«Бекітемін»
|
«Қармақшы аграрлы-техникалық»колледж
|
директорының оқу- ісі жөніндегі
|
орынбасары:________Г.Аралбаева
|
Сабақтың мерзімі: 16.10.2015жыл
Сабақ тақырыбы:Мұқағали Мақатаев лирикасы.
Сабақтың мақсаты: Қазақ жырының қара бурасы атанған Мұқағали Мақатаевтың лирикалық шығармалары мен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушыларды өздігінен іздену арқылы деректермен жұмыс істеуге баулу және қазақша сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелік: Өнер адамдарын, өнерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мұқағалидың портреті, газет , кітаптар.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы.
Әдісі: Мәнерлеп оқу, жатқа айту, шығарманы талдау, әндету.
Реттік №
|
Сабақ/оқу кезеңі
|
Мазмұны
|
1
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру.Журналға белгі соғу.Назарларын сабаққа аудару.
|
2
|
Өткен сабақтар бойынша білім деңгейлерін тексеру(үй тапсырмасын сұрау)
|
1. Мұқағалидың балалық шағы.
2. Жас кезі
3. Ақындық жолы туралы не білеміз?
|
3
|
Жаңа сабақты (материалды) түсіндіру
а) Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Интерактивті тақтадан
М. Мақатаевтың портретін көрсету.
ә) М. Мақатаевтың өмірбаяны мен шығармашылығынан мәліметтер беру.
б) Мұқағали Мақатаев – қазақ поэзиясында шоқтығы биік аса дарынды ақын. Оның өлеңдңрінде сөздің сұлулығы мен ойдың асқақтығы астасып, үйлесіп тұрады. Сондай өлеңдердің бірі – «Сүйемін, өскен Отаным» – дей келе интерактивті тақтадан табиғат көріністерін көрсете отырып, өлеңді оқу мәнері жақсы оқушыларға оқытамын.
в) Оқушылар іштерінен өлеңді тағы да оқып шығады.
г) Балалардың алдына ағаштың суретін таратамын.
Олар ағаштың әр бұтағына М. Мақатаев өз өлеңінде нені сүйетінін жазып, толтырады.
д) Екі өлеңдегі төрт тармақты екінші шумақтың ұйқасу үлгілерін интерактивті тақтадағы сызбаға қарап салыстырамыз.
е) Балалар сендер осы М. Мақатаевтың өлеңдерінен нені байқадыңдар?
Балалар:
- М. Мақатаев аға дарынды ақын екендігін байқадық.
- Сөздерінің сұлулығын байқадық.
- Туған жерін өте қатты сүйетінін байқадық.
- Ойының асқақтығын байқадық.
М. Мақатаев өлеңінің соңында туған жерге қарыздармын, сондықтан да беремін талай жырымды дейді.
- Ал, сендер туған жерлеріңді сүйесіңдер ме?
- Өздерің туған жерге не берсем деп ойлайсыңдар? – деген сұрақтарға жауап алынады.
Балалар туған жер туралы өте көп мақал - мәтелдер бар. Сендер мына мақалдардың жалғасын табыңдаршы:
1. Туған елдей ел болмас,
.............
2. Кісі елінде сұлтан болғанша,
.............
3.
4.
Балалар туған жер туралы тағы қандай ақын - жазушылардың шығармаларын білесіңдер? Оларды жатқа айтатындарың бар ма? Өздерің туған жер туралы өлең жазып көрдіңдер ме? – деген сұрақтар беріледі және жауап алынады.
М. Мақатаевтың өлеңдеріне көп әндер жазылған. Соның бірі «Саржайлау» өлеңі. Сендер осы әнді тыңдай отырып, «Сүйемін, өскен Отаным» өлеңінің мазмұнына сәйкес сурет салып көріңдерші, - деген тапсырма беріледі.
|
4
|
Өтілген сабақты(материалды) бекіту
|
Сабақ сұрақ - жауап арқылы қорытылады.
|
5
|
Үйге тапсырма
1. «Сүйемін, өскен Отаным» өлеңін мәнерлеп оқу.
2. Суретті аяқтау.
3. Өлеңдегі сөздерді пайдаланып, сөзжұмбақ құрастыру.
4. Бір шумақ өлең жазу.
|
6
|
______________
Үйірме жетекшісі: С.Мұратов _____________________________
«Бекітемін»
|
«Қармақшы аграрлы-техникалық»колледж
|
директорының оқу- ісі жөніндегі
|
орынбасары:________Г.Аралбаева
|
Сабақтың мерзімі: 18.09.2015жыл
Сабақ тақырыбы:Мұқағалидың балалық шағы.Азаматтық ақындық қалыптасу ортасы
Сабақтың мақсаты: Қазақ жырының қара бурасы атанған Мұқағали Мақатаевтың өмірімен және шығармашылығымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушыларды өздігінен іздену арқылы деректермен жұмыс істеуге баулу және қазақша сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелік: Өнер адамдарын, өнерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мұқағалидың портреті, газет , кітаптар.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы.
Әдісі: Мәнерлеп оқу, жатқа айту, шығарманы талдау
Реттік №
|
Сабақ/оқу кезеңі
|
Мазмұны
|
1
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру.Журналға белгі соғу.Назарларын сабаққа аудару.
|
2
|
Жаңа сабақты (материалды) түсіндіру
Сабақтың эпиграфы:
Таудай едің, таудың алып тумасын
Нағыз қазақ едің сөздің турасы.
Қыр басында нағып шөгіп жатырсың,
Ей, өлеңнің буырқанған бурасы.
Жәркен Бөдешұлы.
« Қазақ жырының аспандағы азғана жұлдыздардың
Арасынан сенің жұлдызынды біз оңай танушы едік.
Сенің жұлдызың- ең шүғылалы, ең мейрімді жұлдыз»
Тұманбай Молдағалиев.
Кіріспе сөз.
Балалар , ақын Жәркен бөдешұлы айтып өткендей қазақ жырының қара бурасы атанған ақын М. Мақатаевтың өткен белестермен шығармаларыной елегін өткізбекшіміз.
Сабақтың жоспары:
1. Мұқағалидың балалық шағы.
2. Жас кезі
3. Ақындық жолы.
Мұғалім: 1. Өзінің « Менің анкетам» деген өленіңде жазылғандай М Мақатаев 1931 жылы Алматы облысы , Нарынқол ауданында дүниегекелген. Әкесі соғыста қайтыс болған. Анасының аты- Нағиман. Әже баласыболған соң анасын нақа деп атаған. Туған апасы:» Мені сөзге , жырға үйір еткен , тәрбиелеген, халқымды сүюге үйреткен әжем» ,- дейді. Енді балалар М. Мақатаевтың жазған өлеңі « Менің анкетам» өленің тындайық. ( Аида оқиды)
Аида: « Менің анкетам»
- Туған жерің?
- Ұланынмын Қарасаз деп аталатын ауылдың.
- Туған жылың?
- 1931 ж. Құрдасымын Шәмілдің.
- Шыққан тегін?
- Шаруамын.
- Білімің ше?
- Орташа ғой.
- Алайда өзім жоғары бағалаймын.
- Ана тілің?
- Қазақша.
- Қысылғанда орысша да, немісше де бар.
- Қайда істедің?
- Мынау « еңбек кітапшамнан « тауып ал.
- Оқымаған, дипломсыз демесең , бір басымнан бар мамандықтабылар.
- Міңдеттісің бе әскерге?
- Міндеттімін.
Міне мұнда көп мағына бар.
2.Мұғалім: Мұқағалидың анасының әңгімесіне назар аударайық .Мұқағалидың жас кезі.
- Мен ұлымның ақындығы сағыныш атты сезімнен бастау алған депойлаймын. Әкесі Сүлейменді достарыммен бірге 1941 жылдың желтоқсанында өртең сайынның аузына дейін тайлы таяғымызқалмастан ұмтылмас қимастықпен шығарып салғанымыз есінде қалсакерек. Әйтеуір әкесін ойлап , сағынып, көзіне жиі-жиі жас алып жүретін.
1941 жылы күзде Мұқағалидың әкесі Сүлейменді әскерге алады . Ел жиналып әскерге шақырылған жігіттерді шығарып салуға бара еет .Топ ішінде әкесімен қостасушы Мұқағали да бар. Топ бір жерге жиналып , соңғы еет бақұлдасуға айналғанда Сүлеймен әкеміз тұрып :
-Уа, ел-жұртым, сендерге өтінішім бар. Мына Мұқағали тұңғышым болса да өзіме тартпай, әкесінің баласы боп өсіп еді, осының бетінен искеуге рұқсат етіңіздер,-деп сұрайды.
Халық риза болып:
- ;рұқсат, рұқсат: деп шуласады. Әкесі сонда бірінші және соңғы еет еркін қимылдап, баланы өзіне шақырып, құшақтап, бетінен сүйеді.
Осы жерде қазақ халқында тұңғыш немересін атасы мен әжесі бауырына салтын дәстүрді оқушыларға түсіндіріп өту.
1948 жылы Алматыда шет тілдер институтында оқып жүріп, артындағы отбасының тұрмысы ауыр болғандықтан, соларға көмектеспекші болып, оқуды еріксіз тастап, аулға оралды. М.Мақатаев «Киров» атындағы колхозда советтің секретары болып жұмыс істейді.1952 жылы Қарасазда бастауыш кластарға орыс тілінен сабақ береді.Ауылда жүріп үйленеді. Әйелінің аты –Лашын. Балалары Майгүл,Жұлдыз,Шолпан,Айбар.Балаларын жанынан бетер жақсы көреді.
Ақындық жолы
Балаларға да арнап көптеген өлендер жазған. Осындай өлеңдері «Бәсіре» деген атпен 1981жылы жарық көрді.Ол қазақ радиосында диктор болған.Газет-журналдарда жұмыс істеген.Ол өте көп керемет өлеңдер жазған.Оның өлеңдері туған жер,табиғат туралы.Жастарды елді,табиғатты сүюге,оны аялай біліуге үйретеді.Алып ақын туған даласы мен тауларына,ормандарына сағынышын баса алмай кеткен ұлы ақын . Оның өлеңдері: « Туған жерде» , « Отан»
|
|
4
|
Өтілген сабақты(материалды) бекіту
Мәтінмен жұмыс жасау.
Мәтінді оқу.
Оқулықпен жұмыс.
Мәтінге сұрақтар қою.
-Кім туралы айтылған?
-Мәтінді бір- бірімен оқып аудару.
|
5
|
Үйге тапсырма
Сабақты қорыту.
Тапсырмалар жүктеу: Түсінік қалыптастыру.
|
6
|
_____________________________
Үйірме жетекшісі: С.Мұратов
_____________________________
2015-2016 оқу жылында «Мұқағалитану» үйірмесіне колледж студенттерін қабылдау
жөніндегі отырыстың
ХАТТАМАСЫ №1
(
Қатысушы саны: 25
Күн тәртібінде:
Мұқағалитану үйірмесінің мақсатын,міндетін,оқу жылында атқарылатын іс-шаралардың жоспарымен таныстыру
«Мұқағалитану» үйірмесін жаңа құраммен толықтыру.
Тыңдалды:
С.Мұратов – «Мұқағалитану» үйірмесінің жетекшісі
«Мұқағалитану» үйірмесінің мақсатын,міндеттеріне тоқталып, өткен оқу жылындағы іс-шараларға белсенділік таныта білген студенттердің белсенділігін атап айтып,жаңа оқу жылында атқарылатын үйірме жұмысының жоспарымен таныстырды. Мұқағали шығармалары оқушылардың адамгершілікке ,елжандылыққа,еңбекқорлыққа,шығармашылыққа танымдық қабіллеттерін дамыту ең басты бағыты екендігін атап өтті.
Жаңа оқу жылында «Мұқағалитану» үйірме құрамын бекіту үшін, білім алушылар өз еріктерімен қабылданады. Үйірме құрамындағы оқушылар жүргізілетін жұмыстарды бірлесіп атқарып, белсенділік таныту керектігін айтты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша қаулы етеді:
Үйірме құрамын бекіту үшін және жаңа оқу жылында атқарылатын жұмыстарды бірлесіп атқаруға төменде көрсетілген білім алушылар «Мұқағалитану» үйірмесі құрамына қабылдансын.
1.Райымов Руслан
2.Елмұратов Жасұлан
3. Құдабаев Руслан
4.Мүбаракова Айдана
5.Байділдаев Дастан
6.Жандосова Гулдана
7.Қожахметов Алмас
8.Толыбай Рамазан
9.Сыдықов Арсылан
10.Аппаз Ардақ
11. Бұқарбай Бегім
12. Әлқуатова Ботагөз
13. Әлқуатова Аягөз
14.Арыстанбекова Аймереке
15. Құрмашқызы Ақгүлім
16. Серікбаев Әділет
17. жанатұлы гасырбек
18. Тұрақов жақсар
19. Ибраев Ерлан.
20. Қаныбеков Асылжан.
21. Молдабеков Нұрхан
22.Иманғалиев бекжан
23.Ғалымжанұлы Ғасыржан
24.Нұрболат Оңталап
25. Анықбеков Орынбасар
Хатшы: А.Арыстанбекова
«Бекітемін»
|
«Қармақшы аграрлы-техникалық»колледж
|
директорының оқу- ісі жөніндегі
|
орынбасары:________Г.Аралбаева
|
Сабақтың мерзімі:
Тақыбыры: Мұқағали поэзиясы
Мақсаты: 1. Ақын шығармасын сезіне оқу, жаттау. Есте сақтау, мәнерлеп оқу
қабілеттерін жетілдіру.
