«Қоғамға қызмет ету» жобасын аяқтап, альбомдарын толықтырып қорғайды.
Музыка қойылады
Үй тапсыр масын тексеру.
3. Дәйексөз
Адам ақылды, кішіпейіл, әділ, батыл да қайырымды болуға тиіс. Тек сонда ғана оның осынау адам деген мәртебелі атпен аталуға құқы болады.
Дәйексөздің мағынасын түсіндіріңдер.
4. Әңгімелеу Қалмақан Әбдіқадыров
Қазықұрттың баурайында
Әлем палуаны Қажымұқанның бұл сапарының сыры неде?
Қажымұқан Отан қорғау комисарына не деп жазғызды?
Қажымұқан өзі соқтырған самолеттің ұшқышын қалай қарсы алды?
Жауынгер жігітке берілген тапсырмада не туралы айтылды?
Қажымұқан әлем тарихында қандай тұлғалық қасиеттеріне байланысты өшпес із қалдырды?
Қажымұқанның бұндай қасиеттері қандай құндылықтардың көрінісі болып табылады?
Қажымұқанның қандай қасиеттерінен үлгі алғыларың келеді?
Өзіңнің риясыз жақсылық жасаған кезің болды ма?
Сұрақ –жауап(пікірталас)
5. Шығармашылық жұмыс
1-тапсырма: «Мейірім тамшысы» тақырыбы бойынша қайырымдылыққа негізделген іс-шара жоспарын түзіңдер.
2-тапсырма: Ұлы адамдардың ой-тұжырымдарын оқып, пікірлеріңді ортаға салыңдар.
«Жақсылыққа үлгі көрсетумен жетпесе, уағыз айтумен жету қиын» Сенека
«Біреудің жақсы ісін көрсең, оны ардақтай біл, кінәліні кешіре біл. Өзіңе де, өзгеге де жақсылық тіле»
Ахмед Йүгнеки
«Ақ көңілі сәбидей, сенгіш келер ұлы адам»
Махмуд Қашқари
«Жақсының өзі кішік, бойы биік» Жамбыл Жабаев
«Қуанышқа ғана емес, қайғыға, қасіретке, бақытсыздық қа да ортақтаса біл» В.А.Сухомлинский
Қайырымдылық – адамдардың қандай да бір ауыр қиындыққа тап болған адамдарға жанашырлық көрсетуі, қолдан келгенше көмектесуі, тек өзіне ғана емес алыс пен жақынға, үлкен мен кішіге, жас пен кәріге, бір-біріне мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасауы. Қайырымдылықтың астарында жүрек жылуы мен шынайы сезім жатады.
6. Топпен ән айту
«Сен маған сүюді үйреттің» Әні-Ербол Байырбеков,
Сөзі-Ақмарал Леубаева)
Сен маған сүюді үйреттің,
Ұмытып кеткен едім.
Басымды июді үйреттің,
Тәкаппар өктем едім ...
Шынайы күлуді үйреттің,
Нөсерлі көктем едім.
Өмірді сүруді үйреттің,
Ұстазсыз мектеп едім.
Қ-сы: Сен маған ұшқанды үйреттің,
Тордағы бұлбұл едім.
Сезіммен құшқанды үйреттің,
Күдікшіл құмбыл едім. (2 рет)
Кім дос, кім дұшпанды үйреттің,
Уайымшыл бір мұң едім.
Иіскеп қысқанды үйреттің,
Құшақсыз бір гүл едім.
7. Үй тапсырмасы.
Келесі сабақ: «Мейірімді болайықшы ағайын» Серік Қалиевтің сөзіне жазылған өлең жолдарын жаттап келу.
8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка)
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік әрекет бар жерде. Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бүкіл әлемде.
Сенің басқаларға қайырымды іс жасаған кезің болды ма?
Сұрақ –жауап(пікірталас)
5. Шығармашылық жұмыс
1-тапсырма:«Жәрдем камитеті» мәтінін оқып, жалпы- адамзаттық құндылықтар тұрғысында талдау;
2-тапсырма: «Бір қайырымдылық – ағаш өсіру» мәтінін оқып, өз өмірлеріңнен қайырымдылыққа бағытталған оқиғаларың туралы ой-толғау жазу.
3-тапсырма:«Бір қайырымдылық – шөлге су шығару» мәтінін оқып, өздерің атқаратын қайырымдылық істеріңді ортаға салып айтып беріңдер.
..... Жанашырлық – адамгершілік қасиеттердің ең ізгі бастауы, қамқорлыққа зәру жандардың қамқоршысы болу, жылы сөзін айтып, жүрек жылуын ұсыну, ізгілік нұрын шашып, сый-сиапат көрсету. Нәсіліне, тілі, діліне қарамастан қиналған жанға жанашырлық таныту, қазақ халқына тән ұлттық қасиет болып табылады. Адамның жасаған игі істерінің бәрі оның ақыл-ойы мен жүрек жылуының көрінісі болып табылады. Жанында жүрген жандардың қуанышын бөлісіп, қиындығына ортақтаса алатын адамның іс-әрекетінде ізгіліктің негізі жатады. Ондай адамдар әр істе көрегендік танытады. Қайырымдылықпен жасаған жақсылығының жемісін, рахатын көреді.
6. Топпен ән айту
Жан әке
Кезің жоқ мейірленіп тіл қатпаған,
Сөзің жоқ өнегесін тыңдатпаған.
Осынау дөңгеленген дүниеде,
Жан әкекім бар сендейқымбатмаған.
Қайырмасы
Пейілің егіз даламмен,
Мейірім ыстық жаныңнан.
Неліктен түстім саған мен,
Еліктей балғын шағымнан.
Шыңның да шырқау көңіл құшадәмін,
Шыңға да кейсәттер де түсседарын.
Сүрініпкетпес үшінәкесонда ,
Сеніңөзболмысыңнанкүшаламын
Қайырмасы
Көңілің көрік сыйлап гүлбағына,
Өмірдің қанықтырдың сырларына.
Мен әке қуанамын бар жаныммен,
Өзіңнің перзентің боп туғаныма.
Қайырмасы
Алтынға балап тұлғаңды,
Артыңда қалар ізіңмін.
Қызығын көріп жүр мәңгі,
Өсіргенұл мен қызыңның.
7. Үй тапсырмасы.
Келесі сабақ: «Менің - жан досым» тақырыбына эссе жазып келу.
Өзін – өзі тану сабақ жоспары №75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .11.18ж №11 сабақСабақтың тақырыбы: Достық айнасы Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: басқалар туралы жамандық ойламау, отбасындағы, мектептегі парызын орындау, ұқыптылық. Пән мұғалімі: Сейденова А.ТСыныбы: 8 «а,ә,б,в»
Сабақтың мазмұны
Ресустар
Сабақтың мақсаты: Әрбір сөзінде, ісінде жауапкершілікті сезіне білуді дұрыс әрекет құндылығымен жасағанда нәтижелі болатынын түсіндіру.
Міндеттері:
Білімділік: - өміріне жауапкершілікпен қарай отырып басқа- лар туралы жамандық ойламауға үйрету;
Дамытушылық: - отбасындағы, мектептегі парызын орындау әрбір оқушы міндетім деп тануға ықпал жасау;
Тәрбиелік: - ұқыптылық пен жауапкершілік егіз деп танып, тәрбиелеу.
Сәлемдесутүгелдеу,
сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесін сақтау: Тәртіп ,Талап
Сенің ең жақын досың емтиханға дайындалып жатыр. Сен қалай көмектескен болар едің?
Өзара достықтың көрінісі ізгі, сыйлы қарым-қатынас болып табылады. Сенің адал досың бар. Досыңа лайық екеніңді қалай көрсеткен болар едің?
3-тапсырма: Даналардың ой-тұжырымдарын оқып, пікірлеріңді ортаға салыңдар.
«Шыншылдық адалдықпен ағзалас» Әл-Фараби
«Дос емес дос сыртынан жамандаған» М.Дулатов
«Дос таппаған ер азар, басшы бақпаған ел азар» М.Ә
..... Нағыз дос сенің басыңа түскен қасіретті бөлісіп алып, қайғыңды екі есе азайтады да, ал қуанышыңды екі есе көбей- тіп жібереді. Оның үстіне шынайы дос, сенің кемшіліктеріңді кешіріп, осалдығыңды байқамайды. Достықтың басты шарты – теңдік. Мұнда құл да, қожа да болмауы керек. Сонымен адам неге ұдайы біреумен достасқысы келіп тұрады. Шынай достық екі жағдайда қажет. Адам өз бойындағы зиянды заттарды ағза-дан сыртқа шығарып жіберуі үшін алуан түрлі дәрі-дәрмектер ішеді. Ал, адамның жан-жүрегіне жиналып қалған зіл батпан қасірет-қайғысын ол тек сенімді достары мен сырласу арқылы ған сыртқа шығарып, көптен бері арқалап жүрген ауыр жүгінен жеңілдей алады екен. Әрбір адамның мұңын шағатын, қуанышын бөлісетін кемінде бір шынайы досы болуы керектігі хақ.
