Білгенің аз – білігенді қолдана білу керек! Р.Декарт
8 сынып. Физика. Жарықтың сынуы. Жарықтың сыну заңы.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік;
1. Жарық құбылыстарының жаңа қасиеттерімен танысу, сыну ұғамын қалыптасмтыру, сыну заңы мен формуласын үйрету,
2. Оқушылардың эксперименттік дағдыларын дамытуды жалғастыру;
а) Сыну құбылысының схемалық суретін сала білу;
Дамытушылық;
Оқу материалын талдай білу дағдысын дамыту; бақылау, салыстыру, оқылған құбылыстар мен фактілерді салыстыра білу, қорытынды жасау.
Жаңа білім беру, білімді қолдану дағдысын дамыту, ақылға салу дағыдысын қалыптастыру,.
Тәрбиелік:
Өзі және топ мүшесі үшін жауапкершілік ала білуге тәрбиелеу;.
Көрнекіліктер:
Диагностикалық карталар, семантикалық карталар, карточкалар
Тәжрибелер:
Стакандағы суға батырылған заттың сынуы
Тыйынның «көтерілуі».
«Үш қабатты линза» тәжрибесі
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілі: Блум жүйесіне негізделген аралас сабақ.
Көрнекілігі:
Геометриялық оптика құралы (оптикалық диск);
Өмірде кездесетін сыну құбылысын көрсету (тарелка, су, тиын);
Тебен иненің сатакандағы суда сынуын көсрету;
Тапсырмалар және бағалау крийтерилері жазылған карточкалар.
Сабақ жоспары:
Кезеңі
|
Ұзақтығы, мин.
|
Оқыту түрі мен әдісі
|
Үй жұмысын тексеру, оқушылардың білімін белсендіру, (актуализация)
|
10
|
Жалпы сұрақ-жауап, карточкамен жеке жұмыс жасау
|
Сабақтың мақсатын қою, жаңа тақырыпты ашу
|
5
|
Судағы тиын қалай көтеріледі?...
Бала неге су түбіндегі тасты көздей алмады?...
|
Жаңа материалды игеру
|
15
|
Мұғалімнің әңгімесі, оқушылармен сұқбаттасу, тәжрибелер көрсету,
|
Оқылған материалды бекіту
|
10
|
Тақтада есеп шығарып, оның кезеңдерін талдау, топтық жұмыс.
|
Сабақты қорыту
|
5
|
Бағалау, үйге тапсырма, т.б хабарламалар.
|
Сабақтың барысы
Бөлімі
|
Мұғалімнің әректі
|
Оқушының әрекеті
|
Білім (2)
|
І. Ұйымдастыру
Бағалау жүйесімен таныстырады. Диагностикалық картаға өз фамилияңды жаз. Сабақ бөлімдеріндегі тапсырманы орындаған оқушы диагностикалық картаға өзіне тиісті ұпайын қойып отырады. Оқушыларға таратылады.
Денгейі
|
баға
|
ұпай
|
жоғары
|
«5»
|
21-42
|
жеткілікті
|
«4»
|
10- 20
|
ауытку
|
«3»
|
2 - 9
|
төмен
|
«2»
|
0-1
|
|
|
1. Үй тапсырмасымен жұмыс.
Жалпы сұрақтар.
1. Үйге берілген есептерді қарап шығу.
Геометриялық оптика нені оқытады?
Жарық сәуелесі және сәуленің түсу жазықтығы деген не?
Шағылу заңын кім айтады?
Оның матемтаикалық өрнегін тақтаға кім жазып көрсетеді?
Жазық айнада айнадағы кескіннің шын кескіннен қандай айырмашылықтары бар?
2. «Жарықтың шығылу заңы» тақырыбына карточкалар бойынша өзбетіндік жұмыс орындау.
Тапсырманың мысалдары:
1-топ. Күн сәулесі жер бетіне 300 бұрышпен түседі. Күн сәулесін құдық түбіне қарай бұру үшін, жазық айнаны вертикалмен қандай бұрыш жасай бағыттау керек?
2-топ. Бір-біріне 900 бұрышпен орналасқан екі айнадағы нүктелік жарық көзінің кескінін салыңыз.
3-топ. Қабырғада биіктігі 1м айна ілінген. Айнаның алдында 2м қашықтықта адам тұр. Айнадан арытқы қабырғаға дейін 4м. Арытқы қабырғаның айнадан көрініп тұрған кескінінен, адамға дейінгі қашықтық қанша?
Жаңа сабағымыз түсінуге оңай болу үшін, алдымен бұрын өткен геометриялық оптиканың негізгі түсініктерін және жарықтың шағылу заңын еске түсірейік. Таза суға қарасақ өз бейнемізді көруге болады, неге?
|
Оқулықтары мен дәптерлерін дайындайды.
Жарықтың түзу сызықпен таралу және шағылу құбылыстарын зерттейді.
жарық энергиясы бойымен тарайтын сызық жарық сәулесі д.а., жарық сәулесі мен түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуляр жатқан жазықтық.
Қарама-қарсы бағытынан басқа айырмашлығы жоқ. Мыс: адамның жүрек тұсы.
Таратпа материалдармен жұмыс істейді.
Торкөз қағазға сызып көрсетеді:
150
6м
Бұл су бетінен шағылу құбылысынан болады. (ТАПСЫРМАНЫ ДҰРЫС ОРЫНДАҒАНДАР ӨЗДЕРІҢЕ 2 ҰПАЙ ЖАЗЫҢДАР)
|
Достарыңызбен бөлісу: |