әбіл.



Тірек-сызбамен жұмыс.

«Хомо хабилис» - «Епті адам» - гоминид пен австралопитек

«Хомо эректус» - «Тік жүретін адам» - питекантроп пен синантроп

«Хомо сапиенс» - «Саналы адам» - неандертальдық пен кроманьондық

Кестені толтыру. Адамның пайда болуы.

Алғашқы адамдар

Табылған жері

Өмір сүрген уақыты

Гоминид-адам тектес

Африка мен Азия

2,5-3 млн. жыл бұрын

Австралопитек- «оңтүстік адамы»

Олдувай шатқалы, Кения, Шығыс африка, 1924 жылы




Питекантроп- «маймыл тәрізді адам»




Б. з. б. 800-500 мың жыл бұрын

Синантроп-«қытай адамы»

Қытай Чжоу-коу-дянь үңгірі, 1927жылы




Неандертальдық




Б. з. б. 200-40 мың жыл бұрын

Кроманьондық

Франция, Кро-Маньон үңгірі




Картамен жұмыс. Алғашқы адамның табылған жері: Жамбыл облысы Қаратау маңында, 1958 жылы - археолог Х. Алпысбаев

IV. Сабақты бекіту.



  1. «Тотемизм» деген не?

  2. Адамның пайда болуы туралы қандай діни аңыздарды білсіңдер?

  3. Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясына сенесіңдер ме?

  4. Алғашқы адамның қаңқасы Қазақстанның қай жерінен табылды?

V. Қорытынды.

  1. Білемін

Білдім

Білгім келеді








Үй тапсырмасы: 13-ші параграф (мазмұндау),.

Сабақтың тақырыбы: Тас дәуірі (палеолит) Уақыты:

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларға адамзат дамуы тарихындағы ең ұзақ тас дәуірінің кезеңдерін хронологиялық ретімен, еңбек құралдарымен баяндап, тас дәуіріндегі Қазақстан аумағының табиғат жағдайы туралы білім беру.

Дамытушылық: Оқушылардың картамен жұмыс істеу дағдыларын, дүниетанымын, ой-өрістерін, өз ойын еркін жеткізе білу, дәлелдей білу біліктілігін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ежелгі мәдениетті сақтап-қорғауға, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдістері: әңгімелеу, тест, мәтінмен жұмыс, мағынаны табу, кесте толтыру

Сабақтың көрнекілігі: ҚР-ның саяси-әкімшілік картасы, суреттер, адамның даму сатысы
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. (5 мин.)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Тест


  1. Рулық қоғамдағы адамдар тобының шығу тегін жануарларға, өсімдіктерге немесе табиғат құбылыстарына байланыстыратын діние сенім қалай аталады?

А) анимизм; Ә) тотемизм; Б) магия;

  1. Түркі-моңғол халықтары жаратушы ретінде кімге сиынған?

А) Құдай; Ә) Тәңірі; Б) Алла;

  1. Тәңірлік діннің өкілдері кімдер?

А) шамандар; Ә) абыздар; Б) бақсылар;

  1. Адамның маймылға ұқсастығы туралы айтқан грек ойшылы кім?

А) Аристотель; Ә) Геродот; Б) Платон;

  1. Австралопитек сөзі қандай мағына береді?

А) Солтүстік адамы; Ә) Оңтүстік адамы; Б) Батыс адамы;

  1. Австралопитектің қаңқалары Шығыс Африканың қай жерлерінен табылды?

А) Ашель; Ә) Мустьер; Б) Олдувай;

  1. Питекантроп қай аралдан табылды?

А) Суматра; Ә) Ява; Б) Борнео;

  1. Синантроп Қытайда қандай үңгірден табылды?

А) Кро-Маньон; Ә) Неандерталь; Б) Чжоу-коу-дянь;

  1. Өзбекстандағы Тесіктас үңгірінен неандерталь баланың қаңқасын қай археолог тапты?

А) Алпысбаев; Ә) Окладников; Б) Ақышев;

  1. Қазақстандағы ежелгі дамдардың тұрақтары қай жерлерден табылды?

А) Тянь-Шань; Ә) Ұлытау; Б) Қаратау жотасы;

  1. Кроманьондық қай кезде өмір сүрді?

А) б. з. б. 50-45мың жыл бұрын; Ә) б. з. б. 45-40 мың жыл бұрын; Б) б. з. б. 45-30 мың жыл бұрын;

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Сабақтың жоспары.

1) Палеолит.

2)Ежелгі адамдардың еңбек құралдары.

3)Ежелгі дәуірдегі табиғат.

4)Орта тас ғасыры.



5)Жаңа тас ғасыры және оның жаңалықтары.

Тірек-сызбамен жұмыс.






Ерте палеолит (б. з. б. 2,6 млн. – 100 мың жыл бұрын )

Орта палеолит (б. з. б. 100-40 мың жыл бұрын )

Кейінгі палеолит (б. з. б. 40-12 мың жыл бұрын )


Адамның еңбек құралдары: тескіш, кескіш (чоппер), қырғыш, чоппинг, қол шапқы, пышақ, найза, болас.

Мезолиттегі өзгерістер:

  1. Мұздың еріп, табиғаттың өзгеруі;

  2. Ірі жануарлардың құрып кетуі;

  3. Жебелі садақтың, бумерангтың, қақпан мен тұзақтың пайда болуы;

  4. Балық аулаудың қайық жасуға түрткі болуы;

  5. Егіншілік пен мал шаруашылығының алғашқы белгілерінің пайда болуы;

  6. Тас өңдеудің жетілуі;

  7. Еуразия, Қиыр Шығыс, Америка құрлығының адам мекеніне айналуы

Неолит жаңалықтары:

  1. Тас өңдеу әдістері жетіліп, жоғарғы дәрежеге жетті.

  2. Ыдыс жасауды үйренді.

  3. Жабайы аңдарды қолға үйрете бастады.

  4. Егіншілікпен айналыса бастады.

  5. Кен өндірісінің негізгі белгілері пайда болды.

Үй тапсырмасы: параграф №14 (мазмұндау)

Сабақтың тақырыбы: Қола дәуірінің қоныстары Уақыты:

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларға қола дәуірі, оның адамзат тарихындағы маңызы, қола дәуірінің мәдениет ескерткіштері туралы білім беру.

Дамытушылық: Оқушылардың картамен жұмыс істеу дағдыларын, дүниетанымын, ой-өрістерін, өз ойын еркін жеткізе білу, дәлелдей білу біліктілігін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды адамзат дамуындағы ұлы жетістіктердің еңбектің арқасында келгенін айта отырып, оларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдістері: әңгімелеу, тест, мәтінмен жұмыс, мағынаны табу, кесте толтыру

Сабақтың көрнекілігі: «Ежелгі Қазақстан» картасы, суреттер
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. (5 мин.)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Тест


  1. Ежелгі тас дәуірінде қоршаған орта, табиғат қандай болды?

  2. Орта тас дәуірінде қандай аң аулайтын құралдар шықты?

  3. Мезолит дәуірінде қандай өзгерістер орын алды?

  4. Мезолит аңшылары қандай жетістіктерге жетті?

  5. Жаңа тас дәуірінде қандай ірі жаңалықтар болды?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Сабақтың жоспары.

1) Қола дәуірі.

2) Қола дәуірінің ерекшіліктері.

3) Андрон мәдениеті.



4) Ескерткіштері.

  1. Қола дәуірі. Энеолит мыс-тас ғасыры. (б. з. б. 3000-2800 жж )

Т
Рулық қатынастар ыдырады
оптастыру стратегиясы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет