11-сынып. Адам. Қоғам. құқық
Сабақтың тақырыбы: 11. Әлеуметтік стратификация және ұтқырлық
Сабақтың мақсаты: әлеуметтік стратификация ұғымын түсіндіру
Әлеуметті стратификация туралы, оның басқа ғылымдармен байланысы, бұл ғылымның атқаратын қызметі туралы оқушыларға егжей-тегжейлі жеткізу;
Белсенділігін арттырып, білімдерін жетілдіру;
Қоғамдық көзқарасы дұрыс қалыптасқан, көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды білімді азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: әңгіме, пікіраламасу
Көрнекілік: кітап, нақыл сөздер
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар»
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Еңбек қоғамы
Әділетті қоғам жолында
Қоғам туралы маркстік ілім
Ашық қоғам және жабық қоғам
Тұтынатын қоғам
Молшылық қоғам
Жаңа сабақтың жоспары:
Әлеуметтік стратификация ұғымы
К.Маркс бойынша таптарға бөлу
Әлеуметтік стратификация - қоғамның әлеуметтік жіктелуі. Біз қоғамының әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып еткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар. Қоғам адамдарын стратталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі. Олар:
касталар;
сословиелер;
таптар.
Осы аталған жіктеудің үш типіне байланысты стратификациялық жүйе
Ашық - Қоғам мүшелерінің статустары мен әлеуметтік жағдайларын өзгертулеріне мүмкіндік бар әлеуметтік құрылым ашық стратификациялық жүйе деп алады да, ал, мұндай мүмкіндік балмайтын қоғам жабық стратификациялық жүйе деп аталады
жабық жүйе- Үндістан қоғамында орын алған касталық жүйені жатқызуға болады. «Каста» - латын тілінде castus (таза) деген мағынаны береді.
2. Орта тап адамдарының тұрақты да, сенімді қызмет орындары, жоғары табыстары және заман талабына сай өмір салттары бар. Олар көп еңбек етеді, кейбіреулерінің меншіктері (жер, құнды қағаздар, қозғалмайтын мүліктері, т.б.) бар, яғни олар экономикалық және саяси тұрғыдан қарағанда тәуелсіз адамдар. Бұл таптың адамдары «жақсы өмірге қажырлы еңбектің, күш – жігердің, білімнің нәтижесінде жетуге болады» дегенді басшылыққа алады. Бұл жерде айта кететін бір жағдай – орта тпатың да өз ішінде жіктелетіндігі. Олар
жоғары орта тап:
орта таптың орташасы:
төменгі орта тап.
Орта тапты осылайша жіктеуде жоғарыда айтылған факторлар, яғни адамдардың билікке қатынастары, табыстарының көлемі, кәсіби және білім деңгейлері ескеріліп отыр. Жұмысшы табының қазіргі кездегі бейнесі өткен дәуірдегіден мүлдем басқа.
Сабақты бекіту:
әлеуметтік стратификация деген не?
Орта тапты нешеге бөледі?
Стратификациялық жүйеге анықтама бер
Бағалау: өзін-өзі
Үйге тапсырма: конспектіні оқу
Пән: Адам. Қоғам. Құқық
|
Сынып: 11
|
Сабақ: 12
|
Күні:
|
Тақырыбы: Тұлғаның қалыптасуындағы әлеуметтік факторлар
Сабақтың мақсаты: Жеке адамның қалыптасу процесіне әсер ететін факторларды атап беру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Әлеуметтік факторлардың тұлғаға әсері туралы түсінік беру, құрылу жолдарына тоқталу.
Дамытушылық: Әлеуметтік білімдерін, ойлау қабілеттерін, белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік: Қазіргі заманға сай заманауи азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: топтық
Сабақты ұйымдастыру әдісі: дискуссия
Көрнекілігі: кесте
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Амандасу
2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу
3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Әлеуметтік стратификация ұғымы
К.Маркс бойынша таптарға бөлу
ІІІ. Жаңа білімді меңгеру
Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін орта
Тәрбиелеу-тұлға қалыптасуының негізгі жолы
Тұлға қалыптастырудың құралы-мектеп
Индивид қалыптастырудағы ұжымның ролі
Жеке тұлғаның қалыптасуына, сонымен қатар, орта: адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлар әсер етеді. Орта макро және микро болып бөлінеді. Макро-орта бұл -адамға қажетті әлеуметтік-экономикшіық ықпалдардың мол жиынтығы (өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар деңгейі, өмірдің қаржы жағдайлары, мәдениеттің даму деңгейі, бұқаралық ақпараттар құралдары). Микро-орта бұл – баланың ең жақын қарым-қатынас ортасы, ол – адамды әрдайым коршайтьщ және оның дамуына әсер ететін өзара байланысты заттар, құбылыстар мен адамдар әлемі. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына, белгілі бір мөлшерде, табиғи немесе географиялық орта (климат), табиғат жағдайлары әсер етеді.
Тәрбиелеу дегеніміз тұлғаны қалыптастыруға бағытталған адамдардың арнайы әрекеті.Жеке тұлға қалыптасуындағы тәрбиелеудің орны ерекше. Тәрбиелеу сөзінің тар мағынасына-оқытушының талап қою жүйесін айтамыз. Үйде қатаң тәртіп, бұл баланың бойында ұқыптылық пен жинақтық қалыптасады.
Рухани адамгершілік тәрбиесінде тәрбиеші оқушыны тұлға ретінде таниды:
-бұрынғысы;
-қазіргісі;
-болашағы.
3. Оқу, білім алу, қоршаған ортаны тану тұлға қалыптастырушы фактор.Жеке тұлға қалыптастырудағы мектептің ролі ерекше. Біздің мектебімізде- ұстаздар қауымының мақсаты: оқушылардың «субъект- субъект», «Субъект-қоғам» циклін құру. Оқыту белгілі бір шарттар арқылы тұлға қалыптастырады. Олар:
Бірінші, білім ғылыми тұрғыдан баяндалса әлемді оқушыларға дұрыс сипаттайды.
Екіншісі, баяндалып жатқан білім күрделі дидактикалық талқылаудан өтіп, саралануы керек.
Үшіншіден, оқыту процессінде оқушылар алған білімі жүйеленіп, біртекті мағлүмат берілуі қажет.
Төртіншіден, оқыту барысында қатысушалардың тәжірибелік және кәсіби шеберлігі дамытылады.
4. Ұжым дамып жатқан кезде ғана жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді. Кеңестер Одағы кезінде «ұжым» ұғымы кеңінен қолданылды. Сол себепті олардың топ болып, ауызбіршілікке келіп жұмыс атқаруы маңызды болды. Ұжым дегеніміз белгілі бір мақсаттар мен әрекеттер арқылы нәтижеге жету. Ұжымдағы тәртіп дегеніміз-әрбір жеке тұлғаның өзіндік құқығын белгілеу арқылы жүзеге асыру. Жоғарыда аталған талап негізінде қоғамдық ой-пікір қалыптасады және ескеріледі.
Қоғамдық пікір ұжымдағы жеке тұлғаның әлеуметтік нормаларының қалыптасуына әсер етеді.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Сыныпты 2 топқа бөліп, «Оқушыға тұлға ретінде қалыптасуына әсер ететін әлеуметтік факторлардың» тағы қандай түрлерін қосуға болатыны жайлы дискуссия құру.
V. Үй тапсырмасын беру: Тұлғаның қалыптасуындағы әлеуметтік факторлар
VI. Бағалау.
Пән: Адам. Қоғам. Құқық
|
Сынып: 11
|
Сабақ: 13
|
Күні:
|
Тақырыбы: Қазіргі әлемдегі этникалық көптүрлілік
Сабақтың мақсаты: Қазақстан үшін этникалық көптүрліліктің маңыздылығын көрсету.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Этнос ұғымы, этникалық топтар мен этникалық көптүрлілік туралы жаңа мағлүмат беру.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік: Қазіргі заманға сай заманауи, толерантты азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сыныптық
Сабақты ұйымдастыру әдісі: жаңа мәлімет
Көрнекілігі: конспект
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Амандасу
2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу
3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін орта
Тәрбиелеу-тұлға қалыптасуының негізгі жолы
Тұлға қалыптастырудың құралы-мектеп
Индивид қалыптастырудағы ұжымның ролі
ІІІ. Жаңа білімді меңгеру
Этнос ұғымы, этноним
Этнопсихология
Этникалық ассимиляция
Этноцентризм
ҚР-да этникалық көптүрлілік
«этникалық көптүрлілік – адамзат
тіршілігінің тиімді формасы»
Л.Н.Гумилев
Этнос, этникалық қауымдастық - [грек, ethnos - тайпа, халық] - бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық. "Этнос" ұғымы әлі күнге бірыңғай түсіндірілмейді. Кең мағынада, "этнос" ұғымын көпшілік зерттеушілер барлық дәрежедегі этникалық жүйелер жиынтығы ретінде түсіндіру қалыптасқан (тайпа, халық, ұлт және т.б.). Алайда, кейбіреулер (Л. Н. Гумилевтан кейін) оны негізгі жүйе ретінде қарастырады (субэтностар, суперэтностармен қатар және т.б.).
Тар мағынада алғашқылардың бірі болып "этнос" ұғымына анықтама берген М. Вебер: "Этнос - мүшелері сыртқы бейнелерінің, әдет-ғұрыптарының үқсастықтарына қарай немесе ортақ отаршылық не көші-қонды басынан өткерген тағдырлас тарихына қарай өздерінің шығу тектерінің бір екендігіне сенетін топ".
Этноним - қандай да бір этникалық топ атауы. Этникалық топ - кең мағынада, нақтылы этникаға негізделген адамдар тобы, яғни, әрбір жеке адам туғаннан иемденетін әлеуметтік және мәдени бірегейлік. "Этникалық топ" ұғымы 1950-1960-шы жж. пайда болды. Ол "тайпа" ұғымының орнын басты.
Қазіргі кезде "этникалық топ" ұғымы қоғамдық ғылымдарда екі негізгі мәнге ие.
Біріншісі, этникалық топқа барлық осы этносты құрайтын адамдар тобын жатқызу.
Екіншісі, этиникалық топ пен ұлтты қарсы қою. Соңғысында ұлт пен этникалық топ арасындағы айырмашылық бірнеше факторлармен байланыстырылады.
Этнопсихология - [грек, ethnos - ру, тайпа, халық] - әлеуметтік және саяси психологияның құрамдас бөлігі; адамдар психикасының этникалық ерекшеліктерін, ұлттық мінез- құлқын, ұлттық сана-сезім қызметі мен заңдылықтарын, этникалық стереотиптерді зерттейтін пәнаралық бағыт. Ұлттық психологиядағы бастысы "ұлттық рух" деп қараған М.Лаңарус пен Х.Штейнталь (1860) "халықтар психологиясы" мектебінен бастау алады. XX ғ. басында бұл идеяларды В.Вундт "халықтар психологиясында" жалғастырды. Қазіргі этнопсихология тақырыбы тұрғысынан да, әдістері жағынан да біртүтас емес.
Этникалық сіңісу (этникалық ассимиляция) - бір этнос өкілдерінің сол ортада тұратын басқа этникалық топтардың тілін, мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сіңіріп, нәтижесінде өздерінің төл мәдениетінен, тілінен, әдет-ғұрып, салт-дәстүрінен айырылып, этникалық тиесілік санасының өзгеруі. Этникалық сіңісудің күшейіп, қарқын алуында элем, аймақ, мемлекет халықтарын интернациоландыру шешуші рөл атқарады. Бұл процесс көбіне бытыраңқы орналасқан этностарда аса қарқынды жүреді. Нәтижесінде этнос басқа этностың құрамын толықтырып, соларға "сіңіп" кетеді. Этникалық сіңісудің күшеюінің тағы бір арнасы - ұлттықаралас некенің көбеюі.
Этноцентризм - [грек, ethnos - тайпа, халық, centrum - шоғырлану, орталық] - адамның өмірдегі барлық құбылыстарды өз этникалық тобының құндылықтарымен өлшеп, бағалауға бейімдігі; өз өмір салтын артық көріп, басқаларға таңу. Ұғымды 1883 ж. Л.Гумплович енгізіп, 1906 ж. У.Г. Самнер дамытты. Оның пікірінше, этникалық топтың ішіндегі қатынастар мен топаралық қатынастардың арасында айырмашылық алшақ. Егер топтың ішінде жолдастық және ынтымақтастық басым болса, топтар арасында күдікті, шүбәлі, күмәнді және жауласу басым. Этноцентризм бір жағынан этникалық топтың бірлігін қалыптастырып, көрсетеді. Қарабайыр деңгейде басқа этникалық топтарға салқын қарайды.Этноцентризм идеология ретінде - ұлттық-этникалық санасезімнің теориялық деңгейі дамуының өнімі.
Әлемдік тарихтың қиын кезеңдерінде бостандыққа қол жеткізген жас тәуелсіз республика ғасырлар бойы қалыптасқан адамгершілік-этикалық қағидалар мен өмірлік ұстанымдарға негізделген рухани байлыққа бай Қазақстанның поликонфессионалды халқына айналады.
«Біздің әр алуан ұлттар мен ұлыстар арасында өмір сүретіндігіміз – тағдырдың тартуы. Басты мақсатымыз – гүлденген көпұлтты мемлекет құрғымыз келсе, біз гуманизм, этникааралық толеранттылық қағидаларын ұстануымыз қажет»,- деп атап өтті Президент Нұрсұлтан Назарбаев.
Ежелгі қазақ жері қазіргі таңда 140 этнос пен 17 конфессия өкілдерінің жылы ұясына айналып отыр. Ел халқының басым бөлігінің біртекті бағдарын жасауды, этникааралық келісім мен өзара сыйластық толеранттылығын қалыптастыруды қамтамасыз ететін, түрлі мәдениеттер мен өркениеттердің бейбіт тіршілік кешуінің бай, тарихи тәжірибесі жинақталған.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
«Ұлт», яғни этнос ұғымын түсіндір
Қазақ жерінде қанша ұлт өкілдері мекен етуде?
Елбасымыз ұлттардың татулығы мақсатында қандай ассамблея өткізеді?
V. Үй тапсырмасын беру: Қазіргі әлемдегі этникалық көптүрлілік
VI. Бағалау.
Пән: Адам. Қоғам. Құқық
|
Сынып: 11
|
Сабақ: 14
|
Күні:
|
Тақырыбы: Қазіргі діни жағдай
Сабақтың мақсаты: Қазіргі әлемде еліміздің діни ахуалына сипаттама беру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Қоғамда діни көзқарастың қалыптасуына әсер ететін діни ағымдар, діннің өзі жайлы ақпарат беру.
Дамытушылық: Дін туралы білімдерін, ойлау қабілеттерін, белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік: Қазіргі заманға сай заманауи, толерантты азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сыныптық
Сабақты ұйымдастыру әдісі: әңгіме, баяндау
Көрнекілігі: оқулық
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Амандасу
2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу
3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Этнос ұғымы, этноним
Этнопсихология
Этникалық ассимиляция
Этноцентризм
ҚР-да этникалық көптүрлілік
ІІІ. Жаңа білімді меңгеру
Қазақстандағы қазіргі діни ахуалы
ҚР-дағы діни қауымдастықтардың сан-алуандығы
Қазіргі кездегі діни экстремизм мәселесі
Тәуелсіздік жылдары азаматтық қоғамның және нарықтық экономиканың құрылуымен ғана емес, сондай-ақ діни серпілістің жүруімен де сипатталады: дәстүрлі діни бірлестіктер ұстанымдарының күшеюімен бірге қазіргі Қазақстан үшін беймәлім, жаңа “дәстүрлі емес” діни ұйымдар пайда болды. Атап айтар болсақ, пресветериандық және методизм, протестанттық конфессиялар, сондай-ақ “Агапе” “Жаңа аспан” сияқты протестанттық шіркеулер, “Бахаи” “Сайтан шіркеуі”, “Саентология шіркеуі” сияқты діни бірлестіктер көріне бастады.
Қазақстандағы қазіргі діни ахуал күрделі әрі сан-салалы. Кейбір деректер бойынша, 1989 жылғы 1 қаңтарда 30 конфессияға тиесілі 700-ге жуық діни бірлестіктер болса, 2003 жылдың 1 қаңтарында 3206 діни бірлестіктер жұмыс істеген. Олардың арасында 1652 исламдық, соның ішінде 1642 суниттік, 2 шииттік, 2 сопылық, 4 ахмадия ағымдары бар.
Жалпы, діннің оның барлық көріністеріндегі әлеуеті әлемдік деңгейде артып отырғандығы ақиқат, сол себепті дін саласына жіті көңіл бөлу - тек біздің елімізде ғана емес, барлық мемлекеттерде жүзеге асып жатқан үдеріс.
