Сабақтың мақсаттары



Дата24.04.2017
өлшемі179,03 Kb.
#14605
түріСабақ
«Химия» пәнінен ашық сабақ жоспары

Тақырыбы: Спирттер
Ғылыми жаңалықтар мен болжамдардың

шегін көру мүмкін емес

Д.И.Менделеев

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: оттекті органикалық қосылыстар жайлы мәліметтер бере отырып біратомды спирттер, құрамында –ОН тобы бар көмірсутектердің туындысы екенімен танысу.

Тәрбиелік: оқушыларды топпен жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, бірін – бірі тыңдай білуге, ұқыптылыққа, қауәіпсіздік ережесін қолдана отырып тәжірибе жасауға баулу.

Дамытушылық: Білімдерін тереңдету, химиялық эксперимент жасау арқылы білігімен қызығушылығын және ойын дамыту.

Сабақтың типі: Білім, білік, дағдыны қалыптастыру сабағы

Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгеру сабағы

Сабақтың әдісі: Жартылай – ізденіс, сұрақ – жауап, түсіндіру, көрсетілімдік тәжірибе көрсету

Пәнаралық байланыс: Биология «Жасушадағы зат алмасу процесі», валеология «Ішімдіктің адам организміне зиянды әсері», информатика «Презентация құру»
Сабақтың жабдықтары

Сабақтың көрнекілігі: Эпиграф, үлестірме тапсырмалар, химиялық лото, , кесте, химиктердің портреттері.

Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: этил спирті, калий перманганатының ерітіндісі, металл натрий, қысқыш, сынауықтар, спиртшам.

Оқытудың техникалық құрал - жабдықтары: компьютер, проектрлі телевизор
Әдебиеттер: Ә.Темірболатова, Н.Нұрахметов, Р.Жұмаділова, С. Әлімжанов Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11 – сыныбына арналған оқулық – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007ж

Қосымша әдебиеттер: К.Жексембина Химиядан әдістемелік нұсқау – Алматы: «Мектеп» 2007 ж


1.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқушылардың оқу-құралдарын тексеру,

сабақтың мақсатын ашу

2. Өткен оқу материалын қайталау

Химиялық диктант

1.Табиғи газдың құрамы метан, этан, прпан және бутаннан тұрады.

2. Мұнай – парафиндер, циклопарафиндер және ароматты көмірсутектерден тұратын күрделі қоспа.

3. Мұнайды өңдеу физикалық және химиялық процестерден тұрады.

4. Крекинг – жоғары температура мен қысымда мұнай өнімдерінің бөлшектену процесі.

5. Мұнайдың өнімдері ашық және қара түсті деп бөлінеді.



3. Жаңа материалды оқу

Спирттер – молекуласындағы бір немесе бірнеше сутек атомдары гидроксил тобына алмасқан көмірсутектредің туындылары.

Спирттердің жалпы формуласы: R(OH)x

Спирттердің жіктелуіне оқушылар үйде дайындалып келеді.

Қаныққан біратомды спирттер бір сутек атомы гидроксил тобына алмасқан алкандардың туындылары. Олардың жалпы форомуласы: СnH2n+1OH

1.Біратомды қаныққан спирттердің атауы. Экрандағы сызбанұсқалар арқылы түсіндіру

ИЮПАК халықаралық атаулар жүйесі бойынша спирттерді көмірсутектердің атына - ол деген жұрнақ қосып айтады.

4 3 2 1 3 2 1

СН3 – СН – СН – СН3 СН3 – СН2 – СН2ОН

| | пропанол - 1

СН3 ОН

3 – метилбутанол – 2 СН3 – СН – ОН

СН3 |

5 |4 3 2 1 СН3

СН3 – С – СН2 – СН – СН3 изопропил спирті

| |

СН3 ОН



4,4 –диметил пентанол – 2

Қарапайым СН3ОН спиртін карбинол деп атайды. рационалды номенклатура бойынша басқа спирттерді карбинолдың туындысы деп қарастырады.

СН3 – СН – ОН СН3

| |


С2Н5 С6Н5ОН – С – ОН

|

СН3



метилэтилкарбинол диметилфенилкарбинол

2.Изомерлері.


Көміртек қаңқасының құрылысына байланысты изомерлену

Көмірсутек тізбегіндегі гидроксил тобының орнына байлаынсты изомерлену

Класаралық изомерлену

СН3 – О – С2Н5

СН3 – СН2 – СН2ОН метилэтилэфирі

пропанол - 1


СН3 – СН – СН3

|

ОН



пропанол - 2



3.Алу жолдары.

1.Қаныққан біратомды спирттерді өнеркәсіпте көмірсутектердің моногалогентуындыларын сілті қатысында гидролиздеп алады. Мысалы:

C2H5Cl + NaOH → C2H5OH + NaCl

2.Спирттерді күкірт қышқылы қатысында этилен көмірсутектеріне су қосып алады:

H2SO4

СН2 = СН2 + НОН CH3 – CH2OH

Бұл реакцияны гидратация деп атайды.

3.Құрамында қанты бар заттар ашығанда этанол түзілетіні белгілі. Глюкозаның спирттік ашуы:

С6Н12О6 → 2С2Н5ОН + 2СО2

4.Спирттерді карбонилді қосылыстарды тотықсыздандырып алады.

а) Альдегидтер тотықсызданғанда, біріншілік спирттер түзіледі:

О [H]


СН3 – С C2H5 – OH

Н

ацетальдегид этил спирті



ә) Кетондар тотықсызданғанда, екіншілік спирттер түзіледі:

[H]


СН3 – С – СН3 CH3 –CH – CH3

║ |


О OH

ацетон пропанол-2



4.Физикалық қасиеттері.