2.Сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту . Өлең құрылысын талдауға
жаттықтыру.
Ақын шығармаларын оқи отырып, туған елді, жерді сүюге тәрбиелеу.
Лириканы , поэзияны сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Іздену.
Көрнекілігі: Мұқағали портреті, Мұқағалидың шығармалар жинағы, үн таспа, қақпалар
суреті.
Реттік №
|
Сабақ/оқу кезеңі
|
Мазмұны
|
1
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру.Журналға белгі соғу.Назарларын сабаққа аудару.
|
2
|
Жаңа сабақты (материалды) түсіндіру
Эпиграф: «Ақынмын деп мен қалай айта аламын,
Халқымның өз айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын».
Мұғалім: Ойың, қырың, Отаның түрленгенде,
Жан-жағыңды жақұттай гүл көмгенде,
Жар салмайсың, неге сен, қарсы алмайсың?
Анда-санда аулыңа бір келгенде,- деп бүгін бізге қонаққа арманшыл ақын, сыршыл ақын, өмірді, елін, жерін сүйген ақын- Мұқағали Мақатаев келіпті. Азамат жөнін сұрау- салтымыз, ендеше ақын аға анкета толтырсын. «Менің анкетам» рөлмен орындалады.
Ендеше ақынға «Қош келіпсіз!» демекпіз.
Біз өткен сабақта М.Мақатаев өмірі жайлы білген едік, жаңа өздерін де куә болдындар. Олай болса, Мұқағали кім? (ассоциация жасау).
Балалар, бізді «Мұқағали әлемі» шақырады. Ол әлемге кірмес бұрын мына қақпалар есігін ашу керек. Әр қақпа тапсырмасын орындағанда ғана бізге жол ашылады. (сөздердің лексикалық мағынасын анықтау).
Тас қақпа сұрағы : «Күпі деген не?»
Темір қақпа сұрағы: «Көген деген не?»
3.Күміс қақпа сұрағы: «Желі деген не?»
4.Алтын қақпа сұрағы: «Шәйі деген не?»
(сөздер ақын өлеңінен алынған).
Қақпалар біртіндеп ашылып болғанда, астында «Мұқағали әлемі» деген сөз қалады.
Көрдіңдер ме, бізді «Мұқағали әлемі» тосып отыр.
1тапсырма: (үй тапсырмасы. өлеңді мәнерлеп жатқа айту).
1-топ: «Қайырлы түн»
2- топ : «Қара өлен»
3 -топ: «Елім барда»
4- топ: « Аспан – мынау, мынау- бақ»
2 тапсырма: Осы өлендері бойынша дайындалып келген тапсырмаларын қорғау.
1-топ: «Тілегіміз- бейбітшілік» тақырыбына шығарма.
2-топ: «Өнер алды- қызыл тіл» мақал-мәтел.
3-топ: «Туған ел, Отан» туралы сөзжұмбақ.
4-топ: «Табиғат-алтын бесік» сурет салу.
3 тапсырма: Әр топ өз өлендерін құрылысына талдау (неше шумақ, неше тармақ, неше буын, қандай ұйқас).
4 тапсырма: Өлеңнен айшықты сөздерді табу. (Теңеу, метафора, эпитет, кейіптеу).
Иә, балалар, сендер Мұқағали ақын жанын түсініп, шығармасын талдап жатырсыңдар. Ақын ешқашан өзінің осындай ақын екеніне мақтанбайды, ол өнерді кімнен үйреніп, кімнен алдым дейді? (эпиграфқа оралу). Сол себепті бабаларына алғыс айтып өткен ғой.
«Бабаларым, рахмет сендерге!» (үнтаспадан тыңдату).
|
|
4
|
Өтілген сабақты(материалды) бекіту
Енді бүгін ақын-қонаққа арнап бес жол өлең құрастырайық.
Кім?
Кімнің?
Қандай?
Не істеді?
Түйін.
|
5
|
Үйге тапсырма
«Мен Мұқағалиды жасқы көремін» эссе.
|
6
|
_____________________________
Үйірме жетекшісі: С.Мұратов
«Бекітемін»
|
«Қармақшы аграрлы-техникалық»колледж
|
директорының оқу- ісі жөніндегі
|
орынбасары:________Г.Аралбаева
|
Сабақтың мерзімі:
Тақырыбы: М. Мақатаевтың ағартушылық идеядағы өлеңдері
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға атақты ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі, шығармашылығы туралы айта отырып, өлеңнің негізгі идеясы - қарттар, олар – тірі шежіре, дана, ақылды екендігін ұғындыру;
Дамытушылығы: оқушылардың мәнерлеп оқуға деген ниет - ынтасын дамыту, тіл байлығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: қарттарды сүйе білуге, құрметтеуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ақынның суреті, мақалдар, суреттер. Әдістері: мәнерлеп оқу, әңгіме, оқулықпен жұмыс, салыстыру, ойын, өлең жазу.
Реттік №
|
Сабақ/оқу кезеңі
|
Мазмұны
|
1
|
Ұйымдастыру кезеңі
Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру.Журналға белгі соғу.Назарларын сабаққа аудару.
Көңілашар.
1. Оқушылардың назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Таң шапағы арайлап,
Дала нұрға боянды.
Балалардың барлығы,
Ұйқысынан оянды.
|
2
|
Жаңа сабақты (материалды) түсіндіру
I. Ата, ана, бала туралы мақал - мәтелдер айту.
ІІ. Автор туралы түсінік беру
Суретін көрсету. М. Мақатаевтың бір шумақ өлеңімен бастау
Ақ қырау тұрған ақпанда
Ағаштар сырға таққанда.
Бозарып тұрып ақ таңда,
Есіңе мені алғайсың,
Есіңе мені алғайсың! Балалар, осы өлең шумақтары сендерге таныс па?
Естімесеңдер, бұл өлеңді жазған Мұқағали Мақатаев аталарың. Егер Мұқағали атамыз тірі болғанда ертең, яғни 9 – ақпан күні тура 83 жасқа толар еді.
Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыздың мақсаты: Мұқағали Мақатаев атамыздың өмірімен және Мұқағали атамыздың қарттарды құрметтеу, қадірлеу жайында жазған « Қарттарды сүйем»өлеңімен танысамыз.
Интеракивті тақтадан М. Мақатаевтың портретін, жұбайы Лашынның және балаларымен түскен суреттерін көрсету арқылы жаңа сабақты түсіндіру.
———— 1931жыл 9 - ақпан
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылы
- Атасы - Мақатай, әжесі - Тиын
- Әкесі - Сүлеймен, шешесі - Нағиман
- Жан жары – Лашын
- Қазақтың аса дарынды ақыны
- Алғашқы өлеңдерін 10жасынан жаза бастаған
- Қызы - Алмагүл, ұлдары - Айбар, Жұлдыз
Мұқағали атамыз әр түрлі тақырыпты жырлаған; туған жер, Отан, махаббат, достар, аға - қарындас, әке - шеше т. б. Мұқағали атамыз туралы кейінірек толықтай танысамыз.
Мұқағали Мақатаев 1931 жылы Алматы облысы Райымбек ауданына қарасты Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның балалық шағы Ұлы Отан соғысына тұспа - тұс келеді. Мұқағали 10 жасынан бастап соғысқа кеткен әкесін сағынып өлең жазған. Ол өлең боп өмір сүрді. Өлең боп өмірден өтті. Яғни, 1976 жылы қайтыс болды. Оның: «Қарттарды сүйем», «Мен таулықпын», «Барлығы да сендердікі» деген өлеңдері бар. Мұқағали Мақатаевтын өзі оқыған олеңдерін үнтаспадан тыңдау.
ІІІ. Өлеңді мәнерлеп оқу, түсіндіру.
Мына сұрақтарға жауап алу.
1) Өлеңнің авторы кім?
2) Ол туралы не білесің?
3) Мұрагер дегенді қалай түсінесің?
4) Өлеңге сүйеніп, қарт ұғымына мағынасы жуық сөздерді теріп жаз. Ол сөздерді «Күн шұғыласына» орналастыр. Ой толғау: Осы өлең неге бөлімнің соңына берілген деп ойлайсың?
ІV. Тізбектеп оқыту.
V. Шығармашылық жұмыс. Осы тақырыпқа байланысты 1шумақ өлең шығару. Мен дайын өлең жолдарын беріп, оқушыларға соны аяқтауды ұсынамын.
Бұрынғы біздің…….. (бабалар)
Қасиетті………(даналар)
Бабалардан бата………(алған)
Қазіргі біздің………(аталар).
Ой толғау: Мұқағали Мақатаветың Фариза Оңғарсыноваға шығарған өлеңдерін оқушылар жатқа айту арқылы Фариза Оңғарсынованы еске алу сәтін өткізу.
VІ. Дәптермен жұмыс. Өлеңді көшіріп жазу.
|
|
4
|
Өтілген сабақты(материалды) бекіту
Топтастыру. Ы. Алтынсарин, Абай Құнанбаев жане М. Мақатев шығармашылығы туралы біз не білеміз.
Қарттар үйі туралы біздін көз қарасымыз (пікір сайыс) Оқушылар: Бөбектерді қуантып,
Құрметтейміз қарттарды.