Жалпы Қазақстан аумағында діни танымдық түсніктердің маңыздылығы өскен олардың серпіні мен ерекшеліктері мынадан көрнеді:
әлеуметтік-саяси өмірдің көптеген саласында діннің әсері күшеюде;
халықтың көлемді тобының күнделікті өміріне діни бірлестіктердің әсері өсуде;
діни білім саласы дамып, оның қаржы және материалдық базасы нығаюда;
шет елдерден келген діни бірлестіктердің Қазақстандағы миссионерлік және насихаттау әрекеттері жандануда
1989 ж. 1 қантарында Қазақстанда 671 діни бірлестік, 20 конфессия мен деноминациялар болды. 20 жыл ішінде діни бірлестіктердің саны 6 есеге өсіп, 2011ж. 1 қаңтарында 4479 жетіп, ал конфессиялар мен деноминациялар саны 40-тан асып кетті. Қазіргі уақытта 3200-ге жуық мешіт, шіркеу, ғибадатханалар жұмыс істейді. Діни бірлестіктердің жалпы санында келесілер бар: ислам – 2756, Орыс православие шіркеуі – 303, рим-католиктік шіркеу – 84, протестанттық және жаңа діни ағымдар – 1301. Діни бірлестіктерге 3377 діни ғимараттар тиесілі, олардың ішінде 2416 – мұсылман мешіттері, 269 – православие шіркеулері, 88 – католиктік костелдер, 5 – синагога, сондай-ақ басқа да протестанттық және т.б. шіркеулер. Елде 8 жоғары (оның ішінде 2 исламдық, 1 католиктік, 1 лютерандық, 4 протестанттық), 6 арнаулы орта және 3 жалпы білім беретін рухани оқу орындары бар. Сондай-ақ ірі мешіттер жанынан ашылған курстар мен шіркеу жанынан ашылған жексенбілік мектептер бар. Осы таңда республикада 20 елден келген 400-ге жуық шет елдік миссионерлер жұмыс жасауда. Алайда, миссионерлердің ісі мен әрекеттеріне, олардың бағдарламаларына Ұлттық қауіпсіздік мәселесіне сай құқықтық, ғылыми және өркениеттік мәндегі сараптамалар жасау қажет екендігін айту керек. Жалпы Қазақстан аумағында діни танымдық түсніктердің маңыздылығы өскен олардың серпіні мен ерекшеліктері мынадан көрнеді.
Елімізде 17 діни конфессия бар
3088 діни бірлестік қайта тіркелді
2228 мешіттер
269 православ шіркеуі
иудаизм бірлестігі
Қазіргі жағдайда экстремистік бағыттағы ұйымдар мен топтардың террорлық актілерінің азғындық және адамға қарсы жақтары артып, оның сипаты күрделеніп, жалпы террорлық әрекеттердің кең етек жаюы байқалады. Бүгінгі күні діни лаңкестік өзінің ұйымдастырылуы және таралу ауқымына қарай басқа терроризм түрлерінен кем түспейді. Діни терроризмді таратушылар нақтылы бір діни және ұлттық құндылықтарды өз мақсаттарында кері ықпалды пайдаланатын діни-саяси экстремистік ұйымдар. Діни экстремизм - мемлекеттің территориялық тұтастығы мен тәуелсіздігін бұзуға, билікті күшпен алуға немесе мемлекеттік құрылымды күшпен өзгертуге бағытталатын әрекет.
Діни экстремистер Ислам діні мәнісін өз діни-саяси мақсаттарына жету үшін қарама-қайшы пікірде тұжырымдайды. Бұл әсіресе «жиһад» мәселесіне қатысты. Олар күш көрсетудің себебі «дінсіздер кінәсі» деп түсіндіреді. Сондықтан осы тұрғыдан алғанда, бұл қағида дінге сенушілердің әрекеттерін заңды деп табуға және мұның күштеу әрекеттерін жасауға түрткі болуына, басқаша айтқанда, «ислам экстремизмінің» әрекеттерін ақтап алуға мүмкіндік береді.
Елбасы 2012 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан халқына жолдауында діни экстремизмнің еліміздің ұлттық қауіпсіздігін сақтауда қаншалықты маңызды екендігін: «Діни экстремизм қаупі ерекше алаңдаушылық тудырып отыр. Дінбасылар да ортақ алаңдаушылық білдіруде.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
«Діни экстремизммен қалай кұресуге болды?» тақырыбында сурет салу
V. Үй тапсырмасын беру: Қазіргі діни жағдай
VI. Бағалау.
11-сынып. Адам. Қоғам. Құқық
Сабақтың тақырыбы: 15. Қайталау.
Сабақтың мақсаты: ІІ Бөлімде өткен материалдарды қорытындылау
Сабақтың міндеттері:
Әлеуметтану ғылымы, білім, әлеуметтік стратификация, тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлар, этникалық көптүрлілік, өазіргі діни жағдай тақырыптарын қайталау.
Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, белсенділігін дамыту
Қоғамдық көзқарасы дұрыс қалыптасқан, көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды білімді азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау
Әдісі: әңгіме, семинар
Көрнекілік: оқулық
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар»
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Қазақстандағы қазіргі діни ахуалы
ҚР-дағы діни қауымдастықтардың сан-алуандығы
Қазіргі кездегі діни экстремизм мәселесі
Жаңа сабақтың жоспары:
Әлеуметтану ғылым ретінде
Қоғам-өзара байланыс жүйесі
Әлеуметтік стратификация және ұтқырлық
Тұлғаның қалыптасуындағы әлеуметтік факторлар
Қазіргі әлемдегі этникалық көптүрлілік
Қазіргі діни жағдай
Сабақты бекіту:
Социологияның қандай ғылым екендігін, оның нені зерттейтінін анықтау.
«Социум» ұғымы нені білдіреді?
Стратификациялық жүйеге анықтама бер
Қазақ жерінде қанша ұлт өкілдері мекен етуде?
Елімізде неше ұлт өкілдері және конфессия бар?
Білгенім
|
Үйренгенім
|
Үйренгім келеді
|
|
|
|
Бағалау: өзін-өзі
Үйге тапсырма: қайталау.
Пән: Адам. Қоғам. Құқық
|
Сынып: 11
|
Сабақ: 16
|
Күні:
|
Тақырыбы: Саясаттану ғылымы
Сабақтың мақсаты: Саясаттану ұғымы, қызметі, әдістері жайлы түсінік беру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Саясаттану ғылымы туралы мәлімет беру.
Дамытушылық: Оқушылардың саяси өмірдің даму заңдылықтарына назар аудару негізінде олардың дұрыс дүниетанымын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Негізгі мәселелерге талдау жасай отырып, шығармашылыққа, танымдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сыныптық
Сабақты ұйымдастыру әдісі: лекция
Көрнекілігі: оқулық, тірек сызбалар
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Амандасу
2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу
3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: қайталау
ІІІ. Жаңа білімді меңгеру
Саясаттану – саясат туралы пән.
Саясаттану әдістері
Саясаттанудың қызметі
Саясаттану - [грек, politike - мемлекетті басқару өнері, logos - сөз, түсінік, ілім] - саясат, саяси үрдіс, саяси билік туралы ғылым. XX г. 50 жж. саясаттану дербес ғылым саласы және оқу пәні ретінде қалыптасты. 1948 ж. ЮНЕСКО бастауымен Саяси ғылымның халықаралық бірлестігі құрылды. Саяси ғылымның зерттеу объектілері:
саяси теория;
саяси институтгар;
саяси партиялар, топтар, қоғамдық пікір;
халықаралық қатынастар.
Саясаттану ғылым ретінде қоғамның саяси саласын, саяси ойдың пайда болуы мен дамуын, саяси жүйе, саяси қатынастар мен үрдістер, саяси сана мен саяси мәдениет, халықаралық саяси үрдісті зерттейді.
Саясаттанудың қызметі - қай ғылым болмасын белгілі бір қызметтерді (функцияларды) атқарады.
Оған ең алдымен танымдық қызметі жатады. Саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып-білуғе, олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді.
Келесі қызметі - бағалау. Ол саяси құрылысқа, институттарға, іс-әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді. Демократиялық мемлекеттерде саясаттану саяси әлеуметтену міндетін атқарады. Ол азаматтықты, халықтың демократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастырады.
Саясаттану реттеушілік, басқару қызметін атқарады. Оның ерекшелігі - қоғамның саяси өмірімен тығыз байланысында. Соған орай ол адамдардың саяси өмірінде өзін-өзі ұстауына, іс-әрекетіне тікелей әсер етеді.
Саясаттану саяси өмірді жетілдіру міндетін де атқарады. Бұл ғылым саяси институттар мен қатынастарда, басқаруда реформалар жасап, оларды қайта қарауда теориялық негіз болады. Оның көмегімен заң шығарушы және атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар мен саяси-басқарушылық шешімдер алдын ала сарапқа салынып, зерттеледі, қоғамда немесе оның жеке аймақтарында қалыптасып жатқан нақтылы жағдайлар саяси тұрғыдан талданады.
Ең соңында саясаттанудың болжау қызметін атаған жөн. Саяси зерттеулердің құндылығы саяси процестердің үрдісін айнытпай бейнелеумен ғана тынбайды. Ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми негізделген болжаумен аяқталуы тиіс. Саяси ғылымның түпкілікті мақсаты да сонда.
Достарыңызбен бөлісу: |