6. Топпен ән айту сөзі :М.Шаханов
Кешікпей келем деп ең әні: Ш.Қалдаяқов,
Аңсаған бақытым сияқтанып,
Ай туып келеді қияқтанып.
Жол жаққа қараймын,
Сен жоқсың , арайлым.
Кешікпей келем деп ең,
Мен тұрмын елеңдеумен. 2рет
Қайтемін кінәләп бұған сені,
Сағатың алдаған шығар сені.
Нұр ойнап көзіңде
Уәделі кезіңде.
Кешікпей келем деп ең,
Мен тұрмын елеңдеумен. 2рет
Көшеде сырласып, шалқып басып.
Құрбылар барады қолтықтасып.
Тағатым таусылды,
Аңсадым даусыңды.
Кешікпей келем деп ең,
Мен тұрмын елеңдеумен. 2рет
бейнеклипМұғалім әнді оқушы лармен бірге орын дайды
7. Үй тапсырмасы.
Келесі сабақ: «Қайдасыңдар, достарым» Қабдікәрім Ыдырысов өлең жолдарын жаттап келу.
Күнделіктеріне белгі леп алады.
8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка)
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
Үш достың ұрпақтары олардың армандарын қалай жалғастырды?
Мәтіннен үш дос пен олардың ұрпақтарының арасындағы шынайы достықтың қандай қасиеттерін байқадыңдар?
Осы үш дос сияқты шынайы достарың бар ма?
5. Шығармашылық жұмыс
1-тапсырма: «Жүрек жылуы» ойыны, оқушылар орындарынан тұрып достыққа қатысты қасиеттерді айтып бір-біріне ұсынады.
2-тапсырма: Мәтінді оқып, жалпыадамзаттық тұрғысынан талдау.
... «Ардақты ағалар, біз – Кеңес, Бақытжан, мен үшеуміз әкелеріміздің достық шарапатының арқасында кішкене кезімізден дос, бауыр болып өстік. Біріміздің әкемізді «әке» деп, анамызды «ана» деп, аражіксіз бұл күнге жеттік. Әкелеріміздің өсиет-дәстүрін жалғастырып, балаларымызды достастырып жатырмыз. Бүгін мен алғаш рет немерелі болдым. Бауыржан папамның тұңғыш шөбересі өмірге келді. Сол нәрестенің атын қойып, баата беріңіздер, - деп толқып көзіне жас алды»
3-тапсырма: Досымызға хат жазамыз.
Ала жіп аттамау С.Кенжеахметұлы
Қазақ ұғымында ала жіп туралы әр түрлі ұғымдар мен түсініктер бар. Мысалы, баланың тұсауын кескенде, адамдар қатты ренжіскенде, әдет-ғұрып қағидаларында «ала жіп» бейнесі қолданылады. Соның бірі – «ала жіп аттамау» деп аталады және ол адалдыққа, адамгершілікке сай қолданылатын теңеудің бір саласы десе де болады. Бұл теңеу «ешкімге қиянат жасама, біреудің мал-мүлкін ұрлама» дегентерең мағынаны білдіреді. Біреудің «мен ешкімнің ала жібін аттаған жоқпын» деген сөзі оның адалдығын біілдіреді.
Жағдаяттарды сахналау
6. Топпен ән айту «Қайдасыңдар, достарым»
Бірге тойлап, бірге өткізген Бәрімізде таптық бүгін
Жалындаған жас шағын. Бақыт жолын іздеген.
Талай қызық күнді өткізген Дос үміті – достық сенім
Қайдасыңдар, достарым ? Әрқашанда біізбенен.
Мұғалім әнді оқушылармен бірге орындайды
7. Үй тапсырмасы.
Келесі сабақ: «Бақыт қайда барасың?» Асанұлы Қабанның сөзіне жазылған жырауды оқып келу, жаттауға болады.
күнделікке белгілеп алады.
8.Соңғы тыныштық сәті:
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
Ақиқат, ақиқат, ақиқат бар жерде,
Ақиқат, ақиқат, ақиқат бүкіл әлемде.
Бүгінгі сабаққа белсене қатысып,сыр бөліскені үшін алғыс