Жас ұрпақпыз талапты,
Жақсы оқимыз сабақты.
Қорытынды. – Балалар, бүгінгі сабақта біз не үйрендік?(Топтастыру)
|
5
|
Үйге тапсырма
М. Мақатаев өмірі және шығармашылығы туралы мәліметтер жинақтау
|
6
|
_____________________________
Үйірме жетекшісі: С.Мұратов
«Бекітемін»
|
«Қармақшы аграрлы-техникалық»колледж
|
директорының оқу- ісі жөніндегі
|
орынбасары:________Г.Аралбаева
|
Сабақтың мерзімі:
Тақырыбы: Мұқағалидың поэзиясындағы әділет, ар тазалығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған Мұқағали
Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол
арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне
деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушының сөз мәдениеті дұрыс меңгеріп,
жырларды мәнерлеп оқуға, өленді өміріне серік еткен ақынға
еліктеп ақынжанды болып өсуіне кең жол ашу, рухани танымын кеңейту.
Тәрбиелік: Туған халқының талантты ақынына, әдебиетіне, туған еліне
деген сүйіспеншілік сезімін оятып, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, ақынның суреті, өмірбаяны,
естеліктері бейнеленген слайдтар, буклет.
Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет, бейнелеу өнері, музыка
Реттік №
|
Сабақ/оқу кезеңі
|
Мазмұны
|
1
|
Ұйымдастыру кезеңі
Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру.Журналға белгі соғу.Назарларын сабаққа аудару.
Көңілашар.
|
2
|
Жаңа сабақты (материалды) түсіндіру
Мұғалім: Бүгінқазақтың ақиық ақыны, сонымен қатар қазақтың қара
өлеңіне шекпен жауып қайтарған абыз, қарапайым да жұмбақ тағдыр иесі Мұқағали Мақатаев 83 жасқа толды. Мұқағали-ХХ ғасырдың санаулы саңлақтарының бірі.
Оның поэзиясы-өзі өмір сүрген дәуірдің шындығы.Мұқағалидың өмірде
бағы мен соры қатар жүрген ақын.Ақынның бағы-оның өлмес жыры, ойлаумен өлең өрудің теңдесі жоқ классикалық әлемдік биігіне көтерілгені,өтірік өлең жаза алмағаны. Ал соры-өз қоғамына, өз ортасына сыймай қасірет кешкені, тапқан-таянғаны өз отбасына жетпей өмірінің қиыншылықпен өткені, өлмес, теңдесіз жырды замандастарының
дер кезінде бағалай қоймағаны.Бағаласын-бағаламасын, танысын-
танымасын өзіне, өзінің қайталанбас ақындық тағдырына іштей қалай сенсе, ол өз жырының ертеңіне, әр өлеңінің болашағына, туған халқының жасампаздығына солай сенген.
Ары таза, жаны мөлдір, жүрегі отты, рухы асқақ жырлар мен кең тынысты, көркем дастандар-сөз жоқ, сол Сенімнің жемісі.
Бүгінгі поэзия кешіміз----
Алтынға мейлі толмай-ақ қойсын сандығым,
Ырзамын саған, Ырзамын саған тағдырым!-деп,
өз тағдырына ырза болып кеткен ғасыр ақыны атанған М.Мақатаевтың шығармашылығына арналады.
Аймереке:
Жарығы күшті жұлдыздар… Бүгінде Мақатаевтың 35 мың жолға жуық өлеңі бар. Көптеген жыр жинақтарын оқырман қауымға ұсынды: «Армысыңдар достар», «Шуағым менің», «Дариға жүрек», «Өмір дастан», «Өмір-өзен», «Аққулар ұйықтағанда» т.б. Мұқағали өлеңдерінде жазылған әндердің саны өте көп.
Атақты сазгер Нұрғиса Тілендиев бір естелігінде: «Мейлі наныңыз, мейлі нанбаңыз, сол жолы Мұқағали екеуміз тура отыз күн бойы біздің үйде өндіре жұмыс істедік. Мен отыздан астам ән шығардым. Ал сол әндердің бәріне мөлдіретіп тұрып өлең жазып шықты» — деп айтқан екен. Бірге соққан қос жүректен сол күндерде туған әндердің қатарында «Сөнбейді, әже, шырағың», «Домбыра досым», «Кел, еркем, Алатауыма!», «Сарыжайлау» секілді біртуар туындылары бар еді.
Айдана:
«Өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақында өлмейді. Олай болса, Мұқағали Мақатаев та көз жұмған жоқ. Қатарымызда, күнбе-күн қасымызда, әне, ол мұзбалақ қыранша дүр сілкініп, бүкіл залды тебірентіп, жазық маңдайы жарқырап, жарқылдап жыр оқып тұр».
Руслан: «Сәби болғым келеді»
Жасұлан: «Қара өлең»
Ақгүл: «Поэзия»
Дастан:
Мұқағали – біздің заманымыздың ғажайып ақыны. Ақынның өзі «Кімде-кім шынымен менің өткен өмірімді білмек, зерттемек болса, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпасын. Мені өз өлеңдерімен бөліп қарамауларыңызды өтінемін» — деген екен.
Жібек:
Жалпы, әлдебіреулер айтып жүргендей. Мақатаев тек сейіл – серуенімен ғана күн кешкен ақын емес. Оның өзінде барын өзге біреуге, сүрінгенді сүйеуге, жылағанды жұбатуға әр кез дайын тұратын мейірімі мол, бауырмал, достыққа адал азамат болғанына дәлел көп. Бір ғана мысал. Қазақтың аса талантты ақыны – Төлеген Айбергенов қыршын жасында Қарақалпақстан астанасы – Нөкіс қаласында кенеттен қайтыс болды. Сонда өзі жұмыссыз жүрген Мұқағали қалталы бір қаламгерден қарызға ақша алып, аяулы досы, ардақты ақын Айбергеновті жерлесуге көп қаламгердің ішінен суырлып шығып, Төлегеннің отбасын жұбату үшін шалғай жерге арнайы барады. Осы бір оқиғаның өзі досқа адал, қиналғанды көрсе қарап қалмайтын жомарт мінезін, даласындай дарқандығын көрсетіп тұрған жоқ па?!..
«Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап» арнау өлеңдер
Мұғалім: Туған халқының арман-мақсатын терең түсінген, толғай жазған, сөйтіп, жанының жаршысы болған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың екінші өмірі — мәңгілік ғұмыры енді басталып отыр. Өлмес өнері – өлеңмен жалпақ елінің жүрегіне жол тауып, бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне бөленген ұлы перзентінің ұрпаққа ұран болған жырларын елі де ешқашан есінен шығармасы анық
Ақынның өміршіл өлеңі, артында қалған асыл мұрасы өмірдегі
қандай сыйға болса да лайық дейміз
|
|
4
|
Өтілген сабақты(материалды) бекіту
Мұқағалидың поэзиясындағы әділет, ар тазалығы тақырыптағы өлеңдерін ата?
|
5
|
Үйге тапсырма
М.Мақатаевтың «Жазылар естеліктер мен туралы» өлеңін жаттау
|
6
|
_____________________________
Үйірме жетекшісі: С.Мұратов
«Бекітемін»
|
«Қармақшы аграрлы-техникалық»колледж
|
директорының оқу- ісі жөніндегі
|
орынбасары:________Г.Аралбаева
|
Сабақтың мерзімі:
Тақырыбы: Мұқағалидың саяси әлеуметтік лирикасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақтың қаламы жүйрік ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын терең меңгерту.
Дамытушылық: Мұқағалидың өскен ортасы, шығармашылығы туралы терең білім беру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға, жатқа айтуға баулу, әндерін үйрету.Оқушылардың Мұқағали өлеңдерін поэмаларын, аудармаларын талдау машығын, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Тәрбиелік: Мұқағали поэзиясының тереңдігін сезіндіру адамгершілік,
эстетикалық тәрбие беру, еңбекқорлыққа, саналылыққа тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, ақынның суреті, өмірбаяны,
естеліктері бейнеленген слайдтар, буклет.
Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет, бейнелеу өнері, музыка
Реттік №
|
Сабақ/оқу кезеңі
|
Мазмұны
|
1
|
Ұйымдастыру кезеңі
Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру.Журналға белгі соғу.Назарларын сабаққа аудару.
Көңілашар.
|
2
|
Жаңа сабақты (материалды) түсіндіру
Мұғалім: Қазақ поэзиясының көгiнен өз орынын тапқан озық ойлы таланттарымыз көп. Олар өлең өлкесiнде өздерiнiң шығармашылық бай лабораториясын жасап, шеберлiктерiн танытып қазақ жыр-қазынасының таусылмас байлығын жасап кеттi.
Жетпiсiншi жылдар поэзиясына зер салатын болсақ, сол таланттарымыздың санаулысының бiрi де бiрегейi, лирикалық асыл сезiмнiң жыршысы болған Мұқағали Мақатаев едi.
“Мен өз дәуiрiмнiң жаңғырығымын” деп Виктор Гюго айтқандай, Мұқағали да 60-70-жылдардағы жыр әлемiнiң жаңалық жаңғырығы болды. Оның бойындағы асқақ азаматтық әуенмен қатар өрбiген биiк рухты әрбiр шығамасын оқыған сайын түйсiнiп, сезiне түсемiз.
Халықтың бай ауыз әдебиетiмен сусындаған, Абай поэзия-сын жетiк меңгерген, Қасымды жатқа оқыған, Әбдiлдәнi өзiнiң ұстазы санаған Мұқағали ешкiмге ұқсамайтын, образды сөз өрнектерiмен ерекшеленедi. Олай болса, образды сөйлемдер ақын лирикасының көркемдiгiн, мағыналылығын, шынайылы-ғын, жаңалығын көрсетедi.
Кең дүние, төсiңдi аш, мен келемiн,
Алынбаған ақым бар сенде менiң.
Бұйрат құмдар – бұйығып шөлдегенiм,
Бура бұлттар бусанып терлегенiм,
– деп ақын өзi айтқандай, сонау биiкке самғаған қазақ жырының өлең өлкесiне сыршыл да шыншыл поэзиясымен айқайлап келiп едi. Ақын лирикасынан үнемi табиғатпен, өзi өмiр сүрiп отырған қоғаммен, өмiрдегi болып жатқан сан қилы оқиғалармен тонның iшкi бауындай қабысып жатқан, оқырманын ойлантуға, сендi-руге мәжбүр ететiн ерекше байланысты байқаймыз. Ақын өлеңдерiн оқығанда тағы бiр байқайтын ерекшелiгiмiз сөзбен суреттелген өмiр, тiршiлiк құбылыстары тұтас бiр картинадай өтiп жатады. Осы тұтас картина ұтымды, оралымды, көркем әрi шебер қолданылған тiл нақышы арқылы көрiнiс бередi. М.Мақатаев өзiнiң тiлiн, стилдiк бояуын қалыптастырған ақын деп айтуымызға әбден болады.
Шығарма тiлiнiң көркемдiгi суреткердiң сөздi аз-көп қолдануында емес, әр сөздiң орнын тауып көркем жұмсай бiлуiнде. Ақын сөздi қиыстырып, тиiстi жерiнде ұтымды қолданып қана қоймай, ойдың түсiнiктiлiгiн, айқындылығын, дәлдiгiн беру үшiн сөз мағынасын сан жаққа құбылтып жұмсайды.
Мәселен, “Ақ кимешек көрiнсе сенi көрем, Ақ кимешек жоғалса ненi көрем”, “Су сұраса сүт берген, айран берген, Қартайып қалыпсың-ау, қайран жеңгем!”, “Қарқ қылмай тұрса да қара нанға, Қара қамба құт едi балаларға”, “Сенбеймiн әкең өлдi дегенге мен, Себебi ол үйiмiзден тiрi аттанған”, “Шаруасы шайқалған шағын үйдiң, Шаңырағына шаншылдық уық болып”... тiзбектелiп кете беретiн өлең жолдары бар қазаққа таныс төл ұғым. Осы өлең жолдарынан ақын ойының шыншылдығын байқап, жалпы халыққа түсiнiктi қарапайым ғана тiлiмен жеткiзгенiн көремiз. Мұқағали өз өлеңдерiнде сөз аясын кеңейтiп, бейнелегiш-көркемдегiш тәсiлдердi шебер пайдаланып, олардың эмоционалды-экспрессивтiк бояуын арттырды.
Ақын өзi өмiр сүрiп отырған қоғамдағы алуан түрлi көрiнiстердi лирикалық шығармасы арқылы оқырманына жеткiзедi.
Ақын көзiмен көрiп, көңiлiне түйгендерiн ештемеге қарамастан жалтақсыз айтып, өзiнiң де өзгенiң де айыбын жасырмай, бетке басып ашық жеткiзе алды. “Айтып өткен ақында арман бар ма, жүрегiнiң түбiне кiр жасырмай” – деп армансыз ақтарылып айтып кеттi. Өзiнiң азаматтық үнiмен өмiрдiң ащы шындығын өткiрлiкпен айтты. Мұқағали Мақатаев таланты қазақ поэзиясында қашан да биiктен көрiнедi, ол қазақ лирикасының кең төрiнде өзiнiң “менiн” танытты.
|
|
4
|
Өтілген сабақты(материалды) бекіту
Мұқағалидың саяси әлеуметтік лирикаға толы өлеңдерін ата?
|
5
|
Үйге тапсырма
М.Мақатаев өлеңдерін жаттау
|
6
|
_____________________________
Үйірме жетекшісі: С.Мұратов
Достарыңызбен бөлісу: |