Оқушылар спирттердің қасиеттерін пробиркаға құйылған этил спиртіне қарап айтады.

Біратомды спиртер – түссіз сұйықтар суда ериді.Қалыпты температурада С10 – ға дейінгі спирттер сұйық заттар, С11 – ден бастап қатты заттар. Сұйық спирттердің өздеріне тән иісі болады. Молекулалық массасның артуына қарай сұйық спирттердің суда ерігіштігі төмендейді. Ең қарапайым спирт – метанол СН3ОН өте улы. Спирттердің молярлық массасы өскен сайын, қайнау температуралары жоғарылайды.

5.Химиялық қасиеттері.

Оқушылар берілген реакция теңдеулерін аяқтап, теңестіреді



Гидроксил тобындағы сутек арқылы жүретін реакциялар.

1.Спирттің гидроксил тобындағы сутек атомының орнын белсенді металдар баса алады:

2C2H5OH + 2Na → 2C2H5ONa + H2

натрий этилаты

2. Күрделі эфирлер түзілуі (этерификация реакциясы).

Н+, t

C2H5OH + НООС – СН3 C2H5O – OC – CH3 + H2O

этил сірке сірке қышқылының

спирті қышқылы этил эфирі

(этилацетат)



Гидроксил тобында жүретін рекциялар.

Спирттер галогенсутектермен әрекеттеседі

H2SO4

С2Н5ОН + НBr C2H5Br + H2O



этил

бромиді
Сақинарға сәйкес жапырақтарды орналастыру





Жоғарырақ температурада t> 1400С дегидратациялағанда, реакция молекула ішінде өтеді, нәтижесінде, алкен түзіледі

H2SO4,t0

CH3-CH2OH CH2 = CH2+H2O

этилен

Тотықтырғыштардың әсерінен (CuO, хромды қоспа K2Cr2O7 + H2SO4) біріншілік спирттер альдегидке дейін тотығады



[O]

CH3CH2OH CH3-C = O

этил спирті |

H

сірке альдегиді



Екіншілік спирттер тотыққанда кетонға айналады

[O]


CH3-CH-CH3 CH3-CO-CH3

| ацетон


OH

изопропил спирті

Мыс (ІІ) оксидімен тотығып, альдегид түзеді

O

СН3-СН2ОН + CuO CH3 – C + H2O + Cu



H

Спирттер көгілдір жалынмен жанады

C2H5OH + 3O2 2CO2 + 3H2O + Q

6.Көрсетілімдік тәжірибелер жасау

1.Спиртті тотықтырып альдегид алу

Реактивтер мен құрал – жабдықтар: этил спирті, калий перманганатының ерітіндісі, сынауықтар, спиршам

Жұмыстың орындалуы:

Сынауыққа 1 мл калий перманганатының ерітіндісін және 1 мл этил спиртін құйып, қоспаны қыздырады. Түзәлген альдегидтің әсерінен ерітіндінің күлгін түсі біртіндеп жойыла бастайды.



2.Спирттердің белсенді металдармен әрекеттесуі

Реактивтер мен құрал – жабдықтар: этил спирті, металл натрий, сынауықтар

Жұмыстың орындалуы:

Сынауыққа 1 мл этил спиртін құйып, натрий кесегін салыңдар. Реакция нәтижесінде сутегі газы бөлінеді.





Не байқадым?

Химиялық реакция теңдеуі

Қорытынды

























7.Қолданылуы

Оқушы баяндамасы



4.Жаңа материалды бекіту

«Жасырын сөзді тап»

І нұсқа

Формулалар

Спирттердің атаулары

Пропанол-1

метанол

2метил пропанол-1

Пропанол-2

3метил бутанол-2

СН3-СН2-СН2ОН

с

а

и

к

л

СН3ОН

у

п

ф

ш

н

СН3 – СН – СН2ОН

|

СН3



з

ж

и

б

с

СН3 – СН – СН3

|

ОН



г

д

е

р

и

СН3 – СН – СН – СН3

| |


СН3 ОН

ю

я

з

ж

т

Жауабы: спирт
ІІ нұсқа

Формулалар

Спирттердің атаулары

этанол

пропанол-2

2-метилпропанол-2

бутанол-2

3-метил бутанол-1

СН3-СН2-ОН

х

з

и

к

л

СН3 – СН – СН3

|

ОН



д

и

в

ы

ц

ОН

|

СН3 – С– СН3



|

СН3



б

г

м

л

д

СН3-СН2-СН2-СН2ОН

ч

ж

е

и

ы

СН3-СН-СН2-СН2ОН

|

СН3




х

ш

ц

т

я

Жауабы: химия
«Химиялық лото» ойыны

Оқушылар экрандағы таңдап алынған сұрақтарға жауап береді.


Спирттердің адам организміне зиянды әсері

Оқушылар үйде дайындап келген баяндамасын оқиды



5. Сабақты қорытындылау



Тапсырмалар

Мұғалім берген ұпай

Оқушылар жинаған ұпай

Баға

1

Химиялық диктант

5 ұпай







2

Берілген химиялық реакция теңдеулерін аяқтап, теңестіру

5 ұпай







3

Сақиналарға сәйкес жапырақтарды орналастыру

5 ұпай







4

Жасырын сөзді тап

5 ұпай







5

Химиялық лото

5 ұпай










Барлығы

25 ұпай







20-25 ұпай- «5»

11-19 ұпай – «4»

5-10 ұпай - «3»

5 – тен төмен ұпай – «2»



6. Үй тапсырмасы

§8.1.-8.3. Ә.Темірболатова Химия 11-сынып